Файл: 61 Абай атындаы жалпы орта білім беретін мектебі кмм директоры Д. Д. Алтеевті 2022 жылы атаран жмыстарыны есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«№61 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры Д.Д.Алтеевтің 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі

«№61 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі қазіргі таңда екі ғимаратта жұмыс жүргізіп жатырмыз

Жалпы мұғалім саны: 53

Кіші қызметкерлер: 25

    1. сыныптар аралығында 366 оқушы бар .

№61 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қазіргі таңда 1-11 сыныптар арасында 366 оқушы білім алады. Білім беруші педагогтар 52 мұғалім. Мұғалімердің барлығы жоғары білімді, заманауи құрылғыларды толық меңгерген. Білім саласындағы реформалардың барлығы дер кезінде ұжымда талқыланып, күнделікті оқу саласына енгізіледі. Оқушылар оқулықпен түгел қамтылған.

1.Әлеуметтік сала бойынша: Мемлекет тарапынан көп балалы отбасыдан және әлеуметтік статусы бар 10 оқушыға толық оқу құралдары және жыл мезгілінің барлық кезеңіне арналған киім кешектермен жабдықталды. Қазіргі таңда 20 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Тамақтың құнарлылығы мен құрамы үнемі бақылауда. Демеушілер тарапынан 5-оқушы киім-кешекпен ,мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.Көп балалы отбасы саны -53. 2022жылы 7-17 шілде аралығында мектебіміздің аз қамтылған , тұрмысы төмен , көп балалы отбасы балаларынан жеңілдетілген сауықтыру лагеріне 20 бала барып келді. Үкімет тарапынан әлеуметтік көмекті 7 отбасы алады. Осы отбасы балалары үкімет тарапынан оқу жылы басында мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтылды.

2. Тәрбие саласы бойынша: Мектебімізде оқушылардың құқықбұзушылығының алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесе әр тоқсанда бірлескен тренингтер болып өтті. Онда оқушылардың тәртіптік нормалары мен заң аясындағы тыйым салынған әрекеттер талқыланды. Мерекелік күндерде және аптаның белгіленген күндерінде түнгі рейдтік шаралар жүргізілуде. Ата-аналармен байланыс дұрыс жолға қойылып, оқушылардың жай-күйі дер кезінде хабарланып отырды.

«Жас-ұлан» ұйымына мектепте 13 оқушы өтті. Өзін-өзі басқару жұмысы бойынша сайлау болып өтті мектептің президенті болып 10-сынып оқушысы Полат Қайрат сайланды.Мектеп президенті, парламент мүшелерін сайлады.

.

3.Білім саласы бойынша: Биылғы оқу жылында барлық мұғалімдеріміз толық «Online Mektep платформасы: бәрі мұғалімдер мен сынып жетекшілер үшін бағдарламасы бойынша 2 сағат көлемінде оқудан өтті.


Оқушыларды олимпиадаларға дайындау жұмыстары да кешенді жоспарланып, мектепшілік және аудандық кезеңдеріне толық қатыстырылып келеді. Атап айтқанда жыл басында өткен аудандық олимпиадада төрт оқушымыз жүлделі орыннан көрінді.

«Тіл тағдыр-ел тағдыры» тақырыбында мұғалімдер арасында өтке эссе байқауында шығармашылық шеберлік танытқаны үшін Ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтынбетова Ақмарал Құрмет грамотасымен марапатталды.

Республикалық ғылым мен білімді қолдау «Тіл,өнер & білім » орталығының ұйымдастырған « Алгебра анализ бастамалары » пәні бойынша Республикалық олимпиадаға қатысқаны үшін Мырзасейт Серікқазы Нарынбайұлы , 11ә сынып оқушысы Мұсабек Асемай Ағабекқызы I дәрежелі диполммен марапатталды. Осы оқушыларға жетекшілік еткені үшін математика пәні мұғалімі Зияева Кенжекуль Ергешовна I дәрежелі диполммен марапатталды.
Дүниетану, жаратылыстану, география,тарих пәндерінен 2-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ALTYN URPAQ»- зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы болғаны үшін Сапар Айару Русланқызы II- орын дипломмен марапатталды, Сағласын Аяла Сапарқызы II- орын дипломмен марапаталды. Шора Аяла Бекжанқызы бас жүлдемен марапатталды.

«Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп кітап оқитын оқырмандар арасында өтетін, «2022- Балалар жылына» орай және биылғы жылғы « Бір ел- бір кітап» акциясы аясында таңдалған « Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы» Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін Сайлау Айару марапатталды.

«Қазақ елінің құрметті педагогі» республикалық байқауына белсене қатысып, болашақ ұрпақты оқытудың кәсіби дағдылары мен оқыту әдістерін шебер меңгеріп «білім академиясы – дарындар ордасы» республикалық журналына ұсынған «Шөл далаға саяхат» тақырыбындағы іс-тәжірибесі жарияланып, басылымның сапалық деңгейінің жоғары болуына сүбелі үлес қосқаны үшін «Білім академиясы-дарындар ордасы» журналы редакциясының 2022 жыл 2 қараша №02 шешімі бойынша Пилалова Гулмира Дуйсембаевна және Ширинбаева Ирискул Соанбекова «Қазақ елінің құрметті педагогі-төсбелгісімен марапатталды.

«Жеті Өнер» VI Халықаралық шығармашылық фестиваль- конкурсының 2021-2022 оқу жылындағы іріктеу кезеңінен шәкірттері сүрінбей өтіп, дүбірлі доданың мәресіне жеткізген, «Өнер» деген ұлы әлемге жетелеп, «Бақытты балалар мекені- Жаңа Қазақстандағы»жас дарындардың жолына айқын бағыт беріп, білімнің қайнар бұлағына, өнердің жарқын шырағына айналуларына ат салысып жүрген тәжірибелі тәлімгер бастауыш сынып мұғалімі Пилалова Гулмира Дуйсембаевна сертификатталды.


Аудандық пән олимпиадасында тарих пәні мұғалімі Дынашова Айжамал ІІ орын иегері атанып,облысқа жолдама алып ,Алғыс хатпен марапатталды.. Химия пәні мұғалімі Қашқынбекова Құралай алғыс хат алды. Эссе байқауында орыс тілі пәні мұғалімі Жұмадилдаева Айгүл алғыс хатпен марапатталды. Бастауыш сыныптар бойынша математика пәнінен болған аудандық олимпиадада Бастауыш сынып мұғалімі Ширинбаева Ирискул Соанбекова ІІІ орын иегері атанды.

2022жылғы 32-оқушы сыныпты бітірді 22-оқушы тест тапсырып ҰБТ-қортындысы бойынша орта балл 68,1% болды, 11-оқушы грант иегері атанды. 2020-2021 оқу жылында білім сапамыз 42,9% болды. 2021-2022 оқу жылында білім сапамыз 40% болды. 2022-2023 оқу жылы І-жарты жылдық білім сапасы бойынша 40% болды.

4. Кітапхана саласы бойынша : Оқу жылы басынан бері кітапханашы С.Катипова және пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы өткізіліп келеді. Бірінші кезең қазан айында өткізілді, екінші кезең ІІ тоқсан соңында 30 желтоқан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасына арнайы бекітілген комиссия құрамы сынып оқушылары арасында көбірек әдеби кітаптар оқыған оқушылармен оқыған кітаптары жайлы сұрақ-жауап арқылы білімдерін, қызығушылығын, кітап құмарлығын анықтап, оларға тиісті орындары мен ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады. Бұл жобаның бас демеушісі мектеп директоры Д.Алтеев болды. Жоба жыл соңына дейін жалғасады.

5.Қоғамдастық аясындағы жұмыстар : Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасында ұйымдастырылған семинарлар . Серіктес мектеп мұғалімдері арасындағы сабақ зерттеуді қолға алу .25.11.2022ж №60 Н.Шойбеков мектебінде серіктес мектептер арасында семинар болып өтті. Семинардың тақырыбы «Lesson Stady» оқушылардың деңгейін зерттеу барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары. Мақсаты: Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана отырып іс-тәжірибе алмасу.

9.12.2022ж №61 Абай мектебінде серіктес мектептер арасында аймақ аралық семинар болып өтті. Семинар тақырыбы: «Оқытуда оқушылардың жеке ерекшеліктерін , ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу процесін жоспарлау» Мақсаты: «Оқытуда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып , сабақты тиімді жоспарлау ,өзара тәжірибе алмасу.

23.12.2022ж №63 С.Сейфуллин мектебінде серіктес мектептер арасында аймақаралық семинар болып өтті. Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» Мақсаты: Оқыту мен оқудағы жаңаәдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқыту сапасын жақсарту, әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру.


Қорытындылай келе айтар болсам жоғарыдағы атқарылған жұмыстар мұғалімдердің кәсіби өсуіне , білім сапаның артуына септігін тигізер деп айта аламын.

Мектеп әкімшілігі

Қамқоршылық кеңесі