Файл: за мерзімді жоспар блімі 3В) атты заттардаы, сйытардаы жне газдардаы ысым Кні Сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: (7.3В) Қатты заттардағы, сұйықтардағы және газдардағы қысым

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: Н.Әбдіров атындағы ЖББМ

Мұғалімнің аты –жөні: Сулайманова М.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. Есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Сұйықтардағы және газдардағы Архимед күшінің табиғатын сипаттау;

  • Архимед күшінің қандай физикалық шамаларға тәуелділігін анықтау;

  • Архимед күшінің формуласын білу;

  • Денелердің жүзу шарттарын білу;




Сабақ мақсаттары

Сұйқтар мен газдардың ішінде кері итеруші күштің болатынын білу, оның табиғатын түсіну;

Архимед заын білу, Архимед заңын есептер шығарда қолдана білу;

Денелердің жүзу шартын білу

Бағалаукритерийлері

Білу және түсіну:

Сұйықтардағы және газдардағы Архимед күшінің табиғатын түсінеді Қолдану және сыни тұрғыда ойлау:

Архимед күшін анықтап, Архимед заңын тәжірибеде тексереді.

Тілдік мақсаттар

Архимед күші сұйықтық немесе газ тарапынан денелерді кері итеруші күш екендігін біледі. Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі:

Арнайы пәндік лексика және терминология:

қысып шығарылған сұйық көлемі, сұйық тығыздығы, Архимед күші.

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Архимед күші- бұл сұйыққа немесе газға түсірілген денелерді … күш.

Архимед күші - … физикалық шамаларға тәуелді.

Дене сұйықта жүзеді, егер оның тығыздығы …

Дене сұйыққа батады, егер оның тығыздығы …

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

  • Оқушылар өзгенің пікірін бөлмей, соңына дейін сабырмен тыңдай біледі. Қажет болса өз пікірін қосады.

Ынтымақтастық

Оқушылар топтарда демонстрациялар жасап, бақылаған құбылыстардың себебін түсіндіруде бір-біріне көмек береді. Топта өзара рөльдерді бөліседі.


Пәнаралық байланыстар

Формулаларды түрлендіру, өлшемдерді алу математика пәнімен байланысты. Архимедтің математика ғылымына қосқан үлесі туралы да қарастыру. География, Дүние жүзі тарихы пәндерімен де байланыстыруға болады.

АКТ қолданудағдылары

Сабақ барысында видео, презентацияларды АКТ көмегімен көрсету

Бастапқы білім

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

І. Өткен сабақта қарастырылған мәселелерді еске алу

Атмосфералық ысымды өлшеуге арналған құрал?

Тропосфера,Стратосфера

Мезосфера,Термосфера

Атмосфераның негізгі қабаттарын ата?

760 мм.сын.бағ


Түтікті манометрді кім ойлап тапты?

Барометр


Сфигмоманометрмен нені өлшейді?

альтиметрлер


Ұшақтың ұшу биіктігін өлшейтін құрал?

Паскаль

Қалыпты атмосфералық қысым нешеге тең?

Француз ғалымы Э.Бурдон


Манометрдің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?

Адамның қан айналымы жүйесіндегі қысымын


1.Гидростатикалық қысым дегеніміз не?

2. Гидростатикалық қысымының формуласы

3. Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар,

Бұл құбылыс айналадан табылар.

Сұйықтар мен газдардағы қысымды,

Кім айтады түсіндірген ғалымды?







Сабақтың ортасы


 Тақырыпқа шығу (5 мин):

Сыныпқа Сиракуз қаласында болған оқиға туралы бейне фильм көрсетіледі.

Бейнематериалды талдау. Ойларымен бөлісу. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сиракуз қаласын картадан көрсету. Ежелгі және қазіргі картадағы бейнесі.

Пән аралық байланыстан: Сиракуз қаласының қоршауда қалуы, Архимед ойлап тапқан құралдар катапульта, Архимед айнасы, пи саны, т.б.

Проблемалық сұрақ? (5 мин)

Қарастырған үзіндіде Тәждің көлемін анықтау керек болды, қалай анықтауға болады?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Тәжірибе (8 мин):

Сұрақ: суы бар ыдысқа пластилиннен жасалған шарикті батырып көреміз, ол сол сәтте батып кетеді. Енді осы пластилиннен қайық жасап батырайық, не бақылауға болады?.

Оқушылар жауабын тыңдау: қайық суда жүзеді.

Жауаптарын талдау, енді осы күшті зерделеп көрелік.Оқушыларға құрал-жабдықтар ұсынылады.

Архимед күші қандай себептерге тәуелді және тәуелді емес зерттеп көрейік.

  1. Топ. Екі түрлі сұйықтыққа бірдей денелерді батыру. Кері итеруші күшті зерттеу

  2. Топ. Архимед күшінің тереңдікке тәуелділігін зерттеу

  3. Топ. Көлемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдардан жасалған денелерді суға батыру

Жұмыс барысын оқушылар өздігінен құрып қарастырады. Нәтижесінде оқушылар ығыстырушы күштің формуласын қорытып шығарады

Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады.

FА = ρcVдg

Vд-суға батырылған дене көлемі, ρс– сұйық тығыздығы, g –еркін түсу үдеуі, 9,8 Н/кг.

Жоғары айтылғандарды ескере отырып, Архимед заңын былай тұжырымдайды:

Тыныштық күйдегі сұйыққа (немесе газға) батырылған кез-келген денеге сұйық (немесе газ) тарапынан кері итеруші күш әсер етеді, оның шамалы сұйықтың немесе газ тығыздығын еркін түсу үдеуімен сұйыққа (немесе газға) батып тұрған дене бөлігінің көлемінің көбейтіндісіне тең болады.

Архимед күшін өлшеу әдісі

Демонстрация

Дене салмағын ауада және суда өлшейміз. Дененің ауадағы және судағы салмақтарының айырмасы Архимед күшіне тең болады.




(Мультфильмнен үзінді 40 сек)

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b5259-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/4_17.swf

Пластилин, суы бар ыдыс


Сабақтың соңы

Үйге. 7 сынып

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады.

Физика

7 сынып

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:сыныптағы ауа қысымын шамамен анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі:

- парта бетіне әсер ететін атмосфералық қысым күшін есептей алады;

- демонстрацияларды мұқият бақылай алады.

Кейбір оқушылар:

атмосфералық қысым әрекетінен пайда болатын құбылыс себептерін түсіндіре алады.







Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Топтық жұмыстар.

  1. Топ. Екі түрлі сұйықтыққа бірдей денелерді батыру. Кері итеруші күшті зерттеу

Құрал-жабдықтар: глицерин және су құйылған ыдыстар, алюминий цилиндрлер

Тәжірибе реті:

Қорытынды:

  1. Топ. Архимед күшінің тереңдікке тәуелділігін зерттеу

Құрал-жабдықтар: су құйылған ыдыс, жіпке ілінген дене, штатив

Тәжірибе реті:

Қорытынды:

  1. Топ. Көлемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдардан жасалған денелерді суға батыру

Құрал-жабдықтар: су құйылған ыдыс, алюминий және темір цилиндрлер

Тәжірибе реті:

Қорытынды: