Файл: 9 Зерде мамандандырылан мектебі Смаилова Айкен Исатаевна.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№ 9 «Зерде» мамандандырылған мектебі

Смаилова Айкен Исатаевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 24 жыл

Педагог -шебер

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология


Күні:




Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ғаламтордағы танымал сайттар

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу;

7.ӘТН 4.1. Етістіктің тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазады.

Етістіктің тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолданады.

Бағалау критерийі:

  • Графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

  • Етістіктің тұйық етістік түрлерін тілдесімде қолдану.

Тілдік мақсаттары:


Ғаламтар, ғаламтор тарихы, сайт, пайдасы мен зияны, сипаттау

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық құндылығы бір-бірін тыңдау, қолдау тапсырмаларды орындау барысында6 ал ашықтық құндылығы ақпараттармен алмасу кезінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Информатика, ағылшын тілі, орыс тілі

Акт қолдану дағдылары

Білім сайттары мен порталдар

kaztube.kz tarlan.kz. wikipedia

Алдыңғы білім

Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын ажырата алады. Етістіктің есімше, көсемше формаларын тілдесімде қолданады.




Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс




Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру

Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Бір - біріне жақсы тілек тілейді.

https://www.google.com/







Сабақтың

басы

мин

Сабақтың ортасы

Ойтүрткі

  1. Сайт деген не?

  2. Қандай сайттармен жұмыс жасайсың?


Өзіңді тексер

Сайт немесе Веб-сайт- (ағылшынша Website: Web - тор, желi және site - орын, желiдегi орын, сегмент) - бiр мекенжайға (домен атымен немесе IP - мекенжаймен) бiрiктірілген компьютер желiсiндегi жеке тұлғаның немесе ұйымдары электрондық құжаттар (файлдар) жиынтығы. Ғаламтор желісінің негізін құрайтын барлық сайттар болып табылады. Сервердегі сайтқа қолданушының бірден қол жеткізуі үшін арнайы HTTP хаттамасы жасалған. Сайт - доменхостинг және қозғалтқыштан (cms ) тұрады
Тілдік бағдар

Тұйық етістік іс-әрекетті білдіретіндіктен,зат есімше түрленеді:септеледі (сөйлеуге,айтуынан), тәуелденеді (келуім,келуің,келуі), бірақ жіктелмейді.Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанады (келулеріміз, баруларың, келулері).

Жазылым кезі

1-тапсырма

Берілген шартты белгілері «Яндекс», «Гугл», «Опера» ғаламтор браузерлерінің қайсына тиесілі екенін анықтайтын сипаттама жаз.





Дескриптор

-шартты белгінің қай браузерге тиесілі екенін анықтайды -1 б

- әр браузердің ерекшелігін сипаттап жазады -4 балл

- тұйық етістіктің ерекшелігін орынды қолдана алады – 2 б
Жазылымнан кейін
«Ғаламтордағы танымал сайттар» атты шағын ақпаратты оқы.

Әр компания ғана емес, әрбір жеке тұлға өзінің сайтын ашып, онымен жұмыс жасай алады. Дегенмен сайттың да сайты бар. Бір қызығы бағдарламаны, сайтты құрастырушылар сайттардың да ішінде ерекшелерін жасап шыққан. Ол қандай сайттар?

  1. "Ғаламтор бетінінің ең соңғы беті" деп аталатан бұл сайт шынымен де қызық:www.wwwdotcom.com

  2. Google-дің бұл ерекше сайты, сізді нағыз гравитацияға алып барады: google-gravity

  3. Космоста қанша адам бар екенін білгіңіз келсе мына сайтқа өтіңіз: www.howmanypeopleareinspacerightnow.com

«Ұлттық ғылыми контентпен салыстыратын болсақ, Қазақстанда интернет трафигінің 80 пайызы сыртқы ресурстарға тәуелді. Тек 20 пайызы ғана Kz доменімен жасалған. Бұл ақпарат отандық контентті дамытуға түрткі болуға тиіс.

Қазір интернеттегі ең танымал сайттар: nur.kz, koleso.kz, zakon.kz т.б. болып отыр.
Дескриптор

-өзі көп қолданатын білім сайттарды атайды -1б

- ақпарат алуға тиімді сайттарға ұсыныс жасайды- 2б




Ғаламтор материалдары

https://kk.wikipedia.org/wiki

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/bilesiz-be/46230/






Сабақтың аяғы

мин

Рефлексия

мин


Өзіңді тексер

Сәйкестендіру тесті

1.https://baq.kz/

А.

кино әлеміндегі жаңалықтармен бөлісетін қазақ тілді ресурс

2.https://massaget.kz/https://

В.

ұлттық портал


3.https://baribar.kz/

С.

тағамдардың дәмді мәзірі


4.http://kinostan.kz/

D.

сұрақ –жауап алу үшін ұсынылған сайт


5.http://asmaziri.kz/

E.

танымдық, жастар порталы қазақ тілді интернетсүйер қауымның дүниетаным шеңберін кеңейтуге септігін тигізу мақсатымен жұмыс істейді.

6. http://www.qazaquni.kz/

J.

соңғы жаңалықтар қамтылған сайт


Дұрыс жауап

  1. J.

  2. Е

  3. D

  4. A

  5. С

  6. В




  • Бүгін не үйрендің?

  • Танымал сайттар туралы ақпарат алдың ба?

  • Қандай білім сайттарын білесің?

  • Тұйық етістіктің ерекшелігін меңгердің бе?

  • Келесі сабақта нені ескеру керек?


https://massaget.kz/blogs/21379/




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)

1:Оқу мақсаттарына сәйкес критерий құра алды;

2:Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындай алды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)

1.Ішкі уәж

2:Белсенді оқу

Сабақ барысында сынып туралы немес жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? Топтық жұмыс барысында белсенді оқуға,сараланған тапсырмалар беруді ойластыру керектігін түсіндім.