Файл: Толы адам трбиесіні негізгі идеялары. здіксіз білім беру жйесіндегі трбиені тжырымдамалы негіздері Коучинг 20222023 оу жылы Таырыбы Толы адам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Толық адам» тәрбиесінің негізгі идеялары. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Коучинг

2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: «Толық адам» тәрбиесінің негізгі идеялары. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Мақсаты: «Толық адам» тәрбиесінің негізгі идеялары. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері туралы мәлімет беру, мұғалімдермен өзіндік іс-тәжірибемен бөлісу, тапсырмалардың түрлерімен таныстыру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация, плакат, маркерлер, желім.
Кіріспе сөз:

Ұлы Абайдың «кәміл адам» концепциясына назар аударайық. Кәміл –арабтың толық, жан-жақты деген сөзінен шыққан.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста ,

Сонда толық боларсың елден ерек.

Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады.
Ұйымдастыру кезеңі: «Есімдер сыры» әр мұғалім өз есімін атап, бір жақсы және жаман қасиетін атайды.
Топқа бөлу. Қима қағаздар арқылы «Нұрлы ақыл», «Ыстық қайрат», «Жылы жүрек» атты үш топқа бөлінеді.
1-тапсырма. «Топтастыру» әдісі. Әр топқа «Бес асыл іс», «Бес дүшпан», «Үш қасиет» атты қағаздар таратылады. Осы қағаздарға жазу арқылы оқушылардың қасиеттерін ашады.
2-тапсырма. «Толық адам» моделі. Әр топтың алдында адам суреті жатады, топ мүшелері бір сыныпты таңдап, «Толық адам» моделін жасап шығады.

3-тапсырма.

4-тапсырма. Кері байланыс.
Қорытынды. Коучингке қатысқан мұғалімдерге көрсеткен белсенділіктері үшін алғыс білдіріледі.