Файл: Таырыбы Периодты кестені рылымы 7 сынып.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Периодтық кестенің құрылымы
7 сынып





7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар
Химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуы бойынша период, топ және қатарларға бөлуді үйренеді;
Периодтың кіші және үлкен периодты ерекше қасиеттерін сипаттай алады;
Табиғи ұяластарды өзіне сай элементтерді сәйкестендіре алады;


Оқу мақсаты


Бағалау критерийлері





Жалпы сипаттамасы
HYG


Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) — Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.
Жүйе атақты орыс химигі Д. И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына (қазіргіше, атомдық массасына) тәуелділігін көрсеткен еді.Қазіргі кездегі периодтық жүйеде барлық элементтер рет бойынша нөмірленген. Элементтердің нөмерін реттік немесе атомдық нөмер деп атайды. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырудағы негізгі принцип – барлық элементтердегі периодтар мен топтарға бөліп орналастыру. Әр топ өз кезегіндегі негізгі (а) және қосымша (в) топшаларға бөлінеді (периодты кестенің ұзын түрін қара). Топшалардағы элементтер өзара химиялық қасиеттері жағынан өте ұқсас








Период


Период деп сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтер тобын айтады. Периодтар горизонталь қатардан тұрады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент бар. Әрбір период, біріншіден басқасы, сілтілік металдан басталып, инертті элементпен аяқталады.





* Бірінші периодтың ерекшелігі – онда екі элемент қана Н, Не орналасқан. Сутектің сілтілік металдарға да, галогендерге де ұқсайтын ортақ қасиетіне байланысты оны көбіне Іa кейде VІІа топшаға да орналастырады.


* Екінші периодтта 8 элемент ( Lі – Ne) бар. Ол сілтілік металл литийден Lі басталады, одан кейінгі ІІ валентті Ве металл, ал ІІІ валентті В элементтінің металдық қасиеті кеміп, ІV валентті көміртектен бейметалдар басталады, олардың (N, О, F) тотығу дәрежелері теріс. Период  инертті газ – неонмен (Ne) аяқталады.


Үшінші периодта да 8 элемент орналасқан (Na – Ar). Олардың қасиеттерінің өзгеру сипаты екінші период элементтеріне ұқсас, дегенмен Mg-мен Al-дің Ве-мен В-ға қарағанда металдық қасиеті басымдау, сондай-ақ бейметалдар – P, S, Cl-дың екінші периодтағы “ұқсастардан” айырмашылығы олар өздеріне тән ең жоғары оң валенттіктерін көрсете алады. Менделеев 2 және 3-период элементтерін типтік элементтер деп атаған, себебі олардың бәрі де табиғатта кең таралған.


Кіші периодтар





Төртінші периодта 18 элемент бар ( К – Кr), ол – үлкен периодтардың алғашқысы. Мұнда сілтілік және сілтілік-жер металдардан кейін ауыспалы деп аталатын 10 элемент (Sc – Zn) орналасады. Бұларды d – элементтер деп атайды (кестеде көк түсті), олар да қосымша топшаларға кіреді. Ауыспалы элементтер түгелдей металдар, Fe – Co – Nі триадасынан басқасы өздеріне тән ең жоғары валенттіктерін көрсетеді. Соңғы алты p-элементтер (Ga – Kr) негізгі топшаға (a) кіреді, қасиеттерінің өзгеруі бұрын айтқан ІІ және ІІІ период элементтеріне ұқсас.


Бесінші периодта 18 элемент (Rb – Xe) бар, құрылысы төртінші периодқа ұқсас. Одан айырмашылығы ауыспалы элементтер де, ксенон да (Xe) өзіне тән ең жоғары оң валенттіктерін көрсете алады. Соңғы галоген – иодта аздаған металдық қасиет пайда болады.


Жетінші периодта да францийден (Fr) басталатын 32 элемент болуға тиісті, бірақ ол әлі аяқталмаған (12 элемент әлі табылған жоқ).


Үлкен периодтар


Алтыншы периодта 32 (Cs – Rn) элемент бар. Онда ауыспалы 10 элементпен (La, Hf – Hg) қатар 14 f – элементтер, лантаноидтар (кестеде жасыл түсті) орналасқан.





Қатарлар


Периодтарда араб сандарымен белгіленген 10 қатар кіреді. Үлкен периодтардың жұп қатарларында (төртінші, алтыншы, сегізінші және оныншы) тек металдар тұр және бұл қатарлардағы элементтердің қасиеттері аздап қана өзгереді. Үлкен периодтардың тақ қатарларындағы (бесінші, жетінші, тоғызыншы) элементтің қасиеттері қатардағы типтік эдменттердегі сияқты солдан оңға қарай өзгереді.
Менделеев II және III период элементтерін типтік деп атады. Бұл элементтердің қасиеттері типтік металдан екідайлы элементтерге одан бейметалл мен инертті газға қарай заңдылықпен өзгереді. Сонымен қатар периодтарда элемент қосылыстарының қасиеттері және формалары да заңдылықпен өзгереді.





Топтар


Элементтердің вертикаль қатарлары топтар деп аталады. Қысқа нұсқадағы топтар саны 8 және олар негізгі (А деп белгіленеді) және қосымша топшаларға (B деп белгіленеді) бөлінген. Бір топшаға химиялық қасиеттері ұқсас элементтер топтастырылған (ұялас). Элементтердің периодтық жүйесінің жартылай ұзын және ұзын нұсқаларында он сегіз топ бар, олар барлық топшаларды топтар периодтар Таңбасы Атауы Атомдық массасы Реттік нөмірі 81 қамтиды. Кейбір топшалардың атаулары бар. Мысалы, ІА тобы — сілтілік металдар, VIIA тобы — галогендер т.б.





Период және топ бойынша өзгеру заңдылықтары
HYG


Әрбір период (біріншіден басқасы) металмен басталып бейметалмен аяқталады. Металдар мен бейметалдар қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары: периодта солдан оңға қарай металдық қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиет күшейеді, негізгі топшаларда атомдық нөмір өскен сайын металдық қасиет күшейеді де, бейметалдық қасиет әлсірейді. Металдарға тән қасиет – олар атомдарының сыртқы электрондарын оңай беріп, оң зарядты иондарға айналады. Бейметалдар керісінше электрондарды қосып алып, теріс зарядты иондар түзеді(алайда олар белсендірек тотықтырғыштарға электрондарын бере алады).





Бекіту тапсырмалары:


1 тапсырма: Элементтердің периодтық кестесін пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
а) ең жеңіл элементті;
ә) рет нөмірі 12-элементті;
б) 3-периодтағы металдарды;
в) 2-периодтағы бейметалды;
г) атомдық массасы 80-ге тең элементті.
д) 4-периодта 1-топтың қосымша топшасында орналасқан элементті атаңдар
Дескриптор:
Білім алушы:
- элементтің реттік нөмерін, периодын, атомдық массаларын анықтайды





Бекіту тапсырмалары:


Табиғи ұяластар аты


Элементтер тобы


Сілтілік металдар


F, CL, Br, I, At


Галогендер


Mg, Ca, Sr, Ba


Сілтілік жер металдар


Li, Na, K, Rb, Cs, Fr


Халькогендер


He, Ne, Ar, Kr, Xe, Rn


Инертті элементтер


O, S, Se, Te


2 тапсырма: Табиғи ұяластарды өзіне сай элементтер тобымен сәйкестендіріңіз


Дескриптор:
Білім алушы:
- табиғи ұяластарды өзіне сай элементтерді сәйкестендіреді





Қорытындыыыы


Бүгінгі сабақта:
Химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуы бойынша период, топ және қатарларға бөлуді үйрендім;
Периодтың кіші және үлкен периодты ерекше қасиеттерін сипаттай аламын ;
Табиғи ұяластарды өзіне сай элементтерді сәйкестендіре алады;