Файл: Алгебра сабаына баылау параы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Алгебра сабағына бақылау парағы.

Мұғалім сабақты ұйымдастыру кезеңінде ең алдымен оқушылар назарын өзіне аудара алды. Оқушылар мұғалімге назар аударғаннан кейін, үй жұмысын сұрады. Сыныптың 60%- үй тапсырмасын дайындап келген. Мұғалім үй тапсырмасын тексеріп болған соң, жаңа тақырыпты түсіндірді. Жаңа тақырып: «Қысқаша көбейту формулалары». Жаңа тақырыпты оқулыққа жүгіне отырып, тақтаға есеп шығару арқылы түсіндірді. Мұғалім сабақты қазақ тілінде, математикалық терминдерді қолдана отырып, ғылыми түрде сауатты сөйледі. Мұғалімнің мақсаты: қысқаша көбейту формулаларын және алгебралық өрнектерді ықшамдауға үйрету. Мұғалім өз мақсатына жете алды.

Сабақты ұйымдастырылуы 5 минут.

Үй тапсырмасын тексеру 5 минут.

Жаңа тақырып түсіндіру 10 минут.

Жаңа тақырып бойынша тапсырма орындау 15 минут

Кері байланыс орнату 8 минут.

Үй тапсырмасын беру 3 минут.

Оқушылар жаңа білімді бекіту барысында мұғалімді зейін қойып тыңдады. Сабақтың басынан соңына дейін оқушылар сабаққа белсенділік танытып, мұғалімнің берген тапсырмасын тиянақты орындады. Тақырып бойынша мұғалімге сұрақ қою арқылы өз білімдерін арттырды. Сабақ соңында үй тапсырмасын жазып алды.

Сабақтың нәтижесі: Мұғалім өз мақсатына жете алды. Тақырыпты нақты әрі толық деңгейде аша алды. Оқушылар сабақты зейін қойып, жаңа білімді бекітті. Мұғалім сабақты ашуланбай, сабырлы күймен, ғылыми тілде сабақ түсіндірді. Мұғалімнің тәржірибесі мол екендігін байқадым.