Файл: Атомдар мен молекулалар. Жай жне крделі заттар 7cынып (4042 беттер).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар /7cынып/

(40-42 беттер)
1. Заттарды жай заттарға жіктеу арқылы олардың құрамын анықтау әдісі

A) талдау B) синтез C) алмасу D) анализ E) қосылу

2. Атом-молекулалық ілім химия ғылымына енген уақыт

A) ХХ ғасырдың басында B) ХІХ ғасырдың ортасында C) ХХ ғасырдың соңында

D) ХІХ ғасырдың басында E) ХІХ ғасырдың соңында

3. 1860 жылы Карлсруэ (Германия) қаласында химиктердің халықаралық съезінде нақты анықтамалары қабылданған ұғымдар

A) ядро B) протон C) атом D) электрон E) молекула

4. Заттың қасиеттері мен құрамы сақталатын ұсақ бөлшектері

A) молекулалар B) нейтрондар C) электрондар D) атомдар E) протондар


5. Сөз тіркестерінің қайсысы дұрыс?

A) ауа молекуласы B) гелий атомы C) сүт молекуласы

D) сутек молекуласы E) темір атомы

6. «Материя бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден тұрады» деген гипотезаны ұстанған филисоф

A) Аристотель B) Платон C) Сократ D) Анаксимен E) Демокрит

7. Атом-молекулалық ілімін дамытып, оны алғаш химия ғылымында қолданған ғалым

A) Дальтон B) Пруст C) Ломоносов D) Авогадро E) Лавуазье

8. Атомдардың бір түрінен түзілген заттар

A) атомдар B) жай заттар C) молекулалар D) ядро E) күрделі заттар

9. Күрделі заттарды анықтаңдар

A) қант B) су C) мыс D) күкірт E) сода

10. Келесі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына атом, молекула ұғымдарының тиістісін қойып оқыңдар:

1) Су ... сутек пен оттектің ... түзілген. 2) Йод ... ауаға таралуына байланысты иісі білінеді.

A) 1) молекуласы, молекулаларынан; 2) атомының

B) 1) атомдары, молекулаларынан; 2) молекуласының

C) 1) молекуласы, молекулаларынан; 2) молекуласының

D) 1) молекуласы, атомдарынан; 2) молекуласының

E) 1) атомы, атомдарынан; 2) атомының

11. «Математикалық химияның элементтері» еңбегінің авторы

A) Пруст B) Ломоносов C) Лавуазье D) Дальтон E) Авогадро

12. Заттың химиялық бөлінбейтін ұсақ бөлшектері

A) молекулалар B) нейтрондар C) электрондар D) атомдар E) протондар

13. Жай заттарды көрсетіңдер

A) темір B) су C) оттек D) сода E) қант

14. Ағылшын физигі мен химигі Джон Дальтон ашқан заңдар мен жасаған теориясы

A) органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы

B) қыздырғанда газдардың біркелкі үлғаю заңы

C) құрам тұрақтылық заңы

D) зат құрылысының атомдық теориясы

E) еселі қатынас заңы

15. «Химиялық философияның жаңа жүйесі» кітабының авторы

A) Пруст B) Ломоносов C) Лавуазье D) Дальтон E) Авогадро


16. Атомдардың әр түрінен түзілген заттар

A) атомдар B) жай заттар C) молекулалар D) ядро E) күрделі заттар

17. Жай заттар

A) темір сульфиді B) сутек C) оттек D) ас тұзы E) су

18. Орыс ғалымы М.В.Ломоносов ашқан химия мен физиканың негізгі заңдары

A) энергияның сақталу заңы

B) қыздырғанда газдардың біркелкі үлғаю заңы

C) құрам тұрақтылық заңы

D) заттар массасының сақталу заңы

E) еселі қатынас заңы

19. Заттар құрамына қарай жіктеледі

A) қоспалар B) жай заттар C) таза заттар D) атомдар мен молекулалар E) күрделі заттар

20. М.В.Ломоносовтан кейін, 67 жылдан соң атомдық ілімді химия ғылымына қолданған ғалым

A) Дальтон B) Пруст C) Ломоносов D) Авогадро E) Лавуазье
Химиялық элементтер және олардың таңбалары /7cынып/

(43-46 беттер)

1. Металдарға тән қасиеттер

A) шыңдалуға бейім B) жылуды нашар өткізеді C) иілімді

D) электр тогын жақсы өткізеді E) морт

2. Металдарды анықтаңдар

A) күкірт B) алюминий C) азот D) оттек E) қалайы

3. Адам организмін құрайтын ең маңызды элементтер

A) оттек, көміртек B) азот, фосфор C) күкірт, фосфор

D) сутек, азот E) оттек, күкірт

4. Атомдардың белгілі бір түрі

A) жай зат B) қосылыс C) химиялық элемент

D) күрделі зат E) молекула

5. Химиялық элементтердің таңбаларын енгізген химик

A) Бойль B) Берцелиус C) Бутлеров D) Резерфорд E) Дальтон

6. Химиялық элементтің салыстырмалы атомды массасы (Ar)

A) элементтің атомдық массасының оттек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасына тең

B) элементтің атомдық массасының күкірт атомы массасының 1/32 бөлігіне қатынасына тең

C) элементтің атомдық массасының оттек атомы массасының 1/16 бөлігіне қатынасына тең

D) элементтің атомдық массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасына тең

E) элементтің атомдық массасының көміртек атомы массасының 1/16 бөлігіне қатынасына тең

7. Атомдық нөмірі 16-ға тең элемент

A) N B) O C) Si D) P E) S


8. Келесі тұжырымдардың қайсысында химиялық элемент туралы сөз болады?

A) азот пен оттек ауаның негізін құрайды B) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді

C) азот өсімдіктің өсуіне қажет D) балықтар суда еріген оттекпен тыныс алады

E) судың құрамы сутек пен оттектен тұрады

9. Бірдей химиялық элемент атомдарынан құралатын заттар

A) жай заттар B) қосылыстар C) химиялық элементтер

D) күрделі заттар E) қоспалар


10. Металдарға тән қасиеттер

A) электр тогын нашар өткізеді

B) жылуды жақсы өткізеді

C) металдық жылтыры болады

D) шыңдалуға келмейді

E) иілімді, берік

11. Бейметалдарды көрсетіңдер

A) күкірт B) мыс C) азот D) оттек E) алтын

12. Сүйек құрамына күретін және оған беріктік қасиет беретін элементтер

A) магний B) фосфор C) күкірт D) азот E) кальций

13. Бүгінгі күні атомдардың, яғни химиялық элементтердің белгілі түрі

A) 108 B) 124 C) 89 D) 116 E) 63

14. Әртүрлі химиялық элементтер атомдарынан құралатын заттар

A) жай заттар B) қосылыстар C) химиялық элементтер D) қоспалар E) күрделі заттар

15. Салыстырмалы атомдық массасы 23-ке тең элемент

A) титан B) натрий C) алюминий D) ванадий E) магний


16. Келесі тұжырымдардың қайсысында жай зат туралы сөз болады?

A) азот пен оттек ауаның негізін құрайды

B) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді

C) азот өсімдіктің өсуіне қажет

D) балықтар суда еріген оттекпен тыныс алады

E) судың құрамы сутек пен оттектен тұрады

17. Тыныс алуға қажетті түссіз, жануды қолдайтын жай зат

A) ауа B) гелий C) оттек D) сутек E) азот

18. Сутектің латынша аталуы

A) hidrargyrum B) hydrogenium C) hidrargirum D) hydrargyrum E) hidrogenyum

19. «цэ» деп оқылатын химиялық элемент

A) көміртек B) күкірт C) кремний D) цирконий E) цезий

20. Қорғасын элементінің оқылуы

A) купрум B) феррум C) аргентум D) плюмбум E) гидраргирум
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар /7cынып/

(47-50 беттер)

1. Протонның сипаттамасы

A) таңбасы р0 B) заряды +1 C) таңбасы р+ D) заряды – 1 E) массасы 1 м.а.б.

2. Ядро құрамына кіретін бөлшектер

A) нейтрон B) электрон C) атом D) протон E) позитрон

3. Атомның ортасында оң зарядталған ядросы бар екенін тәжірибе жүзінде анықтаған ғалым

A) Бор B) Резерфорд C) Дальтон D) Менделеев E) Ломоносов


4. Атомның планетарлық моделі бойынша атом қандай бөлшектерден тұрады?

A) теріс зарядталған ядродан

B) ядроны айнала қозғалатын оң зарядталған протондардан

C) оң зарядталған ядродан

D) протон мен нейтрондардан

E) ядроны айнала қозғалатын теріс зарядталған электрондардан


5. Протон таңбаланады

A) 1+1р B) р+ C) n0 D) +11р E) 01n

6. Атом, жалпы алғанда, электрбейтарап бөлшек, себебі

A) протондар мен нейтрондар саны бірдей

B) протондар саны электрондар санынан артық

C) протондар мен электрондар саны бірдей

D) протондар санынан электрондар саны артық

E) нейтрондар мен электрондар саны бірдей

7. Нейтронның сипаттамасы

A) таңбасы n0 B) заряды +1 C) таңбасы n+ D) заряды 0 E) массасы 1 м.а.б.

8. Изотоптар дегеніміз

A) ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі

B) ядро заряды әртүрлі, бірақ атомдық массалары бірдей бір элемент атомдарының түрөзгерісі

C) ядро заряды бірдей, бірақ электрондар саны әртүрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі

D) ядро заряды әртүрлі, бірақ нейтрондар саны бірдей бір элемент атомдарының түрөзгерісі

E) ядро заряды мен атомдық массалары бірдей бір элемент атомдарының түрөзгерісі

9. 1123Na атом құрамын анықтаңдар

A) (12р+; 11n0)11e B) (11р+; 12n0)12e C) (11р+; 11n0)12e

D) (11р+; 12n0)11e E) (11р+; 12n0)10e

10. Нейтрон таңбаланады

A) n B) n+ C) n0 D) 10n E) 01n

11. Сутектің изотоптарының саны

A) 2 B) 5 C) 1 D) 4 E) 3

12. Табиғатта кездесетін хлор атомдарының 75%-ы 35СІ изотоптан және 25%-ы 37СІ изотоптан

тұрады. Хлордың салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер

A) 35,354 B) 35,5 C) 35,345 D) 35,453 E) 35,435

13. (35р+; 45n0)35e атом құрамына сәйкес келетін элемент

A) родий B) селен C) бром D) сынап E) марганец

14. Электронның сипаттамасы

A) таңбасы e B) массасы 0 м.а.б. C) таңбасы e+ D) заряды – 1 E) массасы 1 м.а.б.

15. Нейтрон саны бірдей элементтер

A) фтор мен неон B) натрий мен алюминий C) кремний мен фосфор

D) калий мен кальций E) күкірт пен фосфор

16. 1940К атомындағы протон мен нейтрон санын анықтаңдар

A) 21 протон B) 21 нейтрон C) 19 протон D) 40 нейтрон E) 19 нейтрон

17. Электрон таңбаланады

A) e B) e+ C) e0 D) 0e E) 0e

18. Нейтрондар саны анықталатын формула

A) N=Ar+Z B) N= Z-Ar C) N=Z-E D) N=Ar-Z E) N=Z+E

19. Нейтрон саны 2-ге тең сутектің изотобы

A) тритий B) 12Н C) дейтерий D) 13Н E) протий


2 0. Берілген суретті зерделей отырып, қандай элементтердің атом құрылысы көрсетілгенін анықтаңдар

A) оттек B) күкірт C) көміртек D) азот E) бор
Ауа және оның құрамы /7cынып/ (52-54 беттер)

1. Ауаның құрамында кездесетін газдар (көлемдік үлесі, %-бойынша)

A) азот-78,08; оттек-20,95; инертті газдар-0,94; көміртек (IV) оксиді -0,03

B) азот-78,08; оттек-20,95; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,046

C) азот-75,50; оттек-23,10; инертті газдар-0,94; көміртек (IV) оксиді -0,03

D) азот-75,50; оттек-23,10; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,046

E) азот-78,08; оттек-23,10; инертті газдар-1,30; көміртек (IV) оксиді -0,03

2. Табиғаттағы әртүрлі құбылыстардың нәтижесінде, мысалы, жер сілкінкенде, жанартау атқылағанда, отын жанғанда өндіріс орындарынан ауаға бөлінетін газдар

A) N2, O2 B) NO, NO2 C) CO2, H2O D) SO2, SO3 E) H2S

3. Ауаның 4/5 бөлігі азоттан, 1/5 бөлігі (көлем бойынша) оттектен тұратын газдар қоспасы екенін дәлелдеген ғалым

A) Пристли B) Шееле C) Лавуазье D) Кавендиш E) Резерфорд

4. Елімізде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ҚР Үкіметі

қабылдаған бағдарлама

A) «Жасыл өсімдік» B) «Жасыл ел» C) «Жасыл әлем» D) «Көгалдандыру» E) «Жасылдар»

5. Өндіріс шаңы мен зиянды газдардың концентрациясын төмендету үшін

A) ағаштар отырғызылады

B) өндірістер тұрғын үйлерден аулақ орналастырылады

C) қалаларды айналып өтетін жолдар мен жолайрықтар салынады

D) көліктерді түнгі уақытта жүргізеді

E) шөптесін өсімдіктер отырғызылады

6. Газдарды шаң мен тұманнан тазарту үшін ең көп қолданылатыны

A) көпсатылы тазарту аппараттары B) құрғақ шаңтұтқыштар C) жасыл өсімдіктер

D) электрсүзгілер E) циклон аппараттары

7. Әртүрлі жағдайларға байланысты ауаның құрамындағы мөлшері өзгеріп тұратын заттар

A) N2, O2 B) NO, NO2 C) CO2, H2O D) SO2, SO3 E) H2S

8. Француз химигі Антуан Лоран Лавуазьенің іске асырған еңбектері

A) «химиялық элемент» ұғымын енгізді B) химиялық элементтердің таңбасын енгізді

C) «химиялық қосылыс» ұғымын енгізді D) ауаның құрамын тәжірибе жүзінде дәлелдеді

E) химиялық элементтердің «валенттілік» ұғымын енгізді

9. Ауаның құрамында кездесетін газдар (массалық үлесі, %-бойынша)