Файл: Мен елімді сйемін атты патриотты ндер сайысыны сценарийі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мен елімді сүйемін …» атты патриоттық әндер сайысының сценарийі
Мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Елімізді Тәуелсіздігін құрметтеуге бағыттау.
(номер тандау ту қиып номер беру) барлық қатысушыларды ортаға бір-бірден шақырып номер алу.
Жүргізуші: Армысыздар ,ұстаздар ,әділ жандар
Білім үшін инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Патриоттық ән-би байқауын тамашалаңыздар! –дей келе бүгінгі мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Мен елімді сүйемін... » атты патриоттық ән сайысына қош келдіңіздер!Сәттілікті тілей отыра, жас өнерпаздарымызды қолдап, қошеметтеп отырайық ағайын!
Жүргізуші: Ендігі кезекте осы байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
-
Лагер тәрбиешісі: Кокумбаева Сатина Қабдыровна -
Мектебіміздің аға тәлімгері: Сабданбекова Самал Еркінбайқызы -
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Тілеуова Торғын Қайырқызы -
Әлеуметтік педагог : Сапаров Рауан Смағұлұлы
Жүргізуші: Шарамызды бастамас бұрын байқауға қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.
(Үміткерлер бір-бірлеп ортаға шығып номер алады да сахнада қалады)
Жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін ән орындау шеберліг,і әннің сөзін жатталуы, және сахна мәдениетін меңгеру, , критерийлері бойынша бағалайды. Жоғары ұпай 5 балл. Бұл байқауда жүлделі орынға ие болған 3 оқушы марапатталады. Әр қатысушыны өз өнерінен кейін бағалап отырыңыздар!
Жүргізуші :
Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз .Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай Отансызда өмір сүре алмайды. Отанымыз-Қазақстан .
Жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мелекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы ,Туы,Әнұраны бар. Еліміз егемендігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды .Патироттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түседі. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор.
Жүргізуші :
Талай ғасыр бабалардың арманы,
Арманыңды бүгінгі ұрпақ жалғады
Егемендік белгісі боп көк туың
Аспаныңда қыран бүркіт самғады – дей келе ортада 1 номерлі қатысушы--------------------------------------------------------------------------------әнімен ортаға шақырамыз!
(әділ-қазылар алқасының бағалауы)
Жүргізуші :
Кең байтақ өз жетпейсің елім менің ,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің .
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан елім менің –дей келе ортаға 2 номерлі қатысушы--------------------------------------------------------------------------------------- әнімен ортаға шақырамыз!
(әділ-қазылар алқасының бағалауы)
Жүргізуші :
Туған өлкем менің гүл жайнаған ,
Бұлағында су ағып, құс сайраған.
Жайлауында көк өсіп , асып-тасып,
Құлағында асыр сап бала ойнаған –дей келе ортада 3 номерлі қатысушы әнімен қарсы алайық!
(әділ-қазылар алқасының бағалауы)
Жүргізуші :
Туған елім-Қазақстан сүйікті өлкем,
Мен сені әрқашанда сүйіп өтем
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем – дей келе ортаға 4 номерлі қатысушыны әнімен қарсы алайық!
(әділ-қазылар алқасының бағалауы)
Жүргізуші :
Ыстыққой шіркін туған жер
Кіндік қаның тамған жер .
Неткен сұлу , неткен көркем
Осы менің туған өлкем дей келе ортаға 5 номерлі әнімен қарсы алайық!.
(әділ-қазылар алқасының бағалауы)
Жүргізуші :
Сүйемін Отанымның әрбір күнін,
Жұлдыз шашқан әсерлі айлы түнін
Сүйемін Отанымның әрбір гүлін
Маған қарап үн қатқан әсем үнін – дей келе ортаға 6 номерлі қатысушы әнімен қарсы алайық!
(әділ-қазылар алқасының бағалауы)
Жүргізуші :
Қанатымды қағып ұшқан жанұям
Түсер еске Махамбеттей батырлар
Осы жолды аңсап еді ақындар
Отанымның ар намысты киесі
Мен сүйетін қалың халқым бар
–дей келе ортаға 7 номерлі қатысушы атты әнімен қарсы алыңыздар!
(әділ-қазылар алқасының бағалауы)
Жүргізуші:
Тәуелсіздік таңы атты біз аңсаған,
Туған елім жайында мен ән салам
Еркіндікті арман етіп ата-бабам,
Ерлігімен өз жерін қорғай алған – 8 номерлі қатысушыны әнімен қарсы алайық!
(әділ-қазылар алқасының бағалауы)
Жүргізуші: Әділ –қазылар алқасы қорытынды шығарғанша Акимбаева Ақнұрдың орындауында «Бал балалық» әнін тамашалайық!
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл - қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жарлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл - қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті.
Ендігі кезекті әділ-қазылар алқасынын қорытынды сөзіне береміз!
(әділ-қазылар алқасы сөз сөйлейді)
Қош, сау болыңыздар!