Файл: 3 практикалы жмыс. рылыс торын болмыса шыару шін берілістерді дайындау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№3 практикалық жұмыс. Құрылыс торын болмысқа шығару үшін берілістерді дайындау.
Құрылыс геодезиялық тор өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарды салу кезінде бөлу жұмысын орындау үшін тіректі тор ретінде қолданылады. Бұндай тор шаршы немесе тікбұрышты түрде ұштары тұрақты белгілермен бекітіледі. Құрылыс нысандары үшін тордың ұзындығы 100-200 м, қалалық және әуежайлық алаңдар үшін 400-ге дейін болады.
Бөлу жұмыстарынан соң құрылыс торлары көтерілетін ғимараттарды түсіру кезінде геодезиялық негіз түрінде қолданылады. Сонда ол ғимараттың басты осін бөлу талаптары (1/8000 1/1000 кем болмауы керек) қатар орындау түсірімдері (түсірім масштабында пункт жағдайындағы ақау орта есеппен 0,1 мм аспауы тиіс). Мысалы, 1:500 масштабында орындау түсірімі 0,1 мм : 1/500 = 5 см = 0,05 м аспайтын болжамда нүктенің жағдайының ақауы туралы айтуға болады.
Құрылыс торы ретінде тіректі бөлу торын құру басқа тәсілдерге қарағанда (триангуляция, полигонометрия және т.б.) өзінің артықшылығын көруге болады:
-
Барлық құрылыс алаңында бірдей дәлдікпен бөлу жұмыстары жүргізіледі; -
Бөлу үшін деректерді қарапайым есеппен алуға болады; -
Ғимаратты бөлу ең қарапайым тәсілмен – тікбұрышты координаталар тәсілімен жүргізіледі; -
Бөлу жұмыстары тордың өзара екі перпендикулярлы тордан болжамға ғимараттың нүктесін жіберуді бақылаумен орындалады.
3.1 Құрылыс торын болмысқа шығару
Ірі құрылыстар, өндірістер және қалалық алаңдардағы геодезиялық негіздің ең тиімді түрі – құрылыс торы. Геодезиялық тордың пункттері екі міндетті шешу керек: ірі масштабты топографиялық түсіріске (1:500), оның ішінде бас планды орындау үшін және құрылыс пен монтаждау үшін, бөлу жұмыстарын атқарғанға, яғни жобадан болмысқа шығарғанға қызмет етуі керек.
Объектілердің осьтері мұндай алаңдарда тәртіп бойынша параллельді болады, ал ғимараттар тікбұрышты болады. Сондықтан тордың пункттерінің белгілері квадраттар және тікбұрышты торларды құрайды. Мұндай торлар өзіндік координаталық жүйесінде бағдарланған, жақтары 25-400 м алаңдар түрінде ғимараттарға және өткелдерге параллельді болып келеді. Мұндай торлардың пункттері мен жұмыс істегенде бөлу жұмыстары әлдеқайда жеңіл орындалады. Себебі, тікбұрыштар мен қайталанатын арақашықтықтар ғана өлшенеді.
Қабыстыруды есептегенде қателіктерді азайту үшін және координаталар оң таңбалы болуы үшін координаталар торының басының барлық ғимараттар координаттарының ауданы шегінде таңдайды.
Құрылыс салынған алаңда ірі масштабты түсірістің жағдайы тордың пункттерінің биіктігі мен жоспарлық жағдайларының дәлдігін анықтайды. Осы жағдайға байланысты тордың пункттерінің координаталарының орны оның басына қатысты қателігі 0,050 м-ден аспауы керек.
Құрылыс-монтажды жұмысты қамтамасыз еті үшін техникалық жағдайлар мен талаптар қойылады, тордың пункттарының дәлдігі бірінші разрядты полигонометриямен және кейбір жағдайда төртінші класты (1:25000) полигонометриямен болу керек.
Өзіндік жүйеден мемлекеттік жүйеге көшу формулалары:
А = ( – )* + ( – )* ,
В = ( – )* + ( – )*
мұндағы және – М нүктесінің мемлекеттік жүйедегі координатасы;
және – мемлекеттік жүйедегі координаталар торының бастапқы координаталары;
– мемлекеттік жүйеге қатысты тордың бұрылу бұрышы.
Құрылыс торын болмысқа геодезиялық пункттардан немесе күрделі құрылыстардың осьтерінен қатысты қателігі 1/10000-нан аспайтындай етіп шығарады. Ол үшін тор пункттерінің орнын 100 м: 1/10000 = 0,01 дәлдігімен, яғни әр арақашықтықтың 100 м-не
1 см қателік жіберілуі мүмкін болатындай етіп анықтау керек. Бұл құрылыс торын бөлуге арналған негізгі талап болып табылады.
Құрылыс торының А пунктін болмысқа екі рет шығарады: «Карьер» және «Шахта» тригопункттеріне қатысты және бөлу бұрыштарына байланысты. Тордың В және С пункттеріне А пунктінен және бөлу бұрыштарына қатысты болмысқа шығарады, ал D пункті болмыста В немесе С пунктіне 90°-ты бөлу бұрышында жатады. Бұл бөлу жұмыстарының дәлдігі 1/1000 + 1/2000 құрайды.
Осылайша табылған тордың А, В, С және D пункттерінің орналасуы уақытша қазықшамен бекітіліп, кейін оны редуцирлеу арқылы дәлелдейді. Осыған ұқсас жолмен болмыстағы басқа нүктелердің орналасуын табады.
Редуцирлеу арқылы тордағы пункттердің болмыстағы соңғы орналасуын анықтайды. Тек редуцирлеуден кейін ғана тор пункттерін тұрақты белгілермен бекітеді.
Уақытша белгілерді редуцирлеудің мәні келесіге саяды. Триангуляция пункттерінің арасында тордың периметрі бойынша созылған 1-разрядты полигонометриялық жүрістерді жүргізеді және уақытша бекітілген тор нүктелерінің координаттарын анықтайды.
Уақытша бекітілген ( , ) нүктелерінің және жобалық мәндердің ( , ) координаттарының - , - айырмашылығын анықтап, олар бойынша кері геодезиялық есепті шығара отырып, редукция элементтерін табады, яғни дирекциондық бұрыш және бағытының ұзындығы. және бағыттарының дирекциондық бұрыштарының айырмашылығы арқылы бөлу бұрышын анықтайды:
= -
қазықшасынан бұрышымен қашықтығы салынады да, жергілікті жерде тордың А төбесінің ақырғы орналасуын анықтайды.
Ұқсас жолмен басқа ақырғы, тұрақты белгілермен бекітілетін және грунтты реперлердің рөлін атқара алатын пункттердің орындарын табады.
Торды тұрғызудың дәлдігін тексеру үшін таңдалып бірнеше жақтардың ұзындығы өлшенеді және пункттерде шахматты тәртіпте түзу бұрыштарды өлшейді. Сонымен бірге, жақтардың ұзындықтарындағы ауытқу 100 м арақашықтықта 1 см құрай алады, ал түзу бұрыштарда 20° аспауы керек.
Құрылыс торының биіктік негіздеуі оның периметрі бойынша тұйықталған II класты нивелирлік жүрісті қамтамасыз етеді. II класты реперлердің арасында тордың барлық пункттерінің белгілерін анықтау мақсатында IV класты нивелирлік жүріс жүргізіліп өтеді.
3.2 Құрылыс торын бөлу
-
Құрылыс торын бөлу үшін берілген мәліметтер көмегімен керекті есептерді шығару. -
Құрылыс торын бөлу жоспарын М 1:10000 планында құру. -
Құрылыс торы нүктелерің жер бетіне көшіру реті мен есептеу қорытындыларының қысқаша түсініктемесін жазу.
Берілгені:
-
кесте – Құрылыс торындағы А нүктесі мен негізгі геодезиялық тіректердің координаталары
Нұсқа | А нүктесінің координаталары | Дирекциондық бұрыштар | Тор қабырғаларының АВ және АС бағдарлаушы дирекциондық бұрыштары және ұзындығы | ||
Х | У | | | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
15 | 12405,00 | 5713,00 | 196°01'00'' | 106°01'00'' | Жақтар ұзындықтары = 800 м; = 600 м; Шахта координаталары Х = 12601,12 У = 5092,17 Карьер координаталары Х = 12244,91 У = 6475,02 Пойма координаталары Х = 13400,20 У = 6702,09 |
Жұмысты орындау реті:
-
Құрылыс торының В және С бұрыштарының координаталарын анықтаймыз:
= + *
= 12405 + 800 * (-0,961181) = 11636,05482
= + *
= 5713 + 800 * (-0,275917) = 5492,26643
= + *
= 12405 + 600 * (-0,275917) = 12239,44982
= + *
= 5713 + 600 * 0,961181 = 6289,70889
-
Анықталған нүкте бойынша дирекциондық бұрышты есептейміз:
= =
= = 3,88212 = 75°33'18'' (II ширек)
= 180° – 75°33'18'' = 104°26'42''
Координаталар өсімшелерінің таңбасы арқылы берілген жақ жатқан ширекті анықтаймыз.