Файл: Жамбыл облысы Жуалы ауданы Куренбел ауылы Бизнес жоспар Мйізді ірі ара малын бордаылау Жобаны инициаторы Мейірхан Абай Баймратлы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 41
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жобаны іске асыру кезінде әртүрлі болжамдар болады, яғни нақты кірістер болжам жасалған кірістерден өзгеше болып шығады, бір сөзбен айтқанда инвестициялық тәуекелдер туындайды.
Жалпы инвестициялық тәуекелдер жүйелі түрдегі (диверсификацияға түспегенге) және жүйелі түрдегі емес (диверсификацияға түскенге жататын) тәуеклдерге бөлінеді.
Жүйелі түрдегі тәуекелдер сыртқы оқиғалардың әсерлерінен пайда болады (соғыстар, инфляция, т.с.с.), оның әсері бір жобаның аясында тоқталмайды және оны диверсификациялау жолымен тоқтата алмайсың.
Мұндай тәуекелдер бойынша айтарымыз, қазіргі таңдағы экономикалық жағдайды есепке ала отырып оған қоса саяси жағдайды ескере отырып, яғни біздің елде осындай тәуекелдің іске асу болжамы өте төмен.
Іске асырылуға ұсынылып отырған жобаға байланысты (тәуекелдерді диверсификациялау арқылы болдырмау немесе қысқарту) жүелі түрдегі емес тәуекелдерге жататындары:
-
жобаны іске асыру кезіндегі есептелген мерзімдердің сақталмауы тәуекелі; -
технологиялық тәуекелдер; -
шикізаттардың қолжетімділігіне байланысты тәуекелдер; -
сұранымның төмендеуі немесе сұранымның жоқтығы тәуекелдері; -
төлем қабілеттілігінің төмендігі тәуекелі; -
экологиялық тәуекелдер.
Жобаны іске асыру кезіндегі есептелген мерзімдердің сақталмауы тәуекелі.
Бұл тәуекел ең төменгі мөлшеріне дейін келесідей факторларға байланысты болады:
-
жобаны жасар алдында жобаның әр бөлімі бойынша жеке-жеке жұмыс жасау; -
жабдықтаушылармен алдын-ала технологиялық жабдықтар мен қондырғыларды жабдықтау жөнінде, оларды өз уақытында пайдалану және жұмыс істетуі жөнінде келісім шарттарын жасасу; -
жобаға қатысушыларға тыңғылықты іріктеу жасау; -
кәсіпорын мамандарын кәсіпорынның жұмысын дұрыс дәрежеде жүргізу үшін әкімшілік мамандарын және жұмысшыларды кәсіби мамандармен қаруландыру.
Технологиялық тәуекелдер.
Кез келген салада негізгі қорларды қаржылық инвестициялау тұрақсыздықты туындатады, оның себептері технологиялық процестерге байланысты. Бұл тәуекелдерді үлкен мәселегел жатқызуға болмайды. Оның себептері:
-
өндірістегі технологиялық процестер қарапайымдылығы және сенімділігімен қарастырылады; -
өндірістік технология көп жағдайда өндіріске таныс және жұмыс істеп тұрған өндірістік нысанда бұрын жасалған.
Шикізаттардың қолжетімділігіне байланысты тәуекелдер.
Тәуеклдің бұл түрін онша қауіптілікке санауға болмайды, себебі нарықта өндіріске қажетті шикізаттар мен материалдарды үздіксіз жабдықтайтын бірнеше жабдықтаушылыр бар.
Сұранымның төмендеуі немесе сұранымның жоқтығы тәуекелдері.
Тәекелдің бұл түріде аса қауіпті емес, себебі шығарылуға жоспарланып отырылған өніміміз нарықтағы өнімдерге немесе нарықтағы сұранымдарға сәйкес. Оған қоса болашақтағы өнімдер жаңа қондырғылар мен жаңа құрал-саймандармен жасалатындықтан, бұл өнімдердің сапасы жоғары болады.
Төлем қабілеттілігінің төмендігі тәуекелі.
Дағдарыстың кезінде тұтынушылырдың төлем қабілеттінің төмендейтіні нарықта белгілі. Тәуекелдің ең төменгі деңгейін зерттеу кәсіпорынның маркетингтік бағдарлама қызметінде талданады. Осындай тәуекелдің алдын алу үшін тұтынушыға сатылатын тауардың құнын алдын ала төлету немесе оны төлеуге кепілдендірілетін келісім шарттар жасалуы қажет.
Экологиялық тәуекелдер.
Ұйымдастырылуға жоспарланып отырған өндіріс технологиясы қоршаған ортаға аса қуіпті немесе үлкен көлемде ластану мен қоқыстану жасамайды. Жоспарланып отырған, қолдануға арналған өндірістік технология табиғатты қорғау талаптарымен қатаң түрде сақталу ережелеріне сәйкестендіріліп жасалған. Осыған байланысты бұл тәуекелде өте төмен деңгейде.
IV. БӨЛІМ | Өндірістік бөлім |
| 4.1. | Мүйізді ірі қара малының тұқымдары және оларды бордақылау технологиясы. | |
Негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі. Біздің республикамызда сүтті бағытта қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, латвия буырыл сиыры, қара ала сиыр тұқымы, сүтті-етті бағытта алатау, симменталь тұқымдары; етті бағытта қалмақ сиыры, қазақтың ақбас сиыры, санта-гертруда, галлювей тұқымдары, өсіріледі. Енді соларға қысқаша болса да тоқталып өтейік. Қырдың қызыл сиыры ТМД-да сан жағынан екінші, ал Қазақ-станда бірінші орын алады. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Көк-шетау, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі ке-лісті, конституциясы мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. Сүтті. Сақа сиырлары 420—500 кг, жаңа туылған бұзаулары —30—36 кг тартады. Дұрыс азықтардырып өсірген жағдайда олардың салмағы 6 айлығында 160—180 кг, 18 айлағында 320—350 килограмға жетеді. Сүт өнімділігі —2000 килограмнан 4500 килограмға дейін, майлы 3,6—3,8%. Қазақстан жерінің қуаң да ыстық ауа райына төзімді келеді. Басқа тұқымдармен осы жағдайда салыстырғанда ауруға төзімді, тіршілікке бейім. Әулиеата тұқымы жергілікті қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен будандастыру жолымен алынтан. Тұқымдық аудандастыру жоспары бойынша Қазақстанның оңтүстігіңдегі негізгі тұқым. Басқа тұқымдарға қарағанда ыстыққа, бірқатар ауруларға (приплазмоз, тейлериоз және т. б.) төзімді келеді. Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, емшектері орташа, біркелкі дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары 440—470 кг, жаңа туылған бұзаулары 26—30 кг тартады. Алты айлықтарында 160—170 килограмға жетеді. Сүттілігі — 2500— 3000 кг, сүтінің майлылыгы —3,9—4,1%. Латвияның бурыл сиыры республикамыздың Ақмола, Торғай облыстарында өсіріледі. Дене бітімі орташа, сүтті мал. Сақа сиыр-ларыңың салмағы 450—520 кг, жаңа туылған бұзауларының сал-мағы 29—37 кг, алты айлықтарында —160—180 кг, 12 айлығында —250 кг тартады. Конституциясы мықты. Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішіндеҚазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Сақа сиырларының салмағы 450—600 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 35—40 кг. Сүттілігі — 3500—6000 кг. Бірақ сүтінің майлылығы небары 3,2—3,7%. Сүттілігімен қатар еттілігі де жақсы. .Бұл Қазақстанда сүтті бағыттағы тұқымдар арасында төртінші орынды алады.
Алатау сиыры жергілікті қазақ және қырғыз ірі қарасын швиц, кастрома тұқымымен будандастыру жолымен шығарылған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүт және ет өнімділігі қатар ұштастырылран мол өнімді түқымдарға жатады. Басы үлкен, кеудесі терең, жауырыны, арқасы, белі кең. Тұяқтары қатты, сүйегі мықты. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Түсі негізінен бурыл. Желіні орташа дамыған, Сақа сиырларының салмағы 500— 550 кг тартады. Сүттілігі —2800—3500 кг, сүтінің майлылығы — 3,8—4,0%. Таулы жайылымдарда жақсы жайылып,қоңданады. Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53—60%. Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының негізгі жоспарлы тұқымы. Симментал тұқымы саны жағынан Қазақстанда екінші орын алады. Негізінен Ертіс өңірінде (Павлодар, Шығыс Қазақстан, Семей облыстары), сонымен қатар Орал облысында, Қостанай және Қостанай облысының бірқатар аудандарында өсіріледі. Дене бітімі әдемі, сүйегі мықты, бұлшық, еттері жақсы дамыған. Желіндері дөңгелек немесе тостаған тәріздес келген ірі мал. Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 35—45 кг, 6 айлық бұзаулары —190—220 кг, 18 айлық баспақтары 440— 450 кг, ал өзгешелері 500—600 кг тартады. Сүттілігі 2500—3500 кг, сүтінің майлылығы—3,8—4,0%, еті дәмді болады. Қалмақ сиыры шөл және шөлейт жағдайда әбден бейімделген етті бағыттағы ірі қара өкілі. Конституциясы мықты, тұлғасы кең де терең, бұлшық, еттері жақсы жетілген, орта салмақты. Сақа сиырларының салмағы 520—550 кг, жаңа туылған бұзаулары 20— 25 кг, 8 айлық (етті тұқымдардың төлін енесінен айыратын мерзімі) бұзаулары 200—220 кг тартады. Сүттілігі 1100—1500 кг, сүтінің майлылығы 4,1—4,5%. Табиғи жайылымда жақсы жетіліп, сойыс шығымы 55—60 процентке жетеді. Қазақтың ақ бас сиыры ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымымен шағылыстыру жолыменсұрыптап алынған. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Денесі созылыңқы да кең. Терісі қалың май жинауға бейім. Жазда ыстыкқа, қыста аязға өте төзімді. Сақа сиырларының салмағы 500—550 кг, жаңа туылғанн бұзауларының салмағы —27—30 кг тартады. 8 ай енесін еміп өскенде . 220—240 килограмға жетеді. Сүттілігі—1250— 1500 кг, сүтінің майлылығы 3,8—4,0%. Табиғи жайылымда өте тез жетіліп, бұлшық ет талшықтарының арасына май жинайды. Еті өте дәмді. Сойыс шығымы 55—65 процентке жетеді. Санта-гертруда тұқымы Алматы, Қызылорда, Талдықорган, облысының шаруашылықтарында шоғырланған. Тез жетілгіш етті бағыттағы ірі қара. Еттілік белгілері жақсы дамыған, ірі. Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 29—30 кг, 8 ай-лығында 220—240 кг тартады.Сойыс шығымы 60—65 процентке жетеді. Галловей малы 60—70 жылдар аралығында Англиядан сатьш алыньш, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарына шоғырландырылған. Қара түсті келеді. ¥зын жүні (20 см) тығыз, мұқыл (мүйізсіз) мал. Конституциясы өте мьқты, ұзақ тіршілік етеді. ¥зын жүні қатты аяздардан жақсы қорғайтындықтан жыл бойы биік таулы жайылымдарда баққан пайдалы. Сақа сиырлары 450—500 кг, жаңа туылған бұзаулары 24—27 кг, 8 айында 180—220 кг тартады. Сойыс шығымы 58—60%. Еті өте дәмді де құнарлы.
Қалмақ сиыры жыл бойы тек табиғи жайылымда жайылуға бейімделген, ыстық пен суыққа өте төзімді. Көшпелі жағдайдың сұрыптауынан өтіп, шыдамдылығы шыңдалған. Қысқа қарай түбіт жүні көбейіп, жазға қарай керісінше түлейді. Сөйтіп түбіт жүнінің орнына қылшық жүні шығады. Терісі қалың болғандықтан шыбын-шіркей, масадан зәбір көрмейді. Өйткені шыбын-шіркейдің тұмсығы теріні тескенмен қан тамырларына жетпейді. Осыдан барып қан арқылы тарайтын ауруларға шалдықпайды.
Сақа сиырларының салмағы 350—550 кг, бұқаларыныкі — 800—850 кг. Бұзаулары баяу өседі. 18 айлық өгізшелер 400— 450 кг, тайынша-қашарлары 340 кг тартады. Сойыс шығымы 60—65 процент. Республикамыздың батыс және оңтүстік облыстарында өсіруге болады.
2. Тұқым түрлері. Қазақстанда кең тараған сүтті сиырдың түрі – далалық қызыл сиыр. Олар төзімділігі мен түрлі ауа-райына, табиғи климаттық жағдайларға шыдамдылығы арқасында кеңінен танымал. Дұрыс тамақтандырған жағдайда далалық қызыл сиырдың бұзауы тез өседі, орта есеппен тәулігіне 600-900 грамм қосып, 6 айда 160-180 кг салмақта болады. Далалық қызыл сиырды Қазақстанның оңтүстігінде далалық қуаң аймақтарда өсірген дұрыс.
Сиырдың ең көп тараған етті тұқымды түрі – қазақы ақбас сиырлар. Бұл тұқым түрі аптап ыстық пен аязға төзімділігімен, майды тез жинауымен ерекшеленеді. Бұл ірі қара көлемі жағынан үлкен емес, терең әрі кең төсті, дене бітімі жағынан жинақы, мықты сүйекті, жақсы дамыған бұлшық етті, кең денелі. Еттің дәмдік қасиеттері сапалы, ағылшын етті тұқым түрлерінен еш кем емес.
3. Күту. Сиырлар жайылымдық-сиыр тұратын орында, жайылымдық немесесиыр тұратын орында күтіледі.
Сиырды жаздық жайылымда бағу пайдалы сүт алуға мүмкіндік береді, мал денсаулығына жағымды әсер етеді, денеде өмірлік маңызды заттардың қорын қалыптастыруға жағдай жасайды. Жайылымдық бағуға малды біртіндеп, яғни бірнеше күн ішінде үйрету керек. Жайылымның ыңғайлы уақыты – таң сәріде және кешке. Күндіз ыстық күндері жануарды шатыры бар жел соғып тұратын биіктеу жерде орналасқан ашық қорада ұстау керек.
Сиырды қысқы қарауға көшіру үшін мал орнын жақсылап дайындау қажет. Тесіктерді бітеп, терезе мен есіктерді мықтап жабылатындай түзулеу керек. Есікті қосымша жылы қаптамамен немесе сабан матрацпен қаптайды. Әсіресе, төбені жақсылап бітеп алу керек. Сиыр тұратын орында оттықтар, қалқалар, тіреулер жөнделіп, дизенфекциялануы тиіс. Терезелер қораны желдету үшін ашылатындай болғаны дұрыс. Оларды мал басының деңгейінен биік шеткі жақа немесе артына орналастыру керек.
Мал тұратын орындардағы кір түрлі дене және басқа да ауруларды тудыруға, сүттің ластануына әкеп соқтырады. Сондықтан да, мал орнын күнде жинау, малды жуу, мал астына төсейтін құрылғыларды тазалықта ұстау – ірі қараның мықты денсаулығы мен жоғары сапалы сүт беруінің басты кепілі.
Жем. Жазда жайылымдағы шөп басты азық болады.Сиыр тәулігіне 60-70 кг. жақсы сапалы шөп жейді. Малды өсімдіктер гүлдегенге дейін жақсы өсіп тұрған шөпте жаю арқылы мол сауын алуға болады. Сыртқа жайылмайтын кезеңде негізгі азықты (тәулігіне 5-6 кг.) қатты жем құраса, сиыр құнарлы заттарға деген сұранысын толығымен қанағаттандыра алады. Қысқы уақытта шөп сиырлар үшін ең басты азық болып табылады. Сиырдың жағдайы және өнімділігі шөппен қаншалықты қамтамасыз етілуі мен берілген шөптің сапасына байланысты. Сиырларды азықтандыруда қызылша, қант қызылшасы, тарна, турнепс, сәбіз, картоп, алмұрт, асқабақ, жемдік қарбыз пайдаланылады. Бұларды сиырлар жақсы жейді, олардың тәбеті ашылып, тамақтың қорытылуы мен сіңуі жақсы қамтамасыз етіледі. Бұл өсімдіктер қосымша азық ретінде әсіресе, бұзаулаған сиырды алғашқы айларында сауу кезінде қолданылады.
V. БӨЛІМ | Қаржылық бөлім |