Файл: Тркістан облысы оамды денсаулы сатау басармасыны жетісай жоары медицина колледжі шж мкк.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

               Мейірбикенің міндеттері мен құқығы.

  Науқас адамға  дер кезінде диагноз қою,  оны дұрыс емдеу,  жақсы күту – оның ерте  айығуына  барынша  септігін тигізеді.  Науқасқа жалпы күтім жас-

ау кезінде мейірбикелер мынандай міндеттерді атқарады:

  •  Науқас адам ауруханаға түскеннен кейін, қажет болған жағдайда оған көмек көрсетілуі  керек және мейірбике санитарлық-гигиеналық шараларын жүргізіп, антропометриялық өлшемдер жасауы  тиіс.

  •  Сырқаттың «ауру тарихына» орындалған процедураларын, өлшенгенде алынған мәліметтерді түсіреді.

  •  Жаңадан келіп түскен науқасты бөлімшенің ережелерімен таныстырады және сол ережелердің орындалуын бақылайды.

  •  Бөлменің тазалығын тексеріп, оның ауасын тазартып отырады.

  •  Науқастардың қызуын өлшеп, қағазға түсіреді, артериялық қысым, қан тамырларының соғысын тексереді және бір тәуліктегі диурез мөлшерін

    өлшейді. 

  •  Ауыр науқастардың жеке басының  тазалығын  қадағалап, олардың төсек-орындары  мен  іш киімдерінің  уақтылы  ауыстырылып  тұруын  бақылайды.

  •   Науқас  адамның  халі  нашарласа  немесе  басқа бір  өзгеріс болса, сол бөлімнің дәрігеріне немесе кезекші дәрігерге хабарлайды

  •  Аға мейірбикеге дер кезінде бөлімшеге қажетті  дәрі-дәрмектерге талап қағазын толтырады.

  •  Дәрігердің  сырқаттарды  аралауына  қатысып,  олардың  жағдайларын 

    хабарлап, әрі  қарай  қалай  оларды күту  және  емдеу  туралы  емдеуші 

    дәрігердің  нұсқауларын алады.

  •  Дәрігердің  науқасты  емдеу жөніндегі  тапсырмасын  бұлжытпай,  дер кезінде орындап отырады  (дәрі-дәрмектерді таратады, ине салады, қыша қағазын қояды, клизма жасайды және т. б).

  •  Науқастардың анализдерін (кіші дәреттерін, қақырықтарын, үлкен дәреттерін, т.б.) лабораторияға әзірлейді.

  •  Науқастарды  аппаратпен тексеруге /эндоскопия, рентгенография/ және

олардың арнаулы кабинеттерге баруларына көмектеседі. 
Мейіргер ісі мамандық ретінде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 1944 жылы Ганноверде өткізген мейіргер ісі мамандары Конгресінде келесідей анықтама береді: Мейіргер ісі- бұл өнер мен ғылым, ол пациенттің денесін, ақылы мен ішкі дүниесін толықтай қамтиды, үйрету немесе тәсіл арқылы рухани және физикалық қолдайды, денсаулықты сақтауға ерекше назар аударады, сондай-ақ пациентке көмек көрсеткенде физикалық сияқты пациентке рухани және әлеуметтік қамқорлықты қосады және отбасы, қоғам немесе мүгедектерді медициналық қызметті іске асырады.


Кейінірек Халықаралық мойындауға ие болған тағыда бір «ескірмейтін» мейіргер ісі анықтамасын 1967 жылы американдық мейіргер, ұстаз, ағартушы, зерттеуші және лектор В.Хендерсон берді. Ол мейіргердің бірегей қызметі өз күшімен білімі және ерік-жігерімен адам денсаулығына жазылып кетуіне немесе өліміне қатысты істердің іске асуына пациент немесе дені сау адамға көмек көрсетуінде деп жазды. Осылайша ол тезірек тәуелсіздікке ие болды.

Алғаш мейіргер ісі анықтамасын аты аңызға айналған Флоренс Найтингейл (1820-1910жж) 1959 жылы шыққан «Күтім туралы жазбалар» кітабында пациенттің жазылып кетуіне ықпал ету мақсатында пациенттің қоршаған ортаны қолдану бойынша қалай әсер ететінін анықтады. Ф.Найтингейл денсаулыққа күтім көрсету дегеніміз – ауру кезіндегі адам жағдайына қолдау көрсету, ал пациентке күтім жасау – аурудан зардап шегушіге көмек. Ол алғаш рет мейіргер ісін дәрігерлік қызметтен мамандық ретінде бөліп алды және дәрігерлік білімнен , практикалық және ғылыми дайындықтан арнайы өзгешелікті талап етті. Оның идеясы, көзқарасы, үлкен сенімге ие болды және әлемдегі көптеген елдерге танылды. Заманауи зерттеушілер мейіргер ісі моделдерінің концертуальді теориясы ретінде Ф.Найтингейлдің еңбектерін қарастырады.

Найтингейл 1820 жылы 12 мамырда аристократ ағылшын отбасында дүниеге келген, шығу тегі итальян. Ол сол кезде тек ерлер алатын жеткілікті жан-жақты білімді алды. Зерттеушілер Ф.Найтингейлді оның талантты болғанын, оның қабілеті әр түрлі қызмет түрлерін іске асыруға жететінін атап айтады, бірақ оның таңдауы медицина болды.


Ф.Найтингейл 20 жасында өз қалауымен мейіргер болуды шешті, бірақ 33 жасында ғана өзінің арманына жетіп, мейіргер болды. ол ауруханада жұмыс істей жүріп, мейіргер дайындайтын мектептер керек екенін түсінді.

Флоренс 33жасында өзінің ұйымдастырушылық қабілетін және күтім бойынша біліктілігін жоғары деңгейде көрсететін жоғарғы Лондон қоғамымен ауру әйелдерге күтім көрсету мекемесінде суперинтендант қызметін атқарды.

Флоренс 1854 жылы қазанда Қырым соғысы кезінде, дала госпитальдарында жұмыс істеп өзін көрсетті. Оның госпиталь жұмысын ұйымдастыруы арқасында өлім деңгейі 49 дан 2% -ға төмендеді. Ол жараланушылардың тығыз орналасқандарын азайту үшін палаталар санын көбейтті. Ас үйлер мен кір жуатын орындарды ұйымдастырды. Флоренс – мейірімді мейіргер- пациенттердің жараларын физикалық тану емес, оларды рухани құтқару деп санады. Ф.Найтингейлге 1856 жылы Англияға қайтысымен армиялық медициналық қызметті қайта құруға тапсырма берілді. Ауруханалар желдеткіш және канализация жүйелерімен жабдықталды, аурухана қызметкерлері міндетті түрде қажетті дайындықтан өтті, ауруханаларда статистикалық өңдеу жүргізілді. Аурудың алдын алу маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Найтингейл өзінің «Госпитальдар туралы жазбасында» госпиталь ісінің ұйымдастырумен санитарлық ғылым байланысын көрсетті.


Ф.Найтингейл Ұлыбританиядағы орта және кіші медицина қызметкерлерін дайындау жүйесін құрды. Ф. Найтингейл құрған мектеп медицина қызметкерінің басқарушы және педогогикалық шені дайындау модельдері болды. Ол мейірбикелік мектептерде мамандандырылған медицина мейірбикелердің сабақ бергенін көздеді, ал ауруханаларды басқаруға арнайы дипломы бар мейірбикелерді алды.

Ф.Найтингейл қызмет үдерісінде мейіргерлік көмектің дамуы үшін баға жетпес бірнеше еңбектер жазды. «Науқасқа қалай көмек көрсетілуі керек» деген кітабын сол кезде дәрігерлер жоғары бағалады, оқулық кітап ретінде есептеді. Ф.Найтингейл аурудың алдын алу , емдеуден жақсы деген ойды білдіретін бірнеше мақалалар жариялады.

«Мекемеде болу туралы кіріспе жазбалар» (1871) еңбегінде аурухана инфекция жұғу қаупі жоғары болғандықтан, үй жағдайында босану қауіпсізірек деген тұжырым жасады.

Мисс Флоренс өзінің өмірінде ауру кезінде барлық адамдарға бірдей көмек беру және ем көрсету бірдей құғығын қорғады. Ағылшын үкіметі оның медициналық көмекті дамытуда үлес қосқанын құнды бағалады және 1883 жылы Король Қызыл крестпен марапаттады.

1907 жылы Ф.Найтингейл «Қызметі үшін» жоғарғы марапаттардың бірі британиялық орденмен марапатталды.

1860 жылы 26 маусымда Лондонда Найтингейлдік қасиетті Фома ауруханасы жанында қайырымды мейірбикелер үшін сынақ мектебін ашты. Оны бітірген мейірбикелер Найтингейл антын берді.

  • «Мен Құдай алдында осы жиналыста салтанатты түрде:

  • Өмірімді адал өткізіп және мамандығыма адал қызмет етуге;

  • Зиян мен апат келтіретін істерден тартынуға, зиян келтіретін дәрілерді алмауға және саналы түрде оларды беруден тартынуға;

  • Мамандығымның деңгейін биіктетуге мен қолдауға барынша күшәмді салуға;

  • Практика барысында маған белгілі болған науқастардың отбасылық жағдайлары туралы мәліметтерді, барлық жеке мәселелерді құпияда ұстауға;

  • Қамқорлығыма сенім білдірген адамдарға өзімді арнап, дәрігердің жұмысына адал көмектесуге, ұмтылуға ант беремін».

«Күтім туралы жазбалар» еңбегінде Ф.Найтингейл мейіргер ісіне анықтама берді, дәрігер ісінен ерекшелігін көрсетті. Еуропа мен Америкадағы алғашқы мейірбике мектептерінде оқытылған теориялардан мейіргер ісі моделдерін құрды. Ф.Найтингейл есімі қайырымдылық символына айналды.

1912 жылы Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай лигасы Флоренс Найтингейл атындағы медаль шығарды. Әлі күнге дейін барлық әлем бойынша мейірбикелер үшін ең құрметті және жоғары награда болып саналады. 2 жыл сайын Қызыл крест Халықаралық комитеті оның туған күніне (12 мамыр) оның атындағы 50 медальді беруді ұйғарды. Бұл мейірбикелер үшін және Қызыл Крест белсенділері үшін жоғарғы марапат. Бұл медальдің ережесінде «мансаптың аяқталуы үшін емес, үздік қызметін ескеру және марапатталғандардың моральды сапасын ерекше мойындау үшін» деп жазылған.


Мейіргер ісінің жаңа мазмұны

Ф.Найтингейлдің рөлі жөнінде мейіргер ісі дамуында көп жазылды. Қырым соғысынан кейін ол медицина тәжірибесінде қайырымдылық мейірбикенің орны мен рөлі туралы ойды өзгертуге талпынды. Оның өмірлік ұстанымы және жанкештілігінің арқасында мейірбике мамандығына көзқарастарға үлкен өзгертулер енді. Ол профессионалды білім жүйесіне, пациенттерге күтімнің жаңа теориясын өзгертуді ұсынды. Оның қызметі ауруларды алдын-алуға бағытталды.

Мейірбикелер ұзақ уақыт бойы тек дәрігердің тағайындамасын орындады. Оларға пациенттерге көмек бойынша өзіндік шешім қабылдауға үзілді-кесілді рұқсат берілмеді. Бірақ мейіргер ісі дамуы, адам құқығымен күресу әлемде медицина мамандығының негізгі бірден-бір өзгеріс символына айналды. Мейірбике тәуелсіз шешім қабылдауды өз қызметінде біршама дербес болды.

V.Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Қолды гигиеналық өңдеу 2 кезеңнен тұрады: қолды механикалық тазалау және антисептикпен қол терісін залалсыздандыру.

Қолды жуу үшін (механикалық тазалау) шиша ыдыстағы мөлшерленген сұйық сабынды бірреттен көп пайдалануға болады. Сабынды мөлшерленген шиша ыдысқа құюға болмайды.Егер сабын тілімдері пайдаланса, онда олардың кішкентай үзіңділерін пайдалану керек, басқа үзіңділері ұзақ уақыт дымқыл жерде қалып қоймауы қажет, себебі микроорганизмдердің көбеюіне мүмкіндік жасамау үшін. Арнайы сабын салғышты қолдану тиімді,себебі басқа уақытта қолды жуу үшін сабын кеуіп тұру тиіс.

Қолды өңдеу кезіндегі қимыл-қозғалыстар еуропалық EN-1500 стандартына сай келуі шарт. Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанылады. Қолдардың өңделуі 30 секундтан 1минут уақыт арлығында орындалады (1-сурет).





1-сурет.

Қолды гигиеналық өндеу
Қолды қағаз сүлгімен кептіру керек, сосын кранды жабамыз. Егер қағаз сүлгілер болмаса онда оның орнына таза мата тілімдерін шамамен мөлшері 30 х 30 см жеке қолдануға болады. Әрбір қолданылып болған сүлгілерді қайта тазалаудан өткізу үшін арнай қойылған контейнерлерге тастау керек. Электр құрғатқыштар тиімсіз, себебі теріні аса жай кептіреді.

Механикалық өңдеуден кейін (екірет сабындап және шаю) қолдың жалғауына аз дегенде 3мл зарарсыздандырғыш жағылады. Қолды гигиеналық дезинфекциялау кезінде препараттар қолданылады, яғни құрамында зарарсыздандырылған детергенттер болады, сонымен қатар қолды спиртпен дезинфицирлейді (адекваттық шарттың қолды жууға немесе қолды жуу үшін арнайы уақыттың болмағандығынан).Зарарсыздандырылған сабынды немесе детергенттерді қолданған кезде қол ылғалданады, содан соң теріге 3 мл құрамында спирт бар препаратпен безейді
(мысалға, «Исосепт», «Спитадерм», «АХД-2000 специаль», «Лизанин», «Биотензид», «Манопронто»), толық кепкенге дейін теріге ұқыпты сіңеді (қолды сүртуге болмайды).

Персонал қолына сақина тағудан немесе тырнағына лак жағудан сақтануы керек, себебі сақина мен жыртылдақ лак қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Маникюр (тырнақтың төсегінің облысындағы айрықша айлалы әрекеттер) кішіжарақаттарға әкелуі мүмкін, себебі ол жеңіл инфицирленеді. Қолды жууға арналған жабдықтар аурухананың шекарасында ыңғайлы орналу керек. Дербес жағдайда, диагностикалық немесе емдеу өткізілетін бөлмеде, әр бөлмеде және бөлмеден шығарда тікелей емес орналасады.

Ситуациялық есептер:

  1. Қабылдау бөліміне ыстығы шыққан үш жасар баланы алып келді, баланың ыстығы көтерілген, жағдайы орташа ауырлықта. Балаға дәрігер ыстығын түсіретін дәрі берді. Бала қолында шприці бар мейірбикені көргенде қорыққаннан айқайлап жылады. Бұл кезде мейірбике не істеу керек?




  1. Кардиология бөлімінде жатқан 72 жастағы қария науқас ауруының қауіпті екеніне қарамастан, мен бәрібір емделмеймін «өлімім» жеткен көрінеді деп мейірбикенің манипуляцияларынан бас тартты. Бұл кезде мейірбике науқасқа қандай көмек көрсету керек?


ҮI . Сабақ бойынша рефлексия
Студенттер тақырыпқа сай кестені толтырады

  • ойлау

  • білу

  • түсіну

  • тілді меңгеру

  • сөздік қорды толтыру

  • сөйлеу

  • жазу

  • Уақытты тиімді пайдалану 5-7 мин

  • Өмірде қолдана алу

  • Студенттің әрқайсына осы парақша беріледі
    -осы тақырыптың өзіне , елді мекеніне, еліне , бүкіл әлемге әсерін жазып толтырып, бір бірімен пікір алмасады


Қорытындылап баға қою

Сабақта алған білімдерін қаншалықты игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп , критерийге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімденеді

ҮII.Үйге тапсырма: «Медициналық мекемелердің негізгі түрлері.Әртүрлі медициналық мекемелердегі мейіргер қызметінің негізгі бағыттары»