Файл: лФараби атындаы аза лтты Университеті Сж таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




СӨЖ


Тақырыбы: Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм

Дайындаған: Норжигитов Ағабек

Қабылдаған: Балабекұлы Д.

Гносеология - бұл білімнің негізін қалайтын, ғылыми зерттеулерге жауап беретін философияның күрделі бөлімі. Этимологиялық жағынан бұл термин «эпистема» (білім) және «логос» (зерттеу) сөздерінен алынған. Білімге жету жолдарын қарастыруға және соған жетуге деген мүмкіндіктерді зерттейді.Білімнің өмірлік мазмұнын, адам өз өміріне қатысты жалпылама түсінікті алуына мүмкіндік беретін ғылыми бағыт. Адамның дүниені танып білуіне қабілетін арттырады.Гносеологияның негізгі мәнін ұғынудың маңзды жолы ол- таным арқылы. Таным тіршілікте адам баласының жер бетіне бейімделуі, оның өзіне бере алатын мүмкіндігі. Айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Бұл білімнің шындыққа қатынасы болып табылды. Алдымен, шындық, қатынас түсініктерін анықтап алу қажет. Шындық – метафизикалық мағынасында сол өмір сүретіндердің болмысы, яғни, өмір сүретіндер болмысының шынайылығы. Ол ақиқатпен , шынайылықпен , айқындықпен байланысты ұғым. Оның шынайылықтан айырмашылығы мүмкіндерді сақталатындығы болып қаралады деп есептеймін.

Гноесологиялық оптимизм- халық бұл ұғымды сенім мен үмітсіздіктен аулақ болу деп түсінеді. Танымды жоққа шығарушы бағытқа қарамақарсылықты береді. Мұндайды санада адамдарды бағдарынан сақталатындай , уақытша дұрыс шешімге келуіне, қоғамдық үрдістерге белсене араласуына кедергі келтірместей әртүрлі жалған шынайыға жат, үміттер үялайды. Мұндай көңіл күйде қоғамдық сана сезім басқандай мүлдем көздеген адамдардың тарапынан бұрмалауға, өз мақсаттарына пайдалануына оңай беріледі. Кейін бұқараның бұған көзі жетуі оны қатты түңілдіріп, Оптимизм орнына пессимизм басым болуы мүмкін екені байқалды . Қоғам сындарды өзгерістер жағына іс-жүзіне ауысқанда ғана адамдардың санасезімі болмысты неғұрлым жарқын әрі өміршендік жағына бейімдеуге ауысады. Зұлымдық жеңіліп, ізтілік үстемдік ететін қоғам орнатуға болады дейтін түсініқтер қиял және осы себепті әлеуметтік тұрғыдан қауіпті болып шығады деп түсінген.


Скептицизм- Философияға қажет элемент, себебі күмандану, сын терістеу догматизмге қарсы адамды тереңдікке жетелейді. «Қазіргі уақытта адамдар өмірде болып жатқаан ір құбылыстар мен заттарға және де өзін қоршаған адамдарға күмәнмен қарағанда тұрған ешнарсе жоқ»- деп түсіндіреді кей кітаптарда. Яғни айтқанда айтылған әрбәр сынды шындығын анықтай отырып анықтау. Объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады. Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болған.

Агностицизм- Философтардың басым көпшілігі адам баласының дүниені танып білу қабілетіне сенеді. Ал, сол сенімді жоққа шығарушы бағытты агностицизм деп атаймыз. Бұл ғылымда адам затты табиғпт құбылыстарын танып- біле алмайды деген ұмыммен қалыптасқан.Реалды шындықты танып білуге деген күмән. Мысалы грек ойшылы Пиррон « Заттарды сезіпте, ойлапта соңына дейін түсіну мүмкін емес»- деп айтса, ал Тимон « Мен заттың тәтті екенін сезсемде, оның шынында тәттә екенін айта алмаймын» деген.Жалпы алғанда, объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім.

Қолданыған әдебиеттер: « Философия» оқулық Нұрышева Г.Ж.

« Философия тарихы» Алтай Ж. Мұхамбетали Қ.

https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B3%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1 %82%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%B7%D0%BC