ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

Қысым

Педагогтің аты-жөні:

Орынбай Шынар

Күні:

07.02.2023ж

Сыныбы: 7Б

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Архимед күші

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру

7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күшті түсінеді және архимед заңын біледі


Сабақтың барысы


Сабақ кезеңі

Педегогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 ми

Сабақтың барысы

15 мин

10 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

«Жүрек жылуы» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілек білдіреді.


«Білім картасы» және Тест арқылы өткен тақырыпты еске түсіреді.

Аты-жөні:_____________ Күні:____________

Атауы

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

Қатты денедегі қысым










Гидростатикалық қысым











Тест

1. Қысымның формуласы.
А. F=mg B. p=F/S. C. P=mg

2.Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар менгаздарда болатын қысым.
А. p=P/S. B. V=S*h. C. p=ρgh.

3. Атмосфералық қысымның бар екендігін кім тәжірибе жүзінде дәлелдеді?

А. Торричелли В. Паскаль С. Архимед

4. Бетке түсірілген күштің сол бет ауданына қатынасы қалай аталады?
А. Қысым В.тығыздық С.масса

5.Тығыздықтың өлшем бірлігі.

А. Па В. С. Н

6. Атмосфералық қысымның бірлігі

А. Н В. мм сын. Бағ С. Па/с


Жағдаят туғызу:

Архимед аңызы

Аңыз бойынша, Сиракуз патшасы Герион өзіне жаңа тәж жасатпақша болып еліндегі ең мықты деген ұстаны шақыртып, оған өзіне алтыннан тәж жасап беруін бұйырады. Солай ұста патшаның берген алтынын алып патшаға тәж жасап әкеліп береді. Солай патша ұстаға рақметін айтып, ұстаны жолына жібереді. Содан патша тәжін қолына ұстап отырып ойланып, уәзіріне айтады: «Ұста менің берген алтынымды алып қалып, тәжді басқа металлдан жасап беруі мүмкін ғой!» Уәзірі: «Онда тәжді тексеру керек» дейді. Патша ал бұны кім тексере алады дегенде, уәзірі қазіргі заманның ғалымы АРХИМЕД бар ғой дейді. Солай патша адам жіберіп Архимедті шақыртады. Архимед келгеннен кейін патша оған тәждің алтыннан ба әлде басқа металлдан ба екенін тексеруді бұйырады. Содан Архимед бірінші тәждің салмағын өлшейді, енді оның көлемін өлшейін десе, қолынан келмейді. Неге?(Оқушылар өз ойларын айтады.) Ия, себебі тәждің формасы күрделі болғандықтан, Архимед оның көлемін өлшей алмайды. Енді не істесем екен деп көп ойланады. Бірақ шешімін таппайды. Сөйтіп Архимед кеште суға түсейін деп ваннаға жатқанда белгілі бір көлемдегі су сыртқа төгіліп кетеді,содан ол «Эврика,Эврика» деп айқайлап жүгіріп шығады. Сонда оның ойына келгені: егер тәжді суға салсам белгілі көлемдегі ағылып шыққан су тәждің көлеміне тең болмайды ма! Солай ол ваннадан ағылған су арқылы тәждің көлемін анықтап алады. Тәждің массасын белгісі,көлемі белгілі,алтынның тығыздығы белгілі,енді тәждің қандай металлдан жасалғанын анықтау оңай ғой дейді. Содан ол осы мәндерді формуласына қойып есептейді. Есептеп тапқан тығыздығы алтынның тығыздығына тең болмай шығады. Содан ол патшаға барып тапқанын айтады. Соңында ұста өз жасасын алады.

Бұдан шығатыны: Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең кері итеруші күш әрекет етеді.

Тәжірибе

Екі стакан ыдысқа тұщы су және тұзды су құямыз. Екеуінеде жұмыртқа салып, не болатынын байқаймыз. Сонда тұщы судағы жұмыртқа судың түбіне батып кетеді. Ал тұзды судағы жұмыртқа судың бетінде қалқып тұрады. Бұл неден?(Оқушылар өз ойларын айтады) Яғни сұйықтың тығыздыңы неғұрлым көп болса, судың түбінен әрекет ететін кері итеруші күш соғұрлым көп болады деген сөз. Сонда біз бұл тәжірибе арқылы Архимед аңызының ақиқат екенін анықтадық.



Есеп шығару:

Тақтаға есептер шығаруға “Айналалы тақта” арқылы оқушылар таңдалады.

I-нұсқа

  1. Граниттің сынығы суға толық батқанда көлемі 0,8 м3 су итеріліп шығарылған. Граниттің сынығына қандай кері итеруші күш әсер еткенін есептеңіз. Судың тығыздығы 1000кг/м3.




  1. Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы - 1000кг/м3.




  1. Көлемі 5 дм3 болатын дене толығымен суға батырылғанда, оған әсер ететін кері итеруші күш 50 Н-ға тең болса, сұйықтың тығыздығы қандай?


II-нұсқа

  1. Суға көлемі 0,9 м3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000кг/ м3.




  1. Суға көлемі 150 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы - 1000кг/м3.




  1. Көлемі 2 дм3 дене толық суға батырылған. Осы денеге әсер ететін кері итеруші күш 18 Н болса, дененің тығыздығы қандай?




Мұғаліммен амандасады. Бір-біріне тілек білдіреді.

«Білім картасы» және тест парағын орындайды.

Білім алушылар жағдаят және тәжірибе кезінде өз ойларын айтады.

Берілген есепті параққа орындайды.



Дескриптор:

-қатты денедегі қысымның белгіленуін біледі 1 ұпай

-қатты денедегі қысымның формуласын біледі 1 ұпай

-қатты денедегі қысымның өлшем бірлігін біледі 1 ұпай

-гидростатикалық қысымның формуласын біледі 1 ұпай

-гидростатикалық қысымның формуласын біледі 1 ұпай

-гидростатикалық қысымның өлшем бірлігін біледі 1 ұпай

Дескриптор:

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Дескриптор:

А:

-есептің берілгенін жаза алады

-формуланы қолдана алады

-шешімін жаза алады

В:

-есептің берілгенін жаза алады

-ХБЖ-ға келтіре алады

-формуланы қолдана алады

-шешімін жаза алады

С:

-есептің берілгенін жаза алады

-ХБЖ-ға келтіре алады

-формуланы түрлендіре және қолдана алады

-есептің шешімін жаза алады



7 сынып оқулық.


Сабақтың соңы.

Рефлекция


БББ кестесін толтыру арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізеді.



Табыс ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жабыстырады.



БББ кестесін толтыру арқылы бүгінгі сабақта білгендерін жазады.


Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады және оны табыс ағашына жабыстырады.


.