Файл: Атаанажиналысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Атаанажиналысы


«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Ә.Ахметов атындағы орта мектебі МДШО»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Отбасы тәрбиесі–

барлық тәрбиенің негізі



Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.

13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.

Құрметті ата ана!

Сізге тек жақсылық тілейміз
Артқан соң бала сенім,
Дертімнің дауасы едің,
Биік қой бұл өмірде,
Қадірің ана сенің.
Өмірге қадам мығым
Анашым – панам, күнім.
Баланың бақыты мен
Ойлаған амандығын.
Болған соң ұлтқа тірек,
Анада құт-қасиет.
Білемін ананы мен
Әлемнің тұтқасы деп.
Сен үшін атқан таң ақ,
Тек жалғыз хаққа аманат.
Ананы сүю керек
Мәңгілік баққа балап!
Ә.Ахметов атындағы орта мектебі.

Ата – анаға кеңес

Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
 
 
Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
Әр ересек адам баланың ашуымен кездеседі. Осындай жағдайда сізге бөтен адамдар қарап тұрғанда, өз-өзіңізді ұстай алмай қасыз. Бұндай кезде қалай болу керек?
 
Естеріңізде болсын, қандай керемет ана немесе әке болса да, осындай жағдайларға тап болуы мүмкін, мәселе анасында емес, баланың мінез құлқында.

Балаңыздың ашуының себебін ойлаңыз:
—       Сіздің балаңызға көңіл жетпейді, ол осындай жолмен сіздің назарыңызды өзіне аударуға тырысады (осындай әдет тез жатталып, өскенде де жиі қолданылады);
—       Бала өзінікін істеткізіп, не сұраса соны беретінін біліп, сіздерге манипуляция жасайды.
Манипуляцияны ажырата білу қиын, өз балаңызды бақылаңыз: қалай жылайды, оның тынышталуына ненің көмектесетініне.
Егер сіз балаңыздың сізге манипуляция жасап тұрғанын ұқсаңыз, балаға өзіңіздің ұнатпағаныңызды көрсетіңіз.
—       Бала шаршады, тамақ ішкісі келеді, ұйқысы келеді: ол себепті жоюыңыз керек сонда баланың ашуы басылады.
 
Егер ашу қызып тұрса, бала дем алу үшін тоқтаған кезде, сол уақытта сіз қызықты әңгіме бастап, назарын өзіңізге аударыңыз.

 
Баланы алдыңызға алып, құшақтап, тынышталғанын күтіп, оған жаныңыздың ашитынын түсіндіру.

 
Ашу кезінде ең бастысы өзіңізге ашуға түспеу. Өзіңіз шыдамды болып, балаға жаныңыздың ашитынын түсіндіріп: «Мен сенің ашуыңды түсінемін, өйткені біз саған сатып алған жоқпыз…», «Сен тынышталғанда, біз болған жағдай туралы әңгімелесеміз».

Бала сізді бір айтқаннан түсінбейді, оны 20 рет немесе одан да көп қайталағаннан кейін, сіз балаға жеткізесіз. Баламен сөйлесіңіз, не себептен сондай тәртіпсіз қылықтар жасағанын.
 
3-5 жастағы балалар үлкендердің дұрыс түсіндіргендерін түсіне алады. Баланы кез-келген жағдайлардан жол тауып шыға білуін үйрету керек, түк болмағандай жүре беруге де болмайды.

 
Сондай кезде сізге қарап тұр деген ойлардың бәрін ұмытыңыз, сол адамдардың өздері де сондай жағдайда болған.

 
Сондай жағдайда өзіңізді де, баланы да кінәламаңыз.

 
Есіңізде болсын, сіздің балаңызды өзінен жақсы ешкім білмейді.
 
Қорытынды: баламен жиі әңгімелесіп, оның көңіл-күйін сұрап, қалаулары мен қызығушылықтарын, міндеттерін талқылау.

Источник: https://www.tarbie.kz/32352