Файл: Біріді аза бірі дос крмесе істі брі бос.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абай қазақ қоғамының сыншысы

“Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос”

Абай

Халқымыздың бағына біткен ұлы хакім Абай Құнанбайұлы, өзінің жыр толғауларын еліне,мемлекетіміздің бодандық кезеңді бастан кешіп жатқан кезіндегі қазақтың хәліне,әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына арнады.Тек қана билікті емес ол ел ішінде болып жатқан әділетсіздік, білімсіздік, арсыздық, жалқаулық , надандық секілді қасиеттерді сынға алды. Қараңғылық пен бодандық қос бүйірден қысқан сынақты шақта халықтың сыншысы да, тәрбиешісі де бір өзі болды.Абайдың 1885-1889 жылдар аралығында жазған 50-ден астам туындысының басым көпшілігі сыншылдық жырлар. Абайды “Абай” қылған қилы заманның қыр-сырын жақсы білу шарт. Өйткені, сол дәуірдің жақсы-жаманы, күллі әлеуметтік дерттері Абайдың сана-сезімі мен жүрегі арқылы өтті.

Құнанбай, Абай өмір сүрген шырғалаң заманда қазақ түрлі ауыр кезеңдерден өтті. Отаршыл Ресейдің күллі жер шарындағы өзінің жерін кеңейту мақсатындағы бірден-бір Орталық Азияға жол ашатын ел ол кең байтақ қазақ даласы еді.Саяси, экономикалық, құқықтық және жер мәселесі бойынша қазақ халқы империяға тікелей тәуелді болды. 1868 жылғы заңында патшалық Ресей отаршылдықтың соңғы нүктесін қойып, жер менікі деп жария етті.

Абай бір өлеңінде:

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың, – деп

Ел ішінде болып жатқан алауыздық пен жұрттың тыныштығын бұзған империяның саясатына қатты ашынған.

Тағы бір өлеңінде: «Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай», – деуімен экономикалық тәуелділікті айтқан. Сол сияқты ақын өлеңдері саяси, мәдени немесе құқықтық тәуелділікті ашық түрде паш етеді.Бірде әкесі Құнанбай: «Сенің мінің – орысшылсың», – дегенде Абай: «Заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз» деп жауап қайырыпты. Жеңген елдің саясаты «бөліп ал да, билей бер» екені әуел бастан белгілі. Әйгілі «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде ол халықтың хал жағдайына күйінгені бәрімізге белгілі.

Бодан елдің кісісі «көрсе қызар келеді байлауы жоқ» дей келе:

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың, – деп күңірене түйін түйеді.

Әйгілі «Сегіз аяқта»:

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып құрып барасың.

Өтірік, арыз толды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой, – десе, ал «Бай сейілді» өлеңінде:

Танымадық,

Жарымадық,

Жақсыға бір іргелі

Қолына алып,

Пәле салып,

Аңдығаны өз елі, – дейді.


Абайдың Бірінші қарасөзінде: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір, бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік» деуі де атқамінер әкімдік ортаны сынағаны болады. «Туған халқын алға сүйреген ақын әрекеті, – деп жазады М.Мырзахметов «Абай және Шығыс» еңбегінде, – өзін қоршаған надан ортамен тартысқа түседі. Озық жұрт көшіне өршелене тартқан қадамын кейін шегіндіріп, аяғын шырмай береді».

«Сегіз аяқта»:

Адал бол – бай тап,

Адам бол – мал тап, – деген насихатын осы қалың топқа айтқан.

Бір жаңа түскен келін барымтаның етін қазанға салып жатып: «Астапыралла деп, боқ жеген деген осы болды» депті. Мұсылман баласы бола тұра харамды жедік деген мағынаға саятын бұл сөз елге мәтелдей тарапты. Қорамжан деген белгілі барымташыға Абай: «Қорамжан, ұрлықты қой!» деп ұрысқан кезде, ол: «Пәлі, Абай аға, онда қалай күн көрем?» депті.

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңінде:

Жетіліп жаз жайлауға қона алмай жүр,

Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр.

Қыс қыстауың – қып-қызыл ол бір бәле,

Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр, – деп шаруашылықпен айналысудың өзі де сондай аразды дүние болып кеткенін қозғайды.

Абайдың тек бай-шонжарларға ғана емес қарапайым күн көріп жүрген халыққа таққан міні көп.Бай болам деп құдайдан мал сұрайды,бірақ құдайдың оларға сол байлықты әуел баста беріп қойғанын олар аңғармайды – деген. Жалпақ тілмен айтқанда халықтың еріншектігін айтып ол байлықты «Қуат» деп айтады. Себебі Алла адамға күш-қуатты мал табу үшін берген, ақын бостан босқа «Адам бол - мал тап» демеген. Бұл өмірге келудің мақсаты адам болу, ал адам болу үшін ғылыммен айналысу керек, ал ғылымды үйрену үшін кез-келген жерде байлығың болу керек деген ұлы хакім.

12 мүшең сау болса кедей емессің дей келе ол «Толық адам» ұғымын қозғап кетеді.

Біз қалай Абай аңсаған «Толық адам» бола аламыз? Немесе ол бізге нені бірінші орынға қою керектігін насихаттап кетті? Толық адам қазіргі таңда барма?

Бұл сұрақтарға былай қысқаша қайырып жауап бере кетейін.Адам толықтыққа жету үшін ғылымды бірінші орынға қою керек.Сол замандағы адамдардың басты қателігін қозғай келе олар тек байлықты аңсағаны, «Бай болсам бәріне жетем» деген принципті қазіргі таңда да көбі ұстанатындығы бәрімізге мәлім.Абай бізге не дейді? Ол ешқашан дүние мен байлықты бірінші орынға қоймау керек яғни «Малды бірінші орынға қойсаң адамшылығыңнан айырыласың» Егер ғылымды бірінші орынға қойсаң байлық саған өзі-ақ келеді деп пайымдаған және ол толықтықтың 3 маңызды қағидасын айтады: ғылым,әділет,рахым(мейірім).Ғылымды ешқашан сатпау керек және ол арқылы мал табу дұрыс емес. «Әділет» ғылымды әділетті хам рахымды болуы керек дейді сонда ғана толықтық орын алады.Бұл толық адамға жету үшін кез-келген адамда мынандай қасиеттер болуы тиіс ақыл, қайрат, жүрек. Егерде кімде-кім бұл үшеуін бірдей ұстаса толық адам болғаны – дейді.



Қорыта айтқанда, «мал бітті деп, көңілі көтеріліп тасыған» қуыс кеуде, пендешіліктің Абайдың сын найзасына түйрелмей, аман қалғаны жоқ.

Әрі-бері айналса аты арықтап,

Шығынға белшесінен әбден батып.

Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа,

Құдай құмар қылыпты қалжыратып.

Бұл Абайдың «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңінен.

Адасып алаңдама жол таба алмай,

Берірек түзу жолға шық қамалмай.

Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,

Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.

Отар елдің сиқы осы жолдарда тұр. Қазақ елі жер тарлығынан баяғыша төрт түліктің тұяғына ерген көшпелі, немесе егінін баптаған отырықшы бола алмай әрі-сәрі күйде қалды. «Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ». Міне, ел ішінде барымташылық, аламандық, надандық басқаны содан.