ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | | | | | | ||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | Койшеева.А.О | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | 18.01.2021 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән/Сынып: | Математика 4-сынып, ІІІ тоқсан. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | І апта, 3-сабақ /83-сабақ/ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 3 (А)-Бөлім Қозғалысқа, түсімділікке берілген есептер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Түсімділік | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.5.1.2** есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт шамалары арасындағы тәуелділігін пайдалану; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: | Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдайды және шығарады. Есепті сызба/дөңгелек диаграмма,/график түрінде модельдейді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||
10 минут | Ұйымдастыру | - Сәлеметсіз бе, 4-сынып оқушысы. Математика сабағына қош келдіңіз. - Бүгінгі сабағымызда Түсімділік тақырыбымен жұмыс жасаймыз. Түсімділікке берілген есептерді шығаруды үйренесіз. Сонымен қатар «Сабантой» мерекесімен танысамыз «Сабантой» – ұлттық салт-дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтың, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі, әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде «Сабантой» өткізеді. Әрине мұнда да кең дастарқан жайылып, ақсақалдар бата береді. Палуан күрес, ойын-сауық түрлері өткізіледі. Не керек, жұрт қауырт жұмыстан кейін кең тыныс алып бір жасап қалады. «Сабантой» мереке әрі егіншілердің еңбек қорытындысы десе де болады. Оқулықтағы 1-тапсырмаға көңіл бөліңіз. - Егіннің түсімділігін өлшейтін өлшем бірліктерді анықта (кг, т, ц). - Cалыстыру үшін алдымен не істеу керек? (Бірдей өлшем бірлікке келтіру қажет.) Бірдей өлшем бірлікке келтіріп, салыстырайық. ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР 8т = 8 000кг 8 000кг > 6 100кг, яғни 8т > 6 100кг 5ц 500кг =1000кг, яғни 8т >5ц500кг №2 тапсырма Егіннің түсімділігі, ауданы, массасының формулаларын пайдаланып, белгісіз шаманы анықтаңыз ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
20 ∙ 35 = 700 ц 810 : 18 = 45 га 1000 : 100=10 ц/га №3 тапсырма. Есепте егістіктерінің ауданы қандай екенін тап. 1) 5 320 : 14 = 380 (га) – 1 егін алқабы 2) 5 320 : 19 = 280 (га) – 2 егін алқабы 3) 380 + 280 = 660 (га) – екі фермерге бөлінген жер | Не меңгеретінін білу үшін Көптаңбалы санға бір таңбалы санды көбейту | Қалыптастырушы бағалау; Жарайсың, Ақылдым, Керемет! | Слайд 1-3 | |||||||||||||||||||||||||||||||
10 минут | Жаңаны ашу | №5 Есепті теңдеу құрып шығар х – әр түптен алынатын таңқурай түсімділігі болсын. Шешуі: 480 кг = 480 000 г (700 + 900)x= 480 000 1600х = 480 000 х = 480 000 : 1600 х = 300 Жауабы: 300г – әр түптен алынған таңқурай түсімділігі | Жаңа тақырыпты меңгеру Егіннің түсімділігіне берілген есептерді талдайды және шығарады | | Слайд 4-6 | |||||||||||||||||||||||||||||||
20 минут | Тәжірибе | №6 Есептің қай сұрағына жауапты әртүрлі тәсілмен алуға болады? Қызылшаның түсімділігі орташа есеппен 25 т/га-ны құрады. Егер жақсы күтім жасалса және суарылса, 50 т/га алуға болады. Жақсы күтім жасалған жағдайда 30 га жерден қызылшаны (тоннамен) қанша есе артық жинауға болады? Жақсы күтім жасалған жағдайда қанша тонна қызылшаны артық жинауға болады? Шешуі: 25 · 30 = 750 т (орташа есеппен алынған түсім) 30 · 50 = 1500 т (күтім жасалған жағдайда алынған түсім) 1500 : 750 = 2 т Жауабы: Жақсы күтім жасалған жағдайда 30 га жерден 2 есе тонна қызылша артық жинауға болады. | Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру Алған білімін қолдана алу | Бағалау критерийлерін ұсыну егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдаланады | Слайд 7-10 | |||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | Бекіту Кері байланыс | 9-тапсырма Диаграмма бойынша кестені толтырып, әрбір жемістің массасын табады.
Оқушылар диаграмма бойынша есептер құрастырады. Дескриптор - диаграмма бойынша кестені толтырады; - әрбір жемістің массасын анықтайды; - диаграмма бойынша есеп құрастырады. «Жеміс ағашы» Жемістер – сабақ пайдалы, жемісті болды; Гүл – сабақ жақсы өтті; Жасыл жапырақ – сабақ бойынша сұрақтарым бар; Сары жапырақ – сабақты түсінбедім. | Тақырыпты меңгергенін анықтау Өздік жұмыс жаңа тақырыпты пысықтауға бағытталған. | Бағалау критерийлерін ұсыну | | |||||||||||||||||||||||||||||||
| | | | | | |