Файл: НрСлтан аласы, 40 мектеплицейі.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы:
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар.
Зертханалық тәжірибе № 4
«Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға: температура, концентрация, қысымға тәуелділігін тану»
10 сынып


Нұр-Сұлтан қаласы, №40 мектеп-лицейі





10.3.2.1 химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттеу;
10.3.2.2 химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіру;


Оқу мақсаты


Бағалау критерийлері


химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттейді;
химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіреді;





Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар


Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар


әрекеттесуші заттар табиғаты


реагенттер концентрациясы


температура


Оттектің сутекпен әрекеттесуі тез өтеді,ал азот пен сутектің әрекеттесуі баяу өтеді. Себебі: оттек молекуласына 494кДж/моль қажет, ал азот молекуласындағы байланысты бұзу үшін 942 кДж\моль энергия қажет. Азот молекуласы реакцияға қиын түседі, мұндай реакцияның жылдамдығы төмендеу болады.
Химиялық реакция барысында реагенттер бөлшектерінің арасындағы байланыс үзіліп, реакция өнімінің бөлшектері арасында жаңа байланыс түзіледі.


Әрекеттесуші заттар табиғаты


қысым

Реагенттер концентрациясының әсері


Соқтығысу теориясы бойынша реакция жылдамдығы уақыт бірлігінде өтетін соқтығысу санына пропорционал.
Реагенттер концентрациясы реакция жылдамдығына әсер етеді, себебі молекулалардың соқтығысу жиілігі кеңістіктің белгілі бір көлеміндегі реагенттердің жалпы молекула санына тәуелді.
Соқтығысулар теориясы бойынша реагенттер концентрациясының артуы реакция жылдамдығының артуына алып келеді.


https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12414/8.mp4





Реагенттер концентрациясының әсері


Химиялық реакция жылдамдығына реагенттер концентрациясының әсері, химиялық кинетиканың негізгі заңы – әрекеттесуші массалар заңымен өрнектеледі. Бұл заңды тәжірибелік деректер негізінде норвегиялық ғалымдар К. Гульдберг пен П. Вааге 1867 жылы тұжырымдады.

Химялық реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне пропорционал.
Жалпы А + В = С + Б тендеуі бойынша жүретін реакциялар үшін бұл заң мынадай теңдеумен өрнектеледі:
U = k СА СВ
СА және СВ - А және В заттарының концентрациясы, моль/л,
k - жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффициент.





Реакция жылдамдығына температураның әсері


Температураны көтерген кезде, молекулалардың тиімді соқтығысуы да көбейеді, себебі:
жылдам қозғалатын молекулалар бір-бірімен жиі соқтығысады;
жоғары температурада кинетикалық энергиясы белсенділік энергиясынан асатын молекулалардың үлесі басым болады.


Температураны 10°С-қа көтеру көп жағдайда химиялық реакция жылдамдығын екі есе арттырады.


https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/lesson/10463/media/20c812367946b421cc9ddca86c978a3b/resources/5778116585717760.mp4





Температура әсері


Көптеген реакциялар жылдамдығы температура көтерілгенде артады. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі Вант – Гофф ережесімен анықталады.
Ережеге сәйкес температураны әр 10 0С-қа көтергенде реакция жылдамдығы 2-4 есе артады.
мұндағы ϑ1 – t10C температурадағы реакция жылдамдығы ;
ϑ2 – t20C температурадағы реакция жылдамдығы;
γ – реакцияның температуралық коэффициенті.
Реакцияның жүруіне қажетті бастапқы заттардың бөлшектерін белсендіру үшін жұмсалатын ең аз мөлшердегі энергия белсендіру энергиясы Еб (кДж/моль )деп аталады. Белсендіру энергиясы жоғары болса, реакция баяу жүреді, ал белсендіру энергиясы төмен болса, берілген температурада процесс жылдам жүреді.





Температура тұрақты болғанда белгілі мөлшердегі газдың өзіне түскен қысымға кері пропорционал болады, яғни егер газдың қысымы бұрынғыдан екі есе артса, газдың көлемі кішірейіп, бұрынғы көлемнің жартысындай болады. Бірлік көлемдегі молекула саны бұрынғыдан екі есе көбейеді. Сондықтан қысым артса, бірлік көлемдегі реакцияға қатынасқан заттың концентрациясы артқандықтан химиялық реакция жылдамдығы артады. Керісінше қысым кемісе, газдың көлемі ұлғайып, концентрациясы төмендейтіндіктен химиялық реакция жылдамдығы да кемиді.
Егер реакцияға қатынасқан зат қатты зат, сұйықтық немесе ерітінді болса, оларға қысымның әсері аз болады. Реакция жылдамдығы өзгермейді деп қарауға болады.


https://cdn3-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12414/10.mp4


Қысымның әсері





Бекіту тапсырмасы


https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12414/25.mp4


1-тапсырма
Магнийдің әртүрлі концентрациядағы тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясын көрсететін бейнежазба негізінде, мәтінді толықтыр.
Тұз қышқылының концентрациясы сутектің бөліну жылдамдығына .............
Қышқылдың жоғары концентрациясы реакция жылдамдығының ................
алып келеді.
Дескриптор:
реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін түсіндіреді.





Дұрыс жауап


1- тапсырма
Магнийдің әртүрлі концентрациядағы тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясын көрсететін бейнежазба негізінде, мәтінді толықтыр.
Тұз қышқылының концентрациясы сутектің бөліну жылдамдығына әсер етеді.
Қышқылдың жоғары концентрациясы реакция жылдамдығының артуына алып келеді.


1M HCI 0,01M HCI


Дескриптор:
реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін түсіндіреді





Бекіту тапсырмасы


2-тапсырма
1. Химиялық реакция жылдамдығына … әсер етпейді.
A) қысымның жоғарылауы. B) температураның көтерілуі.
C) әрекеттесуші заттардың концентрациясы. D) ыдыстың пішіні.
2. 2А + Б = В реакциясы үшін егер реакция бір бағытта жүретін болса, жылдамдықты қалай өрнектеуге болады:
А)v = k [Б] В)v = k [А]2[Б]
С)v = k [А][Б] Д)v = k [А]2
3. 2NO + O 2 2NO2 реакциясында азот (ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе азайтқанда жылдамдық
A) 8 есе кемиді B) 16 есе кемиді
C) 16 есе артады D) 8 есе артады





2-тапсырма
1. Химиялық реакция жылдамдығына … әсер етпейді.
A) қысымның жоғарылауы. B) температураның көтерілуі.
C) әрекеттесуші заттардың концентрациясы. D) ыдыстың пішіні.
2. 2А + Б = В реакциясы үшін егер реакция бір бағытта жүретін болса, жылдамдықты қалай өрнектеуге болады:

А)v = k [Б] В)v = k [А]2[Б]
С)v = k [А][Б] Д)v = k [А]2
3. 2NO + O2 2NO2 реакциясында азот (ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе азайтқанда жылдамдық
A) 8 есе кемиді B) 16 есе кемиді
C) 16 есе артады D) 8 есе артады


Дұрыс жауап





«Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға: температура, концентрация, қысымға тәуелділігін зерттеу»
Реактивтер: магний металының түйірлері, тұз қышқылының 1 мл 10%-дық және 1 мл 5%- дық ерітінділері.
Жұмыс барысы: Екі сынауыққа бірдей мөлшерде мырыш түйірлерін салып, біріншісіне 1 мл 10%-дық, екіншісіне 1 мл 5%- дық тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар.
Қай сынауықта сутектің бөлінуі шабытты жүреді? Неге?
Тиісті реакция теңдеуін жазыңдар?
Қорытынды жасаңдар?


№4 зертханалық тәжірибе





Қорытынды


Бүгінгі сабақта:
химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттедім;
химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндім;





Оқу тапсырмасы


Неліктен тамақ өнімдерін төмен температурадағы тоңазытқыш пен мұздатқышта сақтайды?





Қосымша ресурстар


М.Қ. Оспанова Қ.С. Аухадиева Т.Г. Белоусова
Химия оқулығы 10 сынып 1-бөлім
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12414/25.mp4
https://cdn3-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12414/10.mp4