ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Бөлім: | 1-бөлім: Көне күндерден жеткен жәдігерлер |
Педагогтің аты-жөні: | Әбдімәжитқызы Фариза |
Мектеп | А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп |
Күні: | 23.09.2022 |
Сыныбы:7 а | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қыз Жібек жыры |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.1.4.1 «Қыз Жібек» жырының тақырыбы мен идеясын анықтау. 7.2.3.1 Жырдағы оқиға желісі бойынша өзіндік пікір қалыптастыру, композициялық құрылымына талдау жасау; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар әдеби шығарманың эстетикалық құндылығын түсінеді.Қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрпын кең көлемде суреттеп, қазақты күллі әлемге танытқан «Қыз Жібек» жырын теңрек таниды. |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 5 мин Айтылым | Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Ой шақыру: Қозы Корпеш Баян сұлу Ләйлі Мәжнүн Қалқаман Мамыр Оқушылыр осы есімдер сіздерде қандай ассосация тудырады? Тағы қандай ғашықтық жырларды білесіздер? Дұрыс оқушылар! Ендеше Қыз Жібек Жыры қандай жырға жатады? | . Ғашықтық жырлар екенін айтады. Қозы Көрпеш Баян Сұлу,Қыз Жібек пен Төлеген Лиро – эпостық жыр | ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны | |||||||||
Жаңа сабаққа кіріспе 7 мин Айтылым | Дұрыс айтасыздар оқушылар. Бүгін біз Лиро- эпостық жырлар оның ішінде Қыз Жібек жырын өтетін боламыз. Олай болса жырды еске түсіру мақсатында сіздерге қима қағаздардан мозайка таратып беремін, құрастырып бұл жырдың қай тұсы екенін анықтап өз ойларынызды айтасыздар. | Оқушылыр қима қағаздардан мозайка құрастырып, жырдың қай тұсымен сәйкес келетінін тауып өз ойларын жеткізеді. | | Ашық микрофон әдісімен оқушылар ортаға шығып сұраққа жауап береді | |||||||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 23 мин Тыңдалым Айтылым | Махаббат жайлы сөз болғанда Жібек пен Төлегенді, Қозы мен Баянды, Қалқаман мен Мамырды, Еңлік пен Кебекті айтпай кетуге болмайды. Ендеше махабатты қазіргі жастар қалай түсінесіңдер? Махаббат қандай болу керек? Халық ауыз әдебиетінде «Қыз Жібек» жыры осы тақырыптағы шығармалардың бірі. Бүгінгі сабақта біз жырдың мазмұнына үңіліп, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасап, түрлі талдау жұмыстарын жүргіземіз. «Қыз Жібек»жыры халқымыздың сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз,ол өзінің көркемдік ерекшелігімен оқырманды өзіне баурап алады.Жырдың-идеялық мазмұны,көркемдік сөз саптауы,сюжеті,композициясы,көркемдік айшықтары жағынан үздік жыр. Теңеуді,эпитетті,метафораны,құбылтудан әсірелеу мен кішірейтуді,айшықтаудан зарлай арнауды ұтымды пайдалана білген. | . Өз ойларын ашық түрде жеткізеді | Дескриптор: Жалпы – 2 балл | Оқулық, жұмыс дәптерлері, | |||||||||
Қолдану Тыңдалым Айтылым Топтастыру. Оқылым Айтылым | Тыңдалым.
І бөлім.Толық нұсқасы. Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді,тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады. Топтық тапсырмалар: I топ: Суретте кімдер бейнеленген? Бұл үзінді жырдың қай тұсымен сәйкес келеді? II топ: Жырда қандай салт дәстүрлерді көруге болады? III топ: Бүгінгі күні жырда берілген дәстүрлерді қаншалықты берік ұстанамыз? |
. Оқушылар топтық тапсырмалар орындайды | Дескриптор: Жалпы – 4 балл. Дескриптор: Жалпы – 2 балл. | https://bilimland.kz/kk/content/structure/2192-qazaq_adebieti#lesson=15568 https://bilimland.kz/kk/content/structure/2192-qazaq_adebieti#lesson=15568 слайд | |||||||||
Жеке жұмыс Жазылым | №4-тапсырма. «Адасқан оқиғалар» 1.Төлегеннің Ақ Жайыққа жөнелуі.
Төлегеннің дүниеге келуі. Төлегеннің Ақ Жайыққа жөнелуі. Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі. Қыз Жібектің түсі. Бекежанның Төлегенді мерт қылуы. Хорен қалмақтың Қыз Жібекті айттыруы. Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы. Оқушылар келесі сызбаны қолданып композитциялық құрылымына талдау жасайды: Тақырыбы: Махаббат идеясы: Жырдағы екі жастың бірі – біріне деген сүйіспеншілігі мен адалдығы, ата – бабаларымыздың әдет –ғұрып, салт – дәстүрлердің сомдалуы. Кейіпкерлер: Төлеген мен Жібек, Шеге, Сырлыбай,Сансызбай, Бекежан. Басталуы: Жағалбайлы еліндегі оқиға. Дамуы; Төлегеннің жар іздеп жолға шығуы. Оқиғаның байланысуы: Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі. Оқиғаның шиеленісуі: Бекежанның Төлегенді мерт қылуы. Шарықтау шегі: Хорен қалмақтың Қыз Жібекті айттыруы. Шешімі: Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы. | . Оқиға желісін рет ретімен орналастырады - Берілген тапсырма бойынша талдау жасайды. | Дескриптор: Жалпы – 2 балл. ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық, жұмыс дәптерлері слайд Слайд Оқулық, жұмыс дәптері | |||||||||
Жинақтау Синтез Жазылым 5 мин | Бүгінгі сабағымызды бекіту мақсатында қысқа (иә,жоқ)тест жұмысын орындаймыз Төлеген мен Жібектің қосылуына тілекші болған адамдар? А) Қаршыға В)Бекежан С)Шеге Д)Хорен Қыз Жібек жырындағы кейіпкерлер? А)Базарбай В)Зарлық С)Қамбар Д) Домбауыл Лиро-эпостық жырдын тақырыбы? А)Сүйіспеншілік В)ел қорғау С)тұрмыстық салт Д)тарихи оқиға | Тест сұрағын оқып,берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілейді | Бас бармақ әдісі | Жұмыс дәптері,ДК экран | |||||||||
Бағалау)_Нысана_5_мин'>Қорытынды (Бағалау) Нысана 5 мин | Фильм мен жырдың мазмұны, аяқталуында қандай ерекшеліктер бар? Оқушылыр жырдың қайғылы аяқталғанын білесіңдер.Сендер «Егер мен автор болсам...» деп жырды қалай аяқталуын қалар едіңдер? | Оқушылар жырдың аяқталуының өз нұсқасын жазып,талдайды. | ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | | |||||||||
Үй тапсырмасы минут | «Махаббатқа сенемін» тақырыбында эссе жазып келу | | | | |||||||||
Бағалау Кері байланыс | Оқушылар өз ойларын жинақтап,қағазға түсіруге оны көпшілік алдында еркін айтуға ,дағдылануға үйрету Оқушылар сіздерге бүгінгі сабақ сіздерге ұнадыма? Падлет тақтасы арқылы кері байланыс беріңдер. | Оқушылар сабақтың үнағанын, ұнамағанын падлет тақтасы арқылы арқылы көрсетеді. | | Падлет тақтасы |
«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі » мемлекеттік мекемесінің «А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітемін
Мектеп директоры м.а
_______ Ж.А. Жунусова
« __» ______2022-2023.о.ж
«Қыз Жібек» жыры
Өткізген Әбдімәжитқызы Ф