Файл: Таырыбы Анабізді кніміз, бізАнаны гліміз! Жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз, біз-Ананың гүліміз!»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Армысыздар, аяулы ата- аналар, ақ жаулықты әжелер,ұлағатт ұстаздар, тәрбиеші апайлар қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз мерекесі де келіп жетті.Ана- өмірдің гүлі көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Бұл көктем сіздерге қуанышпен жақсылық әкелсін!

Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Армысың ару қыздар, абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Қуанышқа бөлейікші өздерің

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін, дей отырып «Ана-біздің күнімі біз-Ананың гүліміз!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

(Әуенмен балалар залға шығады)

Ән: «Топ топ балақан»

Инкар

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп ,

Ән маржаның ашайық.
Әділет

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Мкреке күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз

Расул

Анашым анам,

Ризамын саған.

Тілінді алам,

Ақылды болам.

Нұрхат

Ананың біз гүліміз

Ана біздің гүліміз

Ұлдарыңды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Асанали:

Сыйлайыншы гүлінді

Теріп алған даладан.

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан

Ән: Анашым

Слайд-шоу: «Ардақты Аналарымыз туралы»

1. Анам – менің күнім.

2. Анам– менің бақытым.

3. Ана – маған қымбатсың.

4. Ана-сенен жақын жан жоқ.

5. Анам – менің мейірімді.

6. Анам-менің қамқоршым.

7. Ана–бізбен бірге күліп, мұңаяды!

8. Ана–кез-келген жағдайда қасымда!

9. Анам–жүрегі жұмсақ аяулым.

10. Анамыз–әрқашан әдемі!

Барлығы бірге: Сенің анаң-Алтын, менің анам-Алтын, Сіздерді жақсы көреміз!

Жүргізуші: Ерте, ерте-ертеде, бір патшалықта-Хан мен оның қызы Күлмес Ханша Қыз өмір сүріпті. Хан Әкесі қызының көңіл-күйін қанша көтермекші болса да, ештеңе көмектеспепті. Таң атып, күн батқанша көз жасы тиылмай жылай береді екен. Зәулім хан сарайына Ханшайымның көңілін жадырату үшін, кімді шақырмаса да ешқандай сыңғырлаған күлкінің дауысы естілмеді. Дәрігер, сайқымазақтар, әнші-биші театрларынан еш көмек болмады. Осы «Бәйтерек» балабақшасының бүлдіршіндері мерекені көңілді тойлап, ән шырқап, мың бұралып би билеп, түрлі қызықты ойындар ойнайтынын естіген Хан бізге келіп, көмек сұрамақшы екен? Күлмес Ханшаның көңіл-күйін көтере аламыз ба? Өздері де келе жатқан сияқты, Хан мен қызы Ханшайымды қарсы алайық!


(Әуен ойналып Хан мен Ханшайым келеді).

Хан:Бейсенгүл

5 жыл болды, ел басқардым, Дұшпан-жауды жер қылдым,

Жолымдағы келсапты, Саспай-аспай жеңдім мен,

Енді Ханша қызымның бақытты бейнесі жетпейді.

Кімде-кімнің қолынан келсе егер бұл уәжім? Үлкен сыйлық күтуде! Біздің сарайда қызымның көңілі үшін баршаңызды отыз күн ойынға, қырық күн тойына шақырамыз! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Күлмес Ханша: Жансая

Көтеріңкі көңіл –күй,

Сыйлаңыздар әрине.

Той-думанда барлық үй,

Ат салыссын бәріне.

Өлең айтып, би – биле,

Ойын ойнап көңілді.

Әзіл айтып тамаша,

Өткізейік бүгінді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте, Hello! Армысыздар құрметті қонақтар. Мүмкін, біздің балалардың қолынан келіп қалар Ханшаймның көңілін табу!

Күлмес Ханша:Қолдарыңнан келсе күлдіріп көріңдерші, менің достарым!

Жүргізуші: Қараңызшы, Күлмес Ханша, біздің балаларымыз қандай сәнқой, заманауи, стильді де әдемі киінген.

Ән: Мамалар көмекшісі

Ойын: «Сәндік қойылым»

Ойын шарты: Әдемі киінген балалар сән жолымен жүріп, сән көрсетеді. Әр баланың қолында гүл шоқтары бар. Гүл шоқтарын үрлеп дем жаттығуын жасайды.

Ханша:   Рахмет, Сәнқойларым! Біздің тойдың гүлдері болып құлпыртып жібердіңдер ғой. Бірақ менің неге күлкім келмейді?

(Хан рахаттанып күліп алады да, қайта мұңайып).

Хан: Мм, болмады, қызыма ұнамады! Енді не істеуге болады?

Жүргізуші: Қап, енді не істесек болады? Бүгін Әже-аналарымыздың мейрамы ғой. Әжелерімізге арналған өлең жолдарын айтып берейік

Ән: Аналардын көмекшілері.(жеке ән)

Ерғали

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Мәпелеткен біздерді

Анамязға мың алғыс

Ерсұлтан

Армандарға жетерміз,

Құстай ұшып кетерміз.

Ыстық құшақ анашым,

Сізді бақытты етерміз.

Азиз

Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетпейді көзіне,

Мейірімді күннен де

Үн қатасын бал тілінмен,

Еркелеймін әр күнмен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

Камила

Шашымды өріп тараган

Қабағыма қараған

Құттықтаймын анашым

Сегізінші науызбен.

Жәнібек

Өмірдің иесі сен ғафу Ана

Келтіргне дүниегі нелер дана

Анасыз батырда жоқ ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана

Аян

Жылылықтан тараған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар мекен


Диасыл

Ана менің апақ

Үйретеді тақпақ

Алам оны жаттап

Айтып берсем өзіне

Қуанады мақтап.

Ән: «Сағындым, Әже!» Қ. Әбдіқадіров

( Хан рахаттанып күліп алады да қызына қарап мұңайып қалады, ал қызы күлмеген күйі отыра береді ).

Хан: Қызым, ал енді неге жылайсың? Тоқтат, қане, көз жасыңды! Бұйырамын саған. Саған балалардың өнері ұнамады ма?

Ханша:  Жо-жоқ балалардың өнері тамаша екен. Бірақ өте шулы, қатты айтты. Менің мазамды алды.

Жәнібек:

Праздник весенний мы продолжаем

Девочек наших мы поздравляем.

Мы бы отдельно спели для каждой.

Только поем мы очень неважно.

Ескендір

Если дразнили мы вас обидно.

Честное слово, нам очень стыдно.

И не от злости, а по привычке

Дергали часто вас за косички.

Жүргізуші: Келесі  қонағымыз сонау Еуропа елінен келген Джентельмендер, олар бізге көңілді билерін тарту етпекші. Қабыл алыңыздар.

Би: «Джентельмен»

Ханша:  Енді кім бар, балалар, менің көңілімді көтеретін, алде болды ма?

Менің алдыма бұндай бишілердің талайы келген. Таң қалдыра алмады.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, көктемнің жайнаған гүлдері қандай әдемі?! Міне, осы гүл сияқты ғой, біздің асыл Аналарымыз! Солай емес пе?!

Ойын: «Аналарымыздың мерекесі»

Ойын шарты:

Екі жұптан ұл мен қыз немесе Аналарымен. Алдын ала алжапқыш, бас орамал, гүл шоқтарын адам санымен дайындау керек. Қатысушылар мәре сызығына тұрады. Мәреде, әр жұпқа қарама-қарсы орындықтар қойылады. Оның үстіне гүл, алжапқыш және бас орамал қойылады. Дабыл уақытында ұл балалар орындыққа жүгіріп алжапқышты алып, қыз балаға қайта келіп кигізеді. Қайтадан ұлдар орындыққа жүгіріп, бас орамалды алып, қайта қыздарға тағып береді. Орындықтан гүлді алып жұбына тізерлеп отырып, гүл шоғын ұсынып,

«Мерекелеріңмен!» деп құттықтайды.

Асаналі

Май диа , диа Мамми

Ай лав ю соу мач

Ай уонт ю ту би хэппи

Он зе ейтз оф Мач
Азиз

Ху лавс Мамми бест

"Ай" сэйс Фред

" Ай гив хё флауерс

Уайт, йеллоу энд рэд

Ескендір

Маму нежно обниму,

крепко поцелую.

Потому что я люблю,

Мамочку родную.

Мама, как звездочка пусть освещает.

Мама, как любит тебя.

Милая мама, тебе посвящаю.

Нежные эти слова.

Ислам

Каждый день могу ее

Ждать до самой ночи


Потому что мамы наши

Занятые очень

Каждый день хочу дарит

Мамочке букеты

Айзере

Помогаю бабушке,

Я уже большая.

Улыбнулась бабушка,

Стала молодая.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Қыздарды құрметтеп.

Ортаға шақырайық

Ойын: «Әкелермен би»

Ойын шарты: Әкелер өз қыздарын биге шақырады.
Жүргізуші: Аналарға сыйлық беру рәсімі.

Барлық жақсылықты себетін де аналар.

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Жүргізуші:

Ана- дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана -дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана -деген бәйтерегі өмірдің,

Ана -деген қазық алтын бақ.

Ана-деген бәйтерегі өмірдің,

Ана-деген қуанышы көңілдің.

Ана-деген әрбір үйдің жылуы,

Ана-деген гүлі туған өмірдің.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Би жалпы «Танго»