Файл: 1. Фотометрия Жары шамалары Жары энергиясы. Жары аыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Осы шарт орындалатын жарқырауық денелер косинустік жарық өздері деп аталады. Осындай жарық көздерінің жарықтылығы тұрақты болады.

Белгілі өлшмедері бар косинустік жарық көздерінің жарқырауы (R) мен жарықтылығы (В) өзара байланысты, атап айтанда:

(1. 14)

яғни жарқырау шамасы жарықтылықтан = 3,14 есе артық.
Жарық шамаларын өлшеу
Жарық шамаларын өлшеуге арналған приборлар фотометрлер деп аталады. Олар қолданылатын әдістерге сәйкес визуальдық және объективтік фотометрлер деп екі түрге бөлінеді.

Визуальдық әдістер жапсарлас екі беттің жарықтылығын, демек олардың жарықталынуын көзбен бақылап салыстыруға негізделеді, адамның көзі бір түсті жарық түскен ондай екі беттің жарықтылығы тең екендігін өте дәл айыра алады. Бірқатар фотометрлердің қызмет істеуі осы принципке негізделген. Кең тараған Люммер-Бродхун фотометрі.


4-сурет
Б үл фотометрдің негізгі бөлімі Люммер кубшесі (4-сурет) болады. Ол күбше тік бұрышты белгілеген екі шыны призмадан жасалады. Олардың біреуінің гипотенузасына сәйкес жағының шеті жұмырлап жонылған, орта жері жазық, болады. Призмалар гипотенузалары (ab) бойымен бір-біріне жабыстырылып қойылған, сол жақтағы S1 жарық көзінен келген жарық шоғы Р1және Р2 ақ экрандардан шағылған соң кубшеге түседі, оның екі призманың тиісіп түрған орнына түскен үлесі сынбай өтеді, призманың жонылған жерлеріне түскен үлесі басқа жаққа шашырап кeтеді. S2 жарық көзінен келген жарық шоғы да экрандардан шағылған соң кубшеге түседі; оның призмалардың тиісіп тұрған жеріне түскен үлесі сынбай өтіп кетеді. 2призма бетінің түйіспей тұрған жерлеріне түскен жарық шоғы іштен толық шағылады да бірінші жарық шоғы таралған жаққа қарай таралады. Сөйтіп кубшенің бір жағына қарай екі жарық көзінен келген жарық шоқтары таралады. Бүлардың екеуі де көру трубасына енеді де 1-шоқ түскен жарық дөңгелек дақ оны қоршаған сақина тәрізді 2-шоқ түскен белдеуше дақ көрінеді. Егер бұлардың жарықталынуы тең болмаса, олардың шекаралары айқын көрініп тұрады, ең болса — жапсары білінбейді. Өлшеу жүргізілгенде
S1 және S2 жарық көздерін жылжыта отырып осы дақтардың жарықталынуы теңгеріледі, мен ара қашықтықтары өлшенеді. (1.4) формула бойынша алынған жарық көздерінің жарық күштерінің қатынасы табылады. Егер бүлардың біреуінің жарық күші мәлім болса, екіншісінің жарық күшін анықтауға да болады.