Файл: Саясаттану обьектісі оамны саяси саласы,онда болып жатан барлы саяси былыстар мен процестер Саясаттану субектісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Саясаттану дегеніміз - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындаңы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым

Саясаттану обьектісі- Қоғамның саяси саласы,онда болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер

Саясаттану субектісі- Қоғамның үлкен әлеуметтік топтары,таптары,жеке адам.

Авантюризм – саясатқа, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат-мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлі жолмен оңай олжа іздеушілік.

Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі  басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым. 

Адам құқықтары – белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, кепілдіктері.

 Аккредитация – 1) шет мемлекетте өкілеттілікке ие болу, сенім грамотасын тапсыру; 2) ақша алуға немесе сауда операцияларын жасауға өкілеттілік.

Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. (мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда  Еуропа мен Аметика елдерінде етек алуда).

Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.

Блокада – өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.

Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу. 

Волютаризм – саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізілген саясаты.

Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға  (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. 

Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен (феодалдық) феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.


Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.

Делегат – съезде, конференцияларда, конргесте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, партияның мақсатын көздейтін өкіл.

Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік  органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар  азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байқалып отырады.

Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді. 

Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар.қырым татарлары,  месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды. 

Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде дамиды.  Бір партиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. 

Заң – қоғамдағы қатынастардың әртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді біріктіреді.

Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдырды бір сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылымға енгізген З.Фрейд.

Институализация- саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәптіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.