Файл: 85. Театрализациялау наты мерекелік рекетті театр заына сйкес йымдастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

81.Театрландырылған тақырыптық концерт маңыздылығы өте зор оның өзіндік тән құралдары бар мысалға айтатын болсақ жүргізушілерді персонификациялау, сюжеттік жүргізу тәсілі, сценография,
теарталдық костюм, грим, сахналық атмосфера. Концерттік нөмірлерге
қойылатын талаптар.
83. Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.
Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді.
85. Театрализациялау – нақты мерекелік әрекетті театр заңына сәйкес ұйымдастыру.

Иллюстрация-суреттермен, фотосуреттермен, слайдтармен, музыкалық фрагменттермен, әдеби шығармалардан үзінділермен, құжаттармен, кестелермен, графиктермен және т.б. жабдықталған түсіндірме, көрнекі мысал, мәтін. Иллюстрацияның бірнеше түрі бар. Құжат.
82. Концерттік нөмірлерді іріктеу кезінде оларға мынадай талаптар қойылуы тиіс: нөмір аяқталған түрге ие болуы, концерттің тақырыбына (нысанына) сәйкес келуі тиіс, нөмірдің мазмұны болжамды аудиторияға сәйкес келуі тиіс. Нөмірлердің жанрлары мен түрлері: ауызекі сөйлеу нөмірлері; музыкалық; пластикалық-хореографиялық; аралас; "түпнұсқа". Сөйлесу жанры: сценарийде өте кең таралған нөмір
86.Мерекелердің тойлану мәні менің ойымша саны шексіз қаншама мереке бар бірі жаңа бірі ескі.Ескі мерекелердің бірі мысалы үшін наурызды алсақ оны ұмыт қалмауы үшін сонау ата бабамыздан келе жатқан мереке болғасын тойланады деп ойлаймын.Ал жаңа жыл ол ешқашан ұмыт болмастай корінетін мейрам ол мерекенің тойлану мані балаларды отбасымызды куанту максатында деп ойлаймын.

. 84Меркелік әрекеттегі түпкі ой қандайда бір концерттік шоу бағдарлама откізгенде коруші,тыңдаушы аудиторияға жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында жүргізілетін әрекет.
88. Композиция(лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма): көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады
Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіпкерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады.
89. Жастардың, әсіресе, студенттердің патриоттық сезімін арттыру бағыттары бойынша төмендегідей МТЖ формаларын өткізуді ұсынамыз:

Әңгіме, патриоттық бағыттағы ғылыми конференциялар, сыныптық сағаттар;
Салтанатты жиындар, «Ерлік, Отан қорғау, Ескерткіштер» т.б тақырыбында дәрістер;
Экскурсия, ұлттық құндылықтар сақталған мұражайлар мен ескерткіштерге саяхат жасау, патриоттық тәсілдегі ойындар, тарихи мекендерге, жерлерге және соғыс ескерткіштеріне саяхат жасау;
Шерулер, патриоттық әндер, спорттық ойындар;
Патриоттық бағыттағы фильмдер, видеолар көру және оған түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Конкурстар, мерекелер, Виктариналар;
Рөлдерде ойнау, театрландырылған қойылымдар, жағдаяттарды шеше білу;
жобалар жасау, модельдеу;
ҰОС ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру, танымал адамдармен кездеслер ұйымдастыру;
тест, сұрақ-жауаптар жүргізу, тренингтер өткізу;
азаматтық-патриоттық тәрбие туралы кітаптарды презентациялау;
әлеуметтік акциялар;
шоу бағдарламалар, концерттік бағдарламалар;
дебаттар, жарыстар және т.б.
90. МТЖ формалары:

Әңгіме,ғылыми конференциялар, сыныптық сағаттар,салтанатты жиындар,дәрістер,түсіндіру жұмыстарын жүргізу,Конкурстар, мерекелер, Виктариналар,жобалар жасау, кездесулер ұйымдастыру, танымал адамдармен кездеслер ұйымдастыру;
тест, сұрақ-жауаптар жүргізу, тренингтер өткізу; кітаптарды презентациялау,әлеуметтік акциялар,шоу бағдарламалар, концерттік бағдарламалар,дебаттар, жарыстар және т.б.


87. Монтаж – бұл жекелеген бөліктерді жүйелеу, салыстыру, қарсы қою үшін біріктіру”. Сонымен қатар төмендегідей талаптарды ескеру қажет: а) монтаждық бөліктердің ішкі байланысы және олардың ұқсастығы немесе қарама-қайшылығы ... Монтаж жасаудың мүмкіндіктері әр жанрда алуан түрлі, яғни мәтінді жүйелеуден бастап, ұзақ сөздерді қысқарту, сәтсіз фрагменттерді алып тастау, техникалық жағынан дұрыс жазылмаған жерлерді үзіп алу, дыбыстық образды құрастыру.