Файл: атысандар Корпетаева С. С., Хаугажай А., Сабит ., Бергенбай А., Марат С. Кн тртібінде.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Хаттама №1
Бастауыш сынып бірлестігінің отырысы
Атығай жалпы орта білім беретін мектебі
31 тамыз 2022 жыл
Қатысқандар: Корпетаева С.С., Хаугажай А., Сабит Қ., Бергенбай А., Марат С.
Күн тәртібінде:
1.Бастауыш сынып бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарын құру, бекіту.
2. Оқу бағдарламасы, күнтізбелік- тақырыптық жоспарларымен таныстыру.
3.Қолданбалы курс бағдарламаларын және төленетін үйірмелердің жоспарын қарастыру.
4.Әр түрлі сұрақтар.
Тыңдалды:
1-сұрақ бойынша Ә.Б жетекшісі - Корпетаева С.С. сөйледі. Бастауыш сынып бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарын таныстыру. Жылдық жұмыс жоспары бойынша оқушылармен жұмыс жүргізу.
2. Жаңа оқу жылында оқу үрдісі келесі құжаттармен жүзеге асырылады: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР-сы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
1-10 сыныптар үшін «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ҚР-сы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады (әліппе үшін 2021 жылдың 26 наурыздағы №123 бұйрығы)
Бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту. Бағдарламаға сүйене отырып пән бойынша оқу жүктемесі берілді. Әр сыныптың оқу жүктемесінің көлемі бойынша сағат саны қойылды.
Күнтізбелік- тақырыптық жоспар бағдарламамен тексеріліп, сағат саны саналып, оқу ісінің меңгерушілеріне бекітілуге ұсынылды.
ӘБ отырысында қолданбалы курстар және үйірмелердің де сағат сандары қарастырылып, құрған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары сарапқа салынды.
Сонымен: «Адамгершілік әліппесі» қолданбалы курс бағдарламасы 1«А» сыныбына арналған жылына 35 сағат, аптасына 1 сағаттан. «Домбыра дастан» үйірмесі 2- «А» сыныбына арналған жылына 36 сағат, аптасына 1 сағаттан. «Жас математик» үйірмесі 3-4 «А» сыныптарына арналған жылына 36 сағаттан, аптасына 1 сағаттан .
Ұсыныс:
-
Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нормаларын қадағалау.
Шешімі:
-
Күнтізбелік- тақырыптық жоспарды бағдарламаға сүйене отырып құру. -
Өлшеуіштер банкісін жинақтап 15- қыркүйекке дейін оқу ісінің меңгерушісі Сагандыкова Г.О.- ға тапсыру. -
Құрылған үйірмелер мен арнаулы курстардың жоспарын қарастыру.
ӘБ жетекшісі: _______С.С.Корпетаева