Файл: ызылорда облысы, Шиелі ауданы, 45 А Орда мектепгимназиясы Тарих пні малімі Махаш г сабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы,
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы
Тарих пәні мұғалімі: Махаш Г
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америкадағы Британ отарлары
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға Еуропалықтардың Солтүстік Американы отарлай бастауының себептерін аша отырып, солтүстік пен оңтүстік отарлар шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктер туралы айту; АҚШ мемлекеті революциялық жолмен құрылған тұңғыш демократиялық республика екендігін әңгімелеу; -
Бостандық пен құқыққа қысым жасаушыларға айыптаушылық көзқарас қалыптастыру; -
Әр елдің даму тарихын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі –баяндау, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, картамен жұмыс.
Көрнекілік: Дүние жүзінің саяси картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу -
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
1.Дәптермен жұмысты тексеру -
2.Сөздерге анықтама беру -
3.Сипаттама беру -
4.Сұрақ-жауап -
5.Бос орынды толтыру.
ІІІ. Жаңа материалды баяндау:
Жоспары:
1.ХҮІІІ ғасырдағы Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлай бастауы.
2.Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
3.Америкада басқарудың олигархиялық түрінің орнығуы.
4. Америкада өз еңбектерінің арқасында меншікке қол жеткізген орта таптың қалыптасуы.
Мазмұны:
1.
Отарлар | Қай жерлер жатты? | Қандай қатынаста болды? |
1.Корольдік (тәждік) | Виргиния, Нью-Йорк | Жоғары меншік иелеріне корольға немесе лордқа салық төлеп тұрды. |
2.Жекеменшік | Солтүстік пен Оңтүстік Каролина, Пенсильвания, Мэриленд, Джорджия, Дэлавер, Нью-Джерси | Англияның ірі феодалдары отар жеріне толық қоныс-тануға және үндістермен бейбіт қатынаста болуға мүдделі болды. |
3.Ұжымдық | Нью-Гемпшир,Массачусетс, Род-Айленд, Коннектикут (жаңа Англиядағы меншік иелеріне берілмеген жерлер) | Америкаға қоныс аударған діни қауым мүшелері жатты. |
-
Англиядағы жерді пайдалану иеліктері:
-
1.ХҮІІ ғ. Массачусетстегі жер иеленушілер (Квитрента төлемеді.) -
2.Жекеменшік иелері(патриархаттық шаруашылық жүргізді.) -
3.Тұрғындардың 80%-ы фермерлер -
4.Ұсақ жалға алушылар( жалгерлер) -
«Скваттерлік»-отаршылардың жыртылмаған жерлерді өз еркімен иелену тәсілі
Америкадағы басқару жүйесі:
-
1.Олигархиялық -
2.Заң шығарушы -
3.Атқарушы
Маңызды оқиғалар:
1774 ж. қазан – тұңғыш Құрлықтық конгресс шақырылған еді.
1787 ж. - федералдық конституция қабылданды.
1788 ж. маусым- жаңа конституция күшіне енді.
1791 ж. қараша- конгресс қабылдаған «Адам құқығы туралы билль» жүзеге сырыла бастады.
Мезгілі | Өзгерістер |
1763 ж. | Батысқа қоныс аудуруға тиым салынды |
1764 ж | Басқару аппаратын қаржыландыру үшін кедендік салықтар енгізілді. |
1765 ж | Тұрақты әскерді ұстау үшін 10 мың солдат Америкада пәтерге орналас-тырылды. Шығындарды жабу үшін гербтік салық туралы акт қабылданды. |
ХҮІІІ ғ. 70-жылдары | Партизан соғысы өріс алды. Гербтік салық кедендік салықпен ауысты-рылды. |
1770 ж., 5 наурыз | Бостонда қалалықтардың британ солдаттарымен қақтығысы басталды. |
1773 ж. | Ағылшын тауарларына бойкот жарияланды. «Бостондағы шай ішу» оқиғасы |
1774 ж. | Филадельфияда тұңғыш Құрлықтық конгресс болып, отарлардың өзін-өзі басқару құқығы туралы айтылды. |
ІҮ. Бекіту:
Ү.Бағалау:
ҮІ.Үйге тапсырма: §3..Оқу.
ҮІІ. Қорытындылау.