Файл: Жмыссыздарды жмыса орналастыру шін жастар практикасын аржыландыруа арналан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




 

Жастар практикасын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын
қаржыландыруға арналған
№ 183 шарт

Қандыағаш қаласы 2020 жылғы 07 қазан

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Мұғалжар ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ атынан директор Махимов Төлеулі Жұмағазыұлы және жұмыс беруші «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы «Жем пайдалану локомотив депосы» атынан басшысы Д.С.Жалмуханбетов (бұдан әрi–Жұмыс берушi) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі — Жұмыс беруші) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның    21-бабы 3) тармақшасына сәйкес және Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының  2020 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығының    негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін олар алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.

      2. Шарттың жалпы сомасы 69450 теңгені (алпыс тоғыз мың төрт жүз елу тенге) құрайды, оның   ішінде Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 69450теңге,

2. Тараптардың міндеттері

      3. Тапсырыс беруші:

      1) тараптардың міндеттемелерді орындау мониторингін жүргізуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұрауы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынуға;

      2) жастар практикасына қатысушылар туралы мәліметтерге сәйкес жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді уақытылы және толық көлемде жүргізуге;

      3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жастар практикасына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін жастар практикасына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;


      4) тараптарға жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      5) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;

      6) Орындаушының бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;

      7) Орындаушымен жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      8) Жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

      9) жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге;

      10) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      11) тараптардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      4. Орындаушы:

      1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

      2) азаматтармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;

      3) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізуге және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша оның жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынуға;

      4) қажет болған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге құқылы.

      5. Тапсырыс беруші:

      1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге 1(бір) адам жіберуге;

      2) Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде Еңбек Кодексіне сәйкес жастар практикасына қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.

      6. Орындаушы:

      1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту үшін мынадай мамандықтар бойынша жұмыс орындарын ұсынуға:



Р/с №

Кәсібі (мамандығы)

Білімі

Адам саны

Жастар практикасының ұзақтығы, ай

Бюджет шығыстарының сомасы айына, теңге


1

Темір жол көлігінде тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Арнаулы орта



1



6



69450



     
2) жұмыссыздармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

      3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға;

      4) қажет болған жағдайда, қабылданған жастар практикасына қатысушыға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;

      5) әрбір жастар практикасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізуге;

      6) қажет болған кезде жұмыссыздарды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

      7) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      9) бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;

      10) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына жазуға және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) беруге;

      11) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігін қамтамасыз етуге;

      12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу

      7. Жастар практикасына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Тапсырыс беруші Орындаушының мәліметтері негізінде жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

     9. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.


      10. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      11. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      9. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

      10. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      11. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Қолданылу мерзімі

      12. Осы шарттың қолданылу мерзімі 2020 жылғы 07 қазаннан бастап 2021 жылғы 07 сәуірге дейін.

      13. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      14. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары:








«Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы әкімдігінің халықты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы

жұмыспен жұмыспен қамту орталығы» КММ «Жем пайдалану локомотив депосы»

Ембі қ/сы, Есет батыр к/сі
Қандыағаш қ/ы Жастық2

Тел 7-24-57, 7-24-58 Тел_

(телефон, факс (телефон,факс)

ЖСК KZ08070103KSN0612000 ЖСК


110740005513 БИН 160641010421
БСН KKМFKZ2A

Т.Ж.Махимов __________________ Д.С.Жалмухамбетов
( Аты, әкесiнiң аты, тегi, қолы) (Аты, әкесiнiң аты, тегi, қолы