ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Қытай
Қазақстан өзімен көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекетімен арадағы байланыстың маңызды екені анық көрінеді. Өйткені басқасын айтпағанда, әлемдік экономикадағы жетекші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынастың жөні бөлек.
Бүгінде Қытай әлем елдері арасында Қазақстанға тікелей инвестиция құю көлемі бойынша 4-ші орында тұр. 2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 10,5 миллиард долларды құраған. Қазір Қазақстанның мұнай-газ, химия жəне азық-түлік өнеркəсібі, машина жасау, жеңіл өнеркəсіп салаларында қытай капиталының қатысы бар 1200 кəсіпорын жұмыс істеуде. Мұның барлығы Қазақстан-Қытай әріптестігінің экономикалық тұрғыдағы байланыс деңгейін көрсетеді.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытуда экономикалық серіктестікті нығайтуға басымдық берілуде. Осы орайда қытайлық компанияларымен түрлі салалар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға байланысты нақты келісімдер бекітіліп отыр. Бұл келісімдерде азық-түлік, автоөнеркәсіп, биотехнология, медицина және басқа да жобалар қамтылған. Аталған құжаттарда экспортқа лайықты, сапалы өнімдер шығару талабы алдыңғы қатарға шығарылып отыр.
2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан резиденттерінің Қытай инвесторлары алдындағы міндеттемелері 15,3 млрд. АҚШ далларына жетті. Қазақстан міндеттемелерінің жалпы құрылымында (220,3 млрд. АҚШ долл.) Қытай үлесі 6,9%-ды құрады. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең үлкен көлем көлік және қоймалау (5 млрд. АҚШ долл.) салаларында шоғырланған, тау-кен өндірісі (2,6 млрд. АҚШ долл.), өңдеу өнеркәсібі (2,1 млрд. АҚШ долл.), құрылыс (2 млрд. АҚШ).
Қазақстан мен Ресей 50-ден астам инвестициялық жоба әзірлеп жатыр
Жазылу
2019 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты тауар айналымы артты. Ресей Қазақстанға 15,7 миллиард доллар көлеміндегі тікелей инвестиция бағыттаған
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым - Sputnik. Қазақстан мен Ресей 53 инвестициялық жоба әзірлеп жатыр. Жалпы сомасы 6,6 миллиард доллар, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі. Ресей Қазақстанға 15,7 миллиард доллар көлеміндегі тікелей инвестиция бағыттады. 2019 жылы екіжақты тауар айналымы 6,2%-ке артты. 2018 жылы 20 миллиард доллар болатын", - деді президент ресейлік "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында.
Тоқаев Қазақстанда 7 мың ресейлік компания жұмыс істейтінін айтты. 3,5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын бар.
2018 жылы ресейлік "Полиметалл" компаниясы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына 418 миллион доллар инвестиция бағыттады.
"Біз Ресеймен мұнай-газ, мұнай-химия сынды салаларда әріптестікті нығайтуды жоспарлап отырмыз. Каспийде мұнай-газ саласы бойынша бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің елде "Лукойл" сәтті қызмет етіп жатыр", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы әріптестік нәтижесінде Қытай мен Орталық Азия нарықтарына шығатын өндірісті қолға алу жоспарланып отырғанын айтты.
Осы жылдың күзінде Қазақстан-Ресей форумы өтеді. Жиында өңіраралық экономикалық әріптестік бойынша шешімдер қабылданады.
Өмірбаяны
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа.
Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда
«Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Ағарту ісі
Мұхтар Әуезов|Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.
-
«Сарыарқа» газетінде 1917 жылы жарияланған «Оқудағы құрбыларыма!» атты алғашқы мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда журген қурбы-құрдастарын уақытты бос өткізбей, халықты оқу-білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырса -
«Қайсысын қолданамыз» деген мақаласында орысша және ескіше - мұсылманша оқыған азаматтардың оқу ісін жүргізуде бір ауызды болуы жайында орнықты шешімге келу қажеттігі туралы сөз қозғайды. -
Ж.Аймауытовпен бірге шығарысқан «Абай» журналының 1918 жылы 11-санында жарияланған «Оқу ісі» атты мақаласында қараңғылықтың құшағында қалған туған халқын мәдениетке, елдікке жетелеудің үлкен бір жолы - оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қоюды, бұл үшін бірінші мақсатта ана тіліндегі ұлт мектептерін ашуды көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, мұғалім кадрларының тапшылығын, оқу құралдарының жеткіліксіздігін сөз қылады, бұл істерді дұрыс жолға қоюдың бірінші кезектегі міндеттеріне тоқталып, өз ұсыныстарын айтады. -
1919-21 жылы Семей губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болып тұрған кезінде Семейде шыққан «Қазақ тілі» газетіне ағартушылық жұмысын жолға қою мәселесін көтерген бірнеше мақалалар жариялайды. -
1922 жылы 27 тамызда «Қазақ тілі» газетіне жазушының (Орынборда қазақ АССР Орталық атқару комитетінің басшылығында істеп жүріп) Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне ашық хаты басылады. Хатта жер-жерде оқыған қазақ қызметкерлерінің халықты сауаттандыру жолында өнер-білімге жұмылдыру ісіндегі самарқаулығы сыналады. -
1930 жылы Қазақстан Оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімімен Қызылордада басылып шыққан «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» деген халық ағарту саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет туралы» атты бөлімін Әуезов Бейімбет Майлин, Әлкей Марғұланмен бірлесіп жазған. Бағдарламада қазақ шаруа жастарының үш жыл ішінде қазақ әдебиетінен нені оқып үйрену қажеттігін айтып, қазақ әдебиетіндегі дәуірлеу мәселесін ұсынады. -
1957 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған республикалық кеңес қарсаңында «Қазақстан мұғалімі» газетінде (28 наурыз) «Ана тіл әдебиетін сүйіңдер» деген күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты кезек күттірмес шаралар туралы ой қозғайды. Қазақ әдеби тілі мен көркем әдебиет тілі жөнінде шынайы жанашырлық сезіммен жазылған көлемді мақалалары қазақ тілінің өрісі, сөз қолдану сипаты, орыс тілінен аудару мәселелеріне көңіл аудартады. -
Туған тіл мен әдебиетті сүюге шақырып, бұрынғы одақтық «Учительская газетада» жарияланған «Орыс тілінің біздің халық үшін маңызы туралы» мақаласында (1956, 9 мамыр) бұл тілдің қазақ халқы ушін үлкен рөл атқарғандығын тілге тиек етеді. Әуезов мектептермен, жоғары және арнаулы орта оқу орындары ұжымдарымен тығыз байланыс жасап, олармен кездесулерінде, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған дәрістерінде де халық ағарту, оқу-тәрбие ісі үшін пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтқан.[5]
Спорт
«Жас ұрпақтың спорттық әлеуетіне назар аудару қажет: қаражат тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қолдаудың мағынасы жоқ. Мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар бюджетінен миллиардтаған қаражат тиімсіз жұмсалады. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру керек», – деді президент.
Қазақстанда кәсіби спорт мемлекеттік екі қаражат көзінен қаржыландырылады: республикалық бюджеттен ұлттық құрама командаларын ұстауға қаражат ҰОК-қа түседі, кәсіби клубтарды әкімдіктер қаржыландырады.
Жергілікті бюджеттердегі шығыстар ұлттық құрамалардың құртатын қаражатынан едәуір көп, оны ұстауға ҰОК екі жыл ішінде шамамен 20 млрд бөлген. Биыл өңірлердегі спорт шығындары 130 миллиард теңгені құрады.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, Қазақстанда дене шынықтыру және спорт саласы қалдық негізінде қаржыландырылады және жалпы ішкі өнімнің 1,4 %-ын ғана алады.
«Жергілікті жерде қаражат жоспарлау кезінде теңсіздік орын алады. Бұл бюджеттердің үштен бірі, тіпті кейде жартысы футболды қаржыландыруға жұмсалады. Сондықтан спорттың басым түрлерін қаржыландыруға заңнамалық деңгейде шектеу ұсынған жөн», – деп ұсынды ол.
Сонымен қатар, мәжілісмен елімізде 600 мың шаршы метр спорт алаңдарының жетіспейтіндігін хабарлады.
«Қазақстан халқының үштен бір бөлігі ғана спортпен шұғылданады, ал Еуропа елдерінде, Канадада, Австралияда және Жапонияда бұл көрсеткіш 60% -ға жетті. Алматы мен Қостанай облыстарында балалар мен жасөспірімдер клубтары жабылған. Алматыда мүлдем жоқ. Мектептердің 27% -ында балалардың спортпен шұғылдануы үшін спорт залдары жоқ. Өкінішке орай, біз салауатты өмір салтын басымдыққа айналдыра алмадық», – деп қорытындылады әкім.
Қазақстан мен Ресейдің кәсіпқой спортшыларды мемлекеттік қаржыландыру моделі басқа елдер үшін мүлдем маңызды емес.
Ресей спорты қалай қаржыландырылады?
«Газпром» бүкіл әлемдік спорттың басты демеушісі деуге болады. Посткеңестік кеңістікте аталған ресейлік трансұлттық энергетикалық компанияның теңдесі жоқ. Газпромның 50% -дан астам акциясы мемлекетке тиесілі екенін ескере отырып, Ресей басшылығы көптеген спорттық жобаларды қаржыландыруға қатысуда.
Ең көп қаражат Санкт-Петербургтің «Зенит» ФК-ны қаржыландыруға бөлінген. Команда жыл сайын 100 миллион еуро алады