Файл: Білім беру йымыны атауы З. О. Баймырзаев атындаы жббм кммсі Пні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымының атауы | З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ КММ-сі | |||||
Пәні: | География | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Тулепова Балбиби Шукурбаевна | |||||
Күні: | 1.07.2022ж | |||||
Сынып: | 10 сынып | | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи орналастыру факторлары | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 10.4.1.6.Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи орналастыру факторларын талдау | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастырудағы ғылымға негізделген факторларға талдау жасайды. Оқушылардың көпшілігі: Дүниежүзілік шаруашылық салаларының орналастыруындағы экологиялық факторларды түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: Экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтай алады *ЕББҚ бар оқушыны қоса( есту қабілеті бұзылған) | |||||
Бағалау критерийлері | Дүниежүзілік шаруашылық салаларын орналастыруда заманауи факторларды анықтайды. * Ескерту ЕББҚ бар оқушыны қоса( есту қабілеті бұзылған): Дүниежүзілік шаруашылық салаларының заманауи орналастыру факторларын сызбаға жазып,анықтамасын бере алады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
| Сыныпты түгендеу,оқушыларды топқа бөлу «Көпір » тапсырмасы 1.Дүниежүзілік шаруашылық салаларын орналастыруға қандай факторлар әсер етеді? 2.Дәстүрлі факторлар түрлерін атаңдар? 3.Аумақтық фактордың 3түрін атаңыз Сабақтың тақырыбы айтылады, мақсаттары болжанады, бағалау критерийлері талқыланады. Ой шақыру Шаруашылықты орналастырудың біздің өміріңіздегі маңызы қандай? №1-тапсырма ДЖИГСО стратегиясы Топтық жұмыс. І-топ Ғылымға негізделу факторы туралы мәліметтерді талдайды ІІ-топ Экологиялық фактор туралы мәліметтерді талдайды ІІІ-топ қосымша мәтіннен шаруашылықты орналастыру модельдерін оқып, талдау жасайды. 1-Тапсырма ЕББҚ бар оқушыны қоса( есту қабілеті бұзылған) 1.Берілген мәтінді пайдалан отырып сызбанұсқаға заманауи факторларды жазыңыз және анықтама беріңіз. Шаруашылықты заманауи орналастыру факторлары Анықтамасы Анықтамасы №2-тапсырма: Шығармашылық тапсырма Жеке жұмыс Ауылшаруашылығының дамуы экологиялық факторға ықпал ететінін қалай түсінесіңдер? №3 Функциональдық сауаттылыққа арналған тапсырма «Жеке тәжірибе» тәсілі «Вавилон бағы» жағдаяты Дима Вавилондағы Семирамида патшайымының Ілулі бақтары туралы фильмді көрді, олар ежелгі әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналды. Ол бақтардың өзеннен оттегі мен минералдарға бай су беретін жасанды, сумен жабдықтау жүйесі арқылы өсірілгенін білді. Энциклопедиядан өсімдіктерді жасанды ортада өсіру әдісі гидропоника деп аталатынын оқыды. Бұл әдіспен өсіргенде өсімдіктердің тамырлары ылғалды ауада, суда немесе қатты (керамзит, қиыршық тас) ортада болады. Өсімдіктер өсуі мен дамуы үшін қажетті барлық элементтерді арнайы сулы ерітіндіден алады Бүгінгі таңда гидропоника көмегімен өсімдіктерді өсіру кеңінен және көптеген елдерде сәтті қолданылады. Өсімдіктерді осылай өсіру кезінде су мен қоректік заттар үнемді пайдаланатындықтан тиімді екенін дәлелденді. Қоректік ерітіндіні беру оңай автоматтандырылынады. Жетекші компаниялар өсімдіктерді өсірудің гидропоникалық әдісін белсенді түрде қолдануда. Бұл әдісті қолдану жақсы нәтиже береді, ал өсімдіктер экологиялық таза жағдайда болады. Дима сонымен қатар гидропоника көмегімен өсірілген өсімдіктер қарапайым топыраққа отырғызылған өсімдіктерге қарағанда тез өсіп, дамитынын білді. Сұрақтар: 1-тапсырма. Мәтін экологиялық факторға жатады ма,неліктен? 2-тапсырма.Қазақстанда гидропониканы жүзеге асыруға бола ма?Өз тұжырымыңызды дәлелдеңіз. «Ыстық орындық» әдісі Үйге тапсырма:Мұнай өңдеу өнеркәсібін орналастырудағы экологиялық және ғылымға негізделген факторларының маңызына баға беріңдер | Оқушылар топқа бөлінеді Өткен тақырыптарды еске түсіріп,жауап береді Оқушылар өз ойларын ортаға саладІ,ІІ-топтар оқулық мәтінімен жұмыс жасайды. ІІІтоп шаруашылық салаларын орналастыру модельдері туралы қосымша мәтінмен танысады және талдап, факторларды анықтайды Оқушылар өз ойларын жеке ортаға салады,ғаламтор дан қарауғада болады. Оқушылар мәтінмен танысады Бүгінгі сабақтан алған ойларына кері байланыс жасайды. | Дискриптор: І-топ- «Ғылым қалалары» -тізбегінде орналасуын анықтайды-2ұпай -Кибернетика функцияларын атайды- 2ұпай ІІ-топ -Жоғары урбандалған аудандарда экологиялық факторды анықтайды-2ұпай -Шаруашылық құрылымының өзгерісін айтады-2ұпай ІІІ-топ -Ауыл шаруашылық,өнеркәсіпті орналастыру моделін анықтайды-2ұпай - Тұрмыстық қызмет жасау моделін түсіндіреді -2ұпай ЕББҚ бар оқушыны қоса( есту қабілеті бұзылған) Дискриптор: -Сызбанұсқаны толтырады- 2 ұпай -Анықтама береді- 2ұпай Дискриптор: Планетаға келетін залалды азайту үшін ет пен сүт өнімдерін тұтынуды азайту -1ұпай Мал басының артуының қоршаған ортаға зияны-1ұпай Дискриптор: Жалпы 4ұпай -Экологиялық факторды ,себебін анықтайды -2ұпай -Қазақстанда гидропониканы пайдалану тиімдігін,тұжырымын жасайды-2 ұпай Ұпай санын санау арқылы бағаланады | Оқулық ,интереактив ті тақта,әртүрлі сызбанұсқа лар Қосымша мәтін: Шаруашылық салаларын орналасты ру модельдері http://melimde.com/deris-1-geografiya-filimdarini-jjesi-oni-ttastifi-sratar.html Каймулдинова С.Әбілмәжінова География 10 сынып Алматы, Мектеп 2019-288бет Ғаламтор материалдары А4 қағазы, Жұмыс дәптерлері Ұялы телефон,ноутбук | ||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | | | | ||
| Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, сурет). Қабілеті жоғары оқушылар мен ЕББҚ оқушыларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қосымша функциональдық сауаттылыққа тапсырма орындайды. | | | |
Қосымша мәтін
Шаруашылықгеографиясы
Шаруашылықтың секторлы қжәне салалық құрылымы
Шаруашылық саласы деп – бір типтегі тауарлар өндіретін немесе қызметжасайтын (киім, аяқкиім, жинақ жәнет.б.) кәсіпорындартобынайтамыз. Функионалдыққасиеті (қызметі) бірыңғайсалалартобын - шаруашылық секторы депайтамыз.
Шаруашылық секторы: алғашқы (бірінші) секторға (аңаулау, балықаулау, ауылшаруашылығы, орманшаруашылығы, тау-кенөнеркәсібі) бөлінеді. Бұлсектордыңбастымақсатытабиғаттанөнімалу (мысалы, шикізатөндіру)
Екінші сектор (өңдеуөнеркәсібі, құрылыс, энергетика), басты мақсаты бірінші сектор шығарған өнімдерді өңдеу.
Үшінші сектор (көлік байланысы, қаржы, басқару, халыққа әртүрліқызмет ету (услуги), сауда). Басты мақсаты бірінші және екінші сектордың жұмысының жүруіне және тауар мен байланыс арқылы тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты атқарады.
Ауылшаруашылығын кәсіпорындарының орналасу моделі
Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының орналасу моделін алғашқы рет неміс географы Иогон Фон Тюнен (1826ж) ұсынды. («Изолированное государство в его отношении к сельскому хозяйству и национальной экономии» кітабын қараңыз).
Тюнен ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі үшфакторын қарастырады: 1) көліктік шығын; 2) өндірістік шығын; 3) табиғат жағдайы және табиғатресурстары (топырақ құнарлығы, агроклиматтық ресурстар (жарық, жылу, ылғал) жәнет.б.).
Ауылшаруашылығы өндірісін орналасу моделінде Тюнен мынандай қағиданы қарастырды: Нақтыөнімдіөткізетінрыногы бар белгілібіраймақтаауылшаруашылығыөнімінөндіретін, сыртқыәсерлергетәуелдіемесауылшаруашылығыаймағынайтады. Ауылшаруашылығы өнімдері көлік-арба көлігімен тасымалданады және оларкөлік пен өндірістік шығынды қосқанда бір-біріне тәуелді болады.
Өнеркәсіптіорналастырумоделі
Тюненнің моделінен 83 жыл өткеннен кейін неміс эконом-географы Альфред Вебер «Теория штандорта промышленнности – Берлин, 1909ж» деген кітапшығарды. Өнеркәсіпкәсіп орындарының орналасуына «өндірістік шығынды минимизациялау» принципін ұсынды.
Вебердің моделіндегі негізгі қағидалар: а) шаруашылық облысын бөлектеп қарау, б) шикізат өндіру, еңбек рыногы, өнеркәсіп өнімдерін тұтыну орталықтары нүктелерін алдын-ала қарастыру, в) кәсіпорынды орналастыруға шешім қабылданғанда: көлік шығынын, еңбек төлемін барынша азайту, агломерациялық тиімділікті барынша пайдалану арқылы шикізат пен дайын өнімдерд ітасымалдауды, құрылысқа, энергетикаға, инфрақұрылымға, коммуналдық – тұрмыстық салаларға кететін шығындарды үнемдеу.
Өнеркәсіптің орналасу принциптері туралы Вебердің теориясын 1940 жылы Август Леш жалғастырды. Оның «Географическое размещение хозяйства» деген кітабындағы ұсынысы бойынша ең басты орналасу принціпі: бәсекелестікжағдайдабарыншаэкономикалықпайда табу. Ол үшін мынандай факторлар: демпинг, салық жүйесі, мемлекеттік шегара, халықаралық сауда, техникалық прогресс, орталықтың аймақтармен байланысы, ж.т.б сияқты факторларды ескеру керек. Орналасупринциптері мен факторлары мемлекеттің экономикалық ландшафтысын құрайды, яғни «өндірістің орналасуы мен тауартұтынуды ара –қатынасын тепе-теңдіктеұстайды».
Тұрмыстық қызмет жасау кәсіпорындарын орналастыру моделі неміс ғалымы Вальтер Кристаллерге байланысты. Оның «Центральное место южной Германии (1933) деген кітабында Оңтүстік Германияның елді-мекендерінің орналасуын сараптай отырып, олардың бір-бірімен бірдей қашықтықта орналасқанына назар аударады (теориториялықорын). Олардың иреархиялық (сатылық) деңгейі бойынша жеті деңгейде қарастырады (сурет 73, Скопин Ю.А.).
Кеңістікте қалыптасқанелді – мекендердің орналасу жүйесін сараптай отырып, Кристаллер белгілі-бірзонаға (аумаққа) қызмет етуші орталық орын (қала) барлық шығындарды (көліктік, тұтынудың саны мен сапасыжәнет.б) азайтуды мақсат етіп, неғұрлым қызмет ету жиі болған сайын, тұтынушлыа көліктік және басқа шығындарды төмендетуге (минимизациялауға) тырысады, яғни қызмет етеін кәсіпорындар жақын елді-мекендерге орналасу керек. Ал, егер қызмет ету сирек болған сайын, қызмет ететін кәсіпорындары бар елді – мекендер алыстай береді.
Ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға келтірер зияны көп – The Guardian
02 Маусым 2018, 18:14 12250 0
Фото: Ашық дереккөз
Ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға зияны зор. Science журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижелерінің қорытындысына сенсек, планетаға келетін залалды азайту үшін ет пен сүт өнімдерін тұтынуды азайту керек. 119 мемлекеттегі 40 мыңнан астам фермадағы мәліметтерге негізделіп жасалған зерттеу нәтижесінде бүгінгі таңда мал басының артқаны, ол ауыл шаруашылығы алқабының 83 пайызын алғанымен, тек 18 пайыз калориймен қамти алатыны айтылған. Ғалымдардың айтуынша, зерттеу барысында ферма өнімдерінің қоршаған ортаға әсері, климаттың өзгеруіне, судың ластануына ықпалы, тұщы суды пайдалану көрсеткіші секілді мәселелер ескерілген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдардың мақаласында ет пен сүт өнімдерін тұтынбау арқылы ауыл шаруашылық алқабын 75 пайызға қысқартып, сол арқылы АҚШ, Қытай немесе Еуроодақ территориясымен тең келетін аумақты сақтап қалуға болатыны айтылған. «Ауыл шаруашылығы жыл сайын жер көлемін арттырып жатқандықтан, біз жабайы табиғатты жоғалтып алудың алдында тұрмыз», - дейді авторлар.
Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, ет пен сүт өнімдері 18 пайыз калорий, 37 пайыз ақуызбен қамтығанымен, ауыл шаруашылығына арналған жерлердің 83 пайызын алып жатыр және ауыл шаруашылығындағы парниктік газдар қалдығының 60 пайызын шығарады. Сонымен қатар бүгінгі таңда планетамыздағы сүтқоректілер түрінің 86 пайызы қолға үйретілген. Ғалымдар ет пен сүт өнімдерінің ең аз мөлшерінің өзі экологияға қауіп тигізетінін анықтапты.
«Экологиялық проблемалардың көп бөлігі ауыл шаруашылығы секторына тиесілі. Әсіресе, мал шаруашылығы өнімдерінің экологияға тигізетін зияны зор, сондықтан мал шаруашылығы өнімдерін тұтынуды азайтудың экологиялық пайдасы бар», - дейді Оксфорд университетінің профессоры, зерттеуді жүргізген ғалымдардың бірі Джозеф Пор.
Зерттеу нәтижесінде бір өнімді әртүрлі жолмен өндірудің де айырмашылықтары анықталған. Мысалы, сиыр етін ормансызданған жерде алу табиғи жайылымда өндіруге қарағанда 12 есе көп парник газын шығарып, 50 пайызға көп жерді алады екен.
Халықты вегетариан болуға шақырудың орнына, фермалардың қоршаған ортаға әсерін азайту керек. Бірақ, ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға келтіріп жатқан зиянын жою оңайға соқпайтын көрінеді.
«Әлемде 570 млн ферма бар. Олардың барлығы қоршаған ортаға зиян келтірмеудің бірнеше әдісін меңгеруі керек. Бұл экологиялық проблеманы шешу экономика секторына да қатты әсер етеді, себебі жыл сайын әлем бойынша ауыл шаруашылығына 500 миллиард доллардан астам субсидия жұмсалады. Сондықтан проблеманы шешу оңай емес», - дейді авторлар.
Жаңа зерттеу нәтижесіне қатысты АҚШ профессорларының бірі Гидон Эшель пікір білдіріп, бұл проблеманың маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін ауыл шаруашылығына қатысты зерттеулер тек жеке немесе ұлттық деңгейде ғана жүргізілген. Ал бұл жаһандық мәліметтерді ескерген зерттеу фермалар шаруашылығы негізінде жүргізілгендіктен, кең талданған. Ал Ұлыбританияның Лидс университетінің профессоры Тим Бентонның айтуынша, әлемде семіздік жайлаған шақта бұл зерттеу онымен күресу жолының планетаға да тигізер пайдасы бар екенін көрсеткенін айтты.
Ағылшын тілінен аударған: