Файл: лдармен жмыс сынып Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұлдармен жұмыс
___ сынып
Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;  

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар  сiңiрген.  Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып  азамат болғанға  дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi — ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны сондықтан.  “Әкеге  қарап  ұл  өседi,  шешеге қарап қыз өседi”, “Әке — бәйтерек, бала — жапырақ”, “Жас – кәрiнiң көзi, кәрi — жастың тезi”, “Ата — балаға сыншы”  мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.


Ұлдар тізімі



Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Мекен-жайы



Боранбай Рауан




Қайнарлы ауылы, Бастау көшесі 13,

Телефоны 50036



Нұрсәлімов Думан




Қайнарлы ауылы, Мектеп көшесі 5,

Телефоны 50043



Ұлдармен жұмыс жоспары

2014-2015 оқу жылы



Мерзімі

Жұмыстың мазмұны

Жұмыс түрі

Жауапты


1

Қыркүйек

  • «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»

 

Сыныптан тыс

Сынып жетекшісі


2

Қазан

  • Ұлдарға өсиет

«Қарттарым асыл қазынам»

  • «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін»

Қарттармен кездесу
Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

Сынып жетекшісі


3

Қараша

  • Мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат).

Өндіріске саяхат

Сынып жетекшісі


4

Желтоқсан

  • «Тәуелсіздіктің арайлы таңы»




Интеллект. ойын

Сынып жетекшісі

5

Қаңтар

  • «Толағай»

Отбасылар сайысы


Сынып жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

6

Ақпан

  • «Ұлдарға кеңес»

Пікір алмасу

Медбике, тәлімгер,

сынып жетекшісі

7

Наурыз

  • «Ұл бала» туралы мақал –мәтелдер, өлеңдер, нақыл сөздер жинау 

Кітапша жасау

Сынып жетекшісі, сынып ұлдары

8

Сәуір

  • Дене шынықтыру пәніне, спорттық үйірмелерге қатысуларын, аула клубтарында футбол ойнауларын бақылау

Бақылау

Сынып жетекшісі

9

Мамыр

  • Ұлы Отан соғысы жайлы кинофильмдер, диафильмдер көрсетіп, оны талқылау

 

Пікір алмасу


Сынып жетекшісі,

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі


Сынып жетекшісі: Г.К.Машаева