Файл: Отстік азастан облысыны бб Шымкент 1 саырау балалапрды мектепинтернаты кмм трбиешісі Манапова Улданай Казыбековна Таырыбы Техника ауіпсіздік ережелері Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оңтүстік Қазақстан облысының ББ «Шымкент №1 саңырау балалапрдың мектеп-интернаты» КММ-ң тәрбиешісі Манапова Улданай Казыбековна
Тақырыбы: Техника қауіпсіздік ережелері

Мақсаты:

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

  2. Слайд, бейнеролик арқылы тақырыпты ұғындыру, тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.

  3. Дыбыстарды дұрыс және анық айтуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.

  4. Ынтымақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

  • Балалар, сіздер жалпы техника қауіпсіздік ережелері жайлы информатика, химия, физика, еңбек, дене шынықтыру сабақтарынан білесіңдер.

  • Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда біз жалпы күнделікті өмірде электр құралдарын пайдаланған кездегі техника қауіпсіздік ережелерін үйренеміз.

  • Ал, енді алдымен сабақта меңгерілетін сөздермен танысайық.

(Сөздерді оқыту. Суретпен көрсету)

  • Балалар, өздерің қолданатын электр құралдарын атап беріңдерші.


ІІ. Тақырып бойынша жұмыс

№1 слайд.


  • Балалар, электр құралдарын пайдаланған кезде біз қандай техника қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек?

№2 слайд.

  • Ақаулы ажыратқыштарды, розеткалар мен патрондарды қолдануға болмайды.

№3 слайд.

  • Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуіне, жоғары қуатты электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды.

№4 слайд.

  • Ашық тұрған сымдарды ұстауға болмайды, себебі тоқ ұру қатері бар.

№5 слайд.

  • Электр құралдарын қосып, қараусыз қалдыруға болмайды.


Бейнеролик.


  • Балалар, енді викторина өткіземіз.

  • Екі топқа бөлініп, сұрақтарға дұрыс жауап берулерің керек. Дұрыс жауап берген топ жеңіске жетеді.


Сұрақтар:


  1. Электр құралдарын су қолмен ұстауға бола ма?


  2. Су қайнатар алдында шәйнекті сумен мөлшерден тыс толтыруға бола ма?


  3. Ақаулы ажыратқыштарды қолдануға бола ма?


  4. Шамды ауыстырудан алдын не істеу керек?


  5. Розеткаға шеге және басқа заттар тығуға болмайды. Неге?



№7 слайд. Электр тоғымен зақымданғанда көмек көрсету.

№8 слайд. Қайнаған суға күйгенде көмек көрсету,
ІІІ. Сабақтың қорытындысы.