ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Бекітемін ___________ Мектеп басшысы Г.К. Бельгибаева |
| |
| |
Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі
1-жүргізуші: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Қоян жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге, Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш, мықты денсаулық әкелсін!
2- жүргізуші: Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке.
2- жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар.
1-жүргізуші: Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық Қоян жылын
Ұзатып сап Барысты!
1-жүргізуші: Балалар, бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын ортаға әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз. Сіздер Аяз ата мен Ақшақарды тауып алып кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 5 минут уақыт беріледі. Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт.
1-жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келгенші, барлықтарыңызды мерекелік кештің керемет би алаңына шақырамыз!
2-жүргізуші: Ал, балалар! Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?
1-жүргізуші:
Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын.
2-жүргізуші: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
1-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
2-жүргізуші:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
2-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
1-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар балалар сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.
2-жүргізуші: Ортаға сыныптардың жас таланттарын шақырамыз!
5 «А» сыныбы
Келесі өнер көрсететін 5 «Ә» сыныбы
Ортаға 5 «Б» сыныпты шақырамыз!
1-жүргізуші: Көңілді кешімізді жалғастырайық. Ал енді сіздерге арнап 6 сыныптар дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
6 «А» сыныбы
6 «Ә»
6 «Б»
6 «В»
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайық. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!
Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!
1-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.
2-жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Осымен біздің «Төрлет,құтты Жаңа Жыл » атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықпен жүздесейік! Қош сау болыңыздар!