Файл: Тексерілді доіжо білім беру йымыны атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді: ДОІЖО

Білім беру ұйымының атауы

Б.Садықов атындағы ЖОМ

Пәні

информатика

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Мұғалімнің аты-жөні

Алимкулова М

Күні

19-20.01.2023ж

Сыныбы: 1

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну.

Сабақтың мақсаты:


Интернет желідегі ақпаратпен танысады.

Интернет желідегі пайдалы және пайдасыз ақпаратпен танысады.

Құндылықтарға баулу

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы. «Австралия жаңбыры» ойыны

Нұсқау:

Австралияда жел тұрды. (Алақанымызды үйкейміз).

Жаңбыр тамшылап бастады. (Саусақпен шерту).

Жаңбыр күшеюде.(кеудемізді алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Жаңбыр құйып кетті. (Аяғымызды алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Енді дауыл көтерілді, тасбұршаққа айналды. (Аяғымызбен жер тепкілейміз).

Мынау не?! Дауыл басылуда. (Аяғымызды алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Жаңбыр басылуда. (кеудемізді алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Жаңбыр сиреді. (Саусақпен шерту).

Желдің жай сыбысы. (Алақанымызды үйкейміз).

Күн жарқырады! (Қоламызды жоғары көтереміз). «Сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер!» Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды.

Бағалау критериі интернет желісіндегі қауіпсіздікті біледі




Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

  • Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында интерактивті тақтадан көрсетілген бейнелерді көрсету арқылы оқушылардың ойын білу.

  • «Инернет, ютуб, желі» сөздері таныс па?

  • Оқулықтағы 1 - сызбада не бейнелеген?

Ойыңмен бөліс.

  • Интернет, Ютубты не үшін қолданасың?

  • Сен қажетті ақпаратты қайдан іздейсің?

Жаңа сабақ.

«Кинометафра» әдісі

«Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбы бойынша бейнебаян көрсетіледі.

Желі – бір компьютерді екіншісімен жалғайтын сым.

Интернет – әлемдегі барлық компьютерді қосатын желі.

Браузер – компьютерден интернетті ашатын программа.

ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша

«Жарайсың!».
Тіктөртбұрыш

«Жақсы!».
Үшбұрыш

«Талпын!».

Интерактивті тақта
Логотип



Оқулықтағы 1- сызба


Сабақтың ортасы


«Компьютермен жұмыс»

1.Қауіпті және қауіпсіз әрекеттерді бағандарға тасымалда


2.Роботқа интернетке қосылу үшін қажетті заттарды сандықшаға жина


3.Сөздерді тыңдап сәйкестерін ұяшыққа орналастыр.




ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша

«Жарайсың!».
Тіктөртбұрыш

«Жақсы!».
Үшбұрыш

«Талпын!».


Оқушы компьютері,
Электронды оқулық,
Фигуралар


«Сәйкестендіру» әдісі

Жаңа сөзге сәйкес келетін сөзді таңдап жаз, сәйкестендір.

«Желі» бір компьютерді екіншісімен жалғайтын сым.

«Интернет» әлемдегі барлық компьютерді қосатын желі.

«Браузер» компьютерден интернетті ашатын программа.ұмыс дәптеріндегі







Дәптер



Сабақтың соңы


Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

  • Интернеттің адам үшін қандай пайдасы бар?





Үй тапсырмасы

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау