Файл: Жеке жне жпты, топты жмыстар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әдіс түрлері: 
Ойын түрлері; 
Жеке және жұптық, топтық жұмыстар; 
Оқушылардың өз бетінше іс - әрекеттері; 
Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау; 
Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету); 
Оқыту мәселелері. 

1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. 

2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. 
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. 
3. «Миға шабуыл» стратегиясы 
(Мұғалімдермен жұмыс) 
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?” 
4. “3 таяқша” әдісі 
(мұғалімдермен жұмыс) 
Берілген тақырыпқа байланысты 
1 сұрақ 
1 жауап 
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. 
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы” 
5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс) 
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ. 
Семинарға не үшін келдіңіз? 
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. 
«Әдіс алмасу үшін.» 

6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі 
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде 
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды. 

7. «Он сұрақ!» әдісі. 
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру) 
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. 
8.«Серпілген сауал» әдісі 
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
 
Мысалы, 
“Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?” 
“Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” 
“Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?” 
9. «Құпия зат» 
– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: 
Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ 
10. «Лездеме!» әдісі. 
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: 
Конверттен бір сөзді бір рет алу 
Сөздің өзін атамай түсіндіру 
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді! 

11.«9 - ромб» әдісі 
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді. 

12. «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда. 
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. 
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды; 
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; 
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл. 

13. «Детальдарын қосу» әдісі. 
(мұғалімдермен жұмыс. Оқушы сабақтан көп қалады.) 

Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады! 
Бастапқы сөйлемнің мысалы: 
Бүгін біз мектепке жиналдық. 
Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: 
Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар - кустаға келдік. 

14. Кері байланыс түрлері 
«Алма ағашы» әдісі 
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
 
«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 

• «Таңдау» әдісі. 
• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 
• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 
• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. 
• Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады. 

Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны 
• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 
1. Чемодан(суреті) 
2. қоқыс жәшігі (суреті) 
3. еттартқыш (Суреті) 
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

 8 сынып биология сабақтарында қолданылатын әдістер 

Жоспар

1.Биология сабақтарындағы оқыту әдістерінің әртүрлілігі.

2. 6 сынып биология сабақтарында пайдаланатын әдістер.
2.1. «Өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбында қолданылатын тірек сызбалар.
2.2. Тест сұрақтарын қолдану.
2.3. Ойын элементтерін қолдану.

3. 7 сынып биология сабықтарында қолданылатын әдістер.
3.1. Кесте пайдалану тиімділігі.
3.2. Әдіс тәсілдердің тиімділігі

4. 8 сынып биология сабақтарында қолданылатын әдістер.
4.1. Тапсырма жұмыстары арқылы сабақ жүргізу әдістері.
4.2. Дебат сабақ – тиімді әдіс.

5. Қорытынд.


6. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі. Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары көрініс табуда. Қазыігі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскеленең бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге ретілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазыргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтетінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, махмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психалогиялық – педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонысен қатар оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық – кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде болып мәселені шеше алмайды. Мұғалімдердің кәсіптік дайындығының белгілі бір тар шеңбердегі қызметкер қатаң бағытталуы, оқытудың ұжымдық әдістері мен тиімді технолгиясының толық талдамасының болуы, диагностикамен тесті қолданылудың тиімділігі, қызметкерлердің кәсіптік жағына инновациялық өзгерісті баяндауда ынталандырудың болмауы.
5
Оқушылардың білімін көтеру оқуға деген ынта жігерімен қызығушылығын арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әр түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығуы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Бұл орайда азамат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың ұзақ үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жасғаса береді. Қазіргі оқыту процесінде модулдік оқыту технолгиясы кеңінен қолданылуда және өз тиімділігін көрсетуде.
Бұл технологияның ерекшеліктері:

1. Құрылымының үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды):
2. Өзін – өзі бағалау:
3. Топтық жұмыстарға белсенділік:
4. Көру, естк, жазу, сөйлеу құрылыстарының қатар жүруі:
5. Еркін тәрбиеге баулау.
Осы тұғыдан бүгінді күні жаңа техналогияның тиімді әдістері, жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экалогиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшінәр бір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс әрекеті емес, оған уақыт керек. «ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деп Ж.Ж. Руссо бекер айтпаған.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынған оқыту технологиясы – құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әртүрлі үш бөліктен: кіріспе, сөйлесу, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әр оқу модулінің сағат саны оқыту бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
6
Кіріспе мұғалім оқушыларды оқу моделінің жалпы құрылымы мен және мазмұнымен таныстырады. Оқушылардың осы оқу молуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттірін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушыныңқабылдауына, түсінуіне ерекше көңіл бөледі.
Сөйлесу бөліміндегі оқу материалын меңгеру – тек қажетті құрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету, қисында ойлауды, түрлі құбылыстармен фактілер арасындағы байланысты көру білуді дамыту. Егер бұл бөлім дұрыс ұиымдастырылмаса, оқу моделіндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа және оқушылардың дайындығын деңгейін мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар кол жеткізгелі отыр.
Қорытынды бөлім тарауды оқытудың тұтас циклін анықтайтын рефлекциялық – бағалау кезеңі. Ол оқушылардың сөйлеу бөліміндегі танымдық қызметі барысында жағдай жасалынған дайындық деңгейін бақылауға тексеруге, бағалауға арналған. Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестілі оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады. Бұл аса маңызды.
2. 6 – сынып биология сабақтрында пайдаланатын әдістер.
2.1. «Өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбында қолданылатын тірек сызбалар.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыру, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өз ойларын дұрыс жеткізуге, саралап талдауға, ізденуге тәрбиелеу мақсатында биология пініне «өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбында сабақ үлгісін түсіндіру.