Файл: Блім 7блім. Клік жне жол белгілері. Педагогті атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | 7-бөлім.Көлік және жол белгілері. |
Педагогтің аты-жөні: | Мустажапова А.Б. |
Күні: | 06.02.2023 |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: 23 Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жол жүру ережелері қашан пайда болды? Сын есім |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | Т/А5.1.4.1 – тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау Ж5.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу; ӘТН5.4.4.3 –сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу |
Сабақтың мақсаты: | – тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады; - сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана біледі. |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. | |||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Айтылым. 5-тапсырма. Өлеңде не туралы айтылады? Өлеңге қандай тақырып қояр едіңіз? Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | 4-тапсырма. Өлеңді үнтаспадан мұқият тыңдатып, талқылауға арналған сұрақтарға оқушылар жауап береді. | Тыңдалым. Өлеңді тыңдап, Кеіпкер портретін және кейіпкер іс-әрекетін бейнелейді. | Дескриптор: Жалпы – 3 балл. Өлеңді тыңдайды. Мәтінді оқиды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Мәтіннің мазмұнын талдайды. Сұрақтарға жауап береді. | |
| №6-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді. | Айтылым. 6-тапсырма. «Оймоншақ» ойыны ойнатылады. Мәтіндегі қай сөз тура және ауыспалы мағынада екенін ажыратады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады | Дескриптор: Жалпы - 4 балл. -«Оймоншақ» ойыны ойнатылады - Мәтіндегі қай сөз тура және ауыспалы мағынада екенін ажыратады | Оқулық, жұмыс дәптерлері. |
| 7-тапсырманы орындатады. Мәтінге байланысты сұрақтар қойып, топқа бөледі. | Айтылым. Әңгіме мазмұнына байланысты 3 топта өз пікірлерін талқылайды. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады | Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -Мәтін желісі бойынша өз ойын жазады. -топта талқылайды. | Оқулық, жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |