Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Металдарды жалпы сипаттамасы. 4крсетілім Металдарды кристалды тор модельдері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Металдардың жалпы сипаттамасы. №4көрсетілім «Металдардың кристалдық тор модельдері»
Бөлім: | 9.2 ВМеталдар мен құймалар |
Педагогтің аты-жөні: | Джарасбаева С. |
Сыныбы: | 9 |
Сабақтың тақырыбы: | Металдардың жалпы сипаттамасы. №4көрсетілім «Металдардың кристалдық тор модельдері» |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.1.4.1 -металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу 9.1.4.2 -металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру |
Сабақтың мақсаты: | Металдарға тән байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып , металдардың қасиетін сипаттайды Металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттап, металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететініне қорытынды жасайды |
Бағалау критерийлері: | - металдарға жалпы сипаттама береді. -металдар арасындағы химиялық байланыстар мен металдардың кристалл торлары ерекшеліктерін түсіндіреді - металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін айтып, химиялық реакция теңдеуін жазады. - металдардың тотықсыздандырғыш қасиет көрсететіндігін мысал келтіре отырып анықтайды |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі:. Сабаққа дайындығын тексеру, психологиялық дайындық. | Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Flippity қосымшасы арқылы топтастыру I Алтындар тобы II Күмістер тобы III Сынаптар тобы | | |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Кім жылдам?» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында тест Quizizz қосымшасымен викториналық сұрақтар беріледі. | Оқушылар сұрақтарға ұялы телефондарын пайдаланып жауап береді | Дескриптор: Жылдам әрі функционалды түрде сұрақтарға жауап береді. Жалпы - 3 балл | Жылдам әрі белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарай-сың!» деген мадақтау сөзімен ынталан-дыру. https://quizizz.com/join/quiz/6378d66e89fb1a001d25aabd/start?studentShare=true |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 31 мин. | Төменде берілген заттардан нені байқай аласыздар? Ендеше, бүгін біздің өтетін тақырыбымыз Металдардың жалпы сипаттамасы» деп аталады. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырылады. Жааңа тақырып түсіндіріледі | Суреттер арқылы оқушылар бүгінгі тақырыптың мағынасын ашады. | Дискриптор: Металдарға тән физикалық қасиеттерді сипаттайды (1 балл) | Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. Слайд |
Т оптық жұмыс | | Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі Тапсырма-1. Әр топ өздерінің топ атауларына байланысты металдарға сипаттама береді. 1-топ – металдардың ортақ физикалық қасиеті? 2-топ –қосылыстардағы металдардың тотығу дәрежелері? Мысал келтіріңдер 3-топ-Мына металл атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар; Al, Ca, Na (Жж) «Кім тапқыр» Тапсырма 3/деңгейлік тапсырма/ 1 деңгей.Металдық байланыс пен металдық кристал торына сипаттама бер. Металдардың қасиеттері металдық байланысқа тәуелдіекенін түсіндір 2деңгей.Тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты анықта Cu0 →Cu2+ Mn2+→ Mn5+ Fe2+→ Fe0 Na1+ → Na0 3деңгей. Мына металдардың тотықсыздандырғыш қасиетін өсу ретімен жазыңдар: Fe, Cu,Na,Zn, Mg | Дескриптор: 1-топ металдарға тән физикалық қасиеттерді атап береді –1 балл 2-топ -металдардың тотықсыздандырғыш қасиетін реакция теңдеуімен мысал келтіреді – 1 балл 3- топ Берілген металдардың электрондық формулаларын дұрыс жазады- 1 бал Дескриптор: 1.Металдық байланыс пен металдық торына сәйкес металдық қасиеттерін анықтайды - 2 балл -2. Тотығу-тотықсыздану үдерісінде тотықсыздандырғышты және тотықтырғышты анықтайды – 2 балл 3.Металдық қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруін сипаттайды – 2 балл ҚБ«Смайлик» | ДК экраны 9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Карточкалар, АКТ Сілтеме |
| « Тaрcия» әдісі жаңа сабақты бекіту | | Дескриптор: Суретті дұрыс құрастырады – 2 балл Тапсырманы жылдам орындайды - 1 балл Жалпы - 3 балл | Карточка |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. | Жеке жұмыс: Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын | Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |