Файл: 90 жылдара саяхат кешіні жргізілу барысы Сахнада кілді уен. атысушыларды орындауында би.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«90 –жылдарға саяхат» кешінің жүргізілу барысы
Сахнада көңілді әуен. Қатысушылардың орындауында би
Жүргізуші
Қайырлы кеш, құрметті де, қадірменді ауыл тұрғындары, көрермен қауым! Бүгінгі біздің «90 жылдарға саяхат» атты концертімізге қош келдіңіздер!
Кешіміздің мақсаты: сонау өткен ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы халық жадынан ұмытыла бастаған қызықты күндерді жаңғырта отырып, Республикалық «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясындағы құрылған мектепішілік «Ақ жүрек» еріктілер клубы мүшелерінің қатысуымен тамаша көңіл-күй сыйлау.

Ендеше сіздердің қошеметтеріңізбен бірге концертімізді ашық деп жариялайыз!
Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Дүние ойдан шығады

Өзімді-өзім ұмытып

Көңілім әнді ұғады

Жүрегім бойды жылытып-дей келе, 10 сынып оқушысы Шокатаев Казбекті «Неткен өмір» әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші.

90-шы жылдар өте есте қаларлық кезең болыпты және қазіргі заманғы көзқараста тіпті кейбір жағынан да қызықты. Жастар арасындағы соның ішінде қыз балалардың белден келген джинсы шалбары мен жейдесі, бозбалалардың жағасы ұзын, ала-ала спорттық жейдесі, жеткіншектердің кезекке тұрып таласа ойнаған дендиі мен сегасы - сол 90 жылдардағы көріністер емес пе? Ұнатқан бойжеткеніне сезімін білдіріп хат жазысқан да со кездің жастары. Ендеше 90 жылдарда хат жазып танысып, табысқан көрермендеріміздің құрметіне 9 сынып оқушысы Сейдұлла Мәдинаның «Аппақ гүлдер» әнін жолдайды.
Жүргізуші

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген- дей келе келесі кезекті «Одессей» биімен биші қыздарыңызға береміз.
Жүргізуші

90 жылдардағы әр шаңырақтың тойы ерекше салтанатпен өтетін. Ташкенттің тықырлы кілеміне аппақ мамық мақтадан ойылып жазылған жас жұбайлардың есімі, аққайнардық қасына сүйеп қойылатын қораптағы шоколадсыз тойдың сәні болмас еді.

Сол кездегі қазақ шаңырағындағы тойдардан сыр шертетін керемет көрініске кезек берейік!

Көрініс «Әйел алдым! Үйленем!»


Жүргізуші

Өнер сенсің жақсылыққа үйреткен

Өнер сенсің жамандықтан жиренткен

Өнер сенсің мені жұртқа ұранғып

Өнер сенсің мені жұртқа сыйлы еткен

Келесі кезекті 11 сынып оқушысы Сейдұлла Думанның «Ямахау» атты тамаша әніне береміз.

Жүргізуші

90-шы жылдардағы жастардың бүгінгі тілмен айтқанда хоббиі жұлдыздардың плакаттарын қабырғаға қызылды-жасылды етіп іліп қоятын. Оны тектен текке ілмейтін, жардағы жұлдыз сол кездегі жастардың кумирі еді. Шайнайтын гум «Turbo» сағызы, сағыздың ішіндегі жабыстырғыштар әр үйдің кеңестік кездегі шкафтарда бүкіл топтамасымен жабысып тұрушы еді.

11 сынып оқушысы Зейнулла Шадиярды «Сен сұлу» әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші

Ажары көктемдегі ашық таңдай

Жарқырап жанарыңды жасытқандай

Еркелеп, мың бұралып назданғанда

Қай жігіт тұралады ғашық болмай

Келесі кезекте мың бұралған бишілерімізді «Белый танец»биімен 9 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

Жүргізуші

Бүгінгі кеш көкейлеріңе

Жыры мен сырын тұндырсын

Жаныңнан кетпей әсерлі күн

Жадыңда қалсын осы күн

Келесі кезекте 11сынып оқушысы Емен Әсемді «Қызылқұмда ауылым» әнімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші

Жүрегімде күй ойнайтын сәттерім

Таң атқанша достарыммен ән салып

Жанымды орап нәзік сезім бал шабыт

Сенің әрбір қылығыңа тамсанып

Қиялдайтын сәттерім, дей келе, «Есіңе ал» әнімен Шоқатаев Қазбекті шақырамыз!
Жүргізуші

Жігіттер өнер үйрен заманында,
Теңшілдік түгелімен өз қолында.
Түрлендір шаруаңды, түс жарысқа,
Талабың алға басып тұрғаныңда,дей келе, келесі кезекте көңілді көрініске береміз «Жындыханадағы оқиға»

Жүргізуші

Бұл қазаққа арыдан
Сиқырлы саз дарыған.
Әншісі мен күйшісін
Бүкіл әлем таныған. Кешіміздің төріне «Астапурай япырай» атты әсем әнімен Аяулым мен Әсемді қарсы алыңыздар!

Жүргізуші

Ән махаббат , ән сағыныш

Ән жұбаныш , ән қуаныш

Сырлы сазды әнмен бірге

Тербеледі кең даламызғ дей келе «Махаббат» әнімен 11 сынып оқушысы Сағызбаев Төлегенді қарсы алыңыздар
Жүргізуші

Қызығы мен шыжығы мол сол кездегі тағы бір есте қаларлық дүние ол әрине-магнитафон. Шырматылған кассетаны шыр айналдыра отырып, көңілді би кештерін таң атқанша өткізетін.

Ортаға мың бұрылған бишілерімізді «диско » биімен ортаға шақырамыз!
Жүргізуші

Ән басталса қалайша жанбас халық

Тыңдауға бар түн бойы таң жастанып

Ұйып қалар табиғат оянбастан

Кеткен кезде керемет ән басталып-дей келе ортаға 10 сынып оқушысы ерболат Бекжанды «Ақ сәулем» әнімен қарсы алыңыздар!

Ортаға барлық оқушы шығады. Надежда апай сөйлейді.

Жүргізуші

Өнеріміз қуанышты күн бүгін

Барша жанға ұсындық біз жыр гүлін

Рахмет айтып баршаңызға бас иіп

Қоштасамыз сіздерменен біз бүгін
Келесі кездескенше сау болыңыздар!