Файл: Кктбе жоббм Оуа штар мектеп жобасы бойынша атаран жмыс есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Көктөбе ЖОББМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша

атқарған жұмыс есебі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім салаларындағы мектеп кітапханаларын қайта жаңғарту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатындағы Республикалық "Оқуға құштар мектеп" жобасы жұмысы жалғасуда. Осы орайда Көктөбе ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп" жұмысын іске асыруда

Жобаның мақсаты:Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойына жоғары азамматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру , мәдени және оқу құзіреттілігін, отбасылық кітап оқу дәстүрін дамыту.

Жобаның міндеттері:

  • Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін дамыту;

  • Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігін және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жоба жүйесін қалыптастыру;

  • Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағатандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап екенін түсіндіру;

  • Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту;

  • Bookсrossing кітап алмасу қозғалысы дамыту.

Жобадан күтілетін нәтижелелер:

  • Мектеп оқушыларының кітап оқуға белсенділігін артады;

  • Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғыртылады;

  • Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағатандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап екенін түсінеді;

  • Bookсrossing кітап алмасу қозғалысы дамиды.


Оқуға құштар мектеп кітап оқуды дәріптеуге арналған жоба бойынша жоспар бекітіліп іс-шаралар атқарылды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жазушы Дүкенбай Досжанның туғанына 80 жыл толуына орай 4 А сынып оқушыларымен бірге таза ауада демалып шара өткізілді. Балалар жазушының өмірі мен шығармаларымен танысты.     Автордың «Арман баланың бастан кешкен қызықты оқиғалары» атты қысқа әңгімелерінің ішінде ең бір сүйкімді, тәтті шығармасы – «Мектеп». Оқушыларға әңгімедегі балалық шақ сезімдері бөтен емес, қайта өз өмірлеріндегі қызықты шақтарды еске еріксіз алып, қызығушылықпен белсене қатысып талқылады.

Кітап біздің рухани жан азығымыз. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп,ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.Жоспарға сәйкес
Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына «Әлемге Әйгілі Әуезов» кітап көрме және виртуальды көрме ұйымдастырылды . « Дәуірдің дара тұлғасы» атты тәрбие сағаты ұлы тұлғаның шығармаларына шолу жасалды.

Бүлдіршіндердің назарын кітапқа аудару, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру, сөйлеу тілін байыту мақсатында мектепалды даярлық «А» «Ә» сыныптарының оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады. «Оқуға құштар жобасы » аясында жас ерекшелігіне қарай балаларға арналған батареялармен жұмыс істейтін, дыбысталған ертегілер ұсынылды. «Бір сынып – бір ертегі» деп «Екі лақ», «Ұр тоқпақ» т.б. ертегілерін қызығушылықпен тыңдады.

Кітап адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге , талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Одан ақыл - кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге алады, кітап – біздің рухани жан азығымыз. Оқушыларды оқуы мәселесіне тарту, бірлесе кітап оқуын ұйымдастыра отырып «Бәріміз кітап оқимыз », «Оқуға құштар мектеп » жобасын іске асыру мақсатында 4а сынып оқушылары таза ауада кітап оқыды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп жасындағы балаларға ұсынып отырған 250 көркем әдебиетке арналған көрме жасалды.

Қасым –Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, биылғы 2022 жыл – «Балалар жылы» деп жариялады. Мектеп кітапханасында балаларға арналған кітап көрмелерін безендіріп, жас оқырмандарына балалар әдебиеттерін насихаттаудың түрлі жолдарын ұсынудамыз. «Балалар жылы – бақыттың нұры» атты көрмесіне оқушыларын шақырып, балаларға арналған классик жазушыларының кітаптарың; балалардың ауыз әдебиетіне байланысты, қазақ ертегілері, қазақ ауыз әдебиеті, батырлар жырлары және тағы да басқалар қызықты ақпараттар айтылды.

«Бәріміз кітап оқимыз» сынып болып кітапхана келіп оқушылар кітап оқыды

«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ » республикалық марафонында мектеп оқушылары белсенділік танытып, электронды кітаптарды оқуды меңгеріп, терең білімімен , алғырлығымен «ЕҢ КӨП КІТАП ОҚИТЫН ОҚУШЫ» номинациясының жеңімпаздары атанып, марапатталды

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жоспарына орай 25 қазан Республика күніне орай «Республикам менің атты челленджне бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.

23 қарашада Көктөбе орта мектебінің кітапхана меңгерушісі мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Ғ. Мұстафиннің 120 жылдығына орай 9-11 сынып оқушылары арасында жазушы өмірбаяны таныстырылымы мен оның «Қашқын» әңгімесі бойынша пікір алмасу өтті.



Оқуға салмақты мән-мағына беру, білім беру жүйесінің ең бір маңызды мәселелерінің бірі «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында бастауыш сыныптарында бұрыштар ұйымдастырылды

отбасылық оқудың үздік дәстүрлерін жаңғыртуда мақсатында«Отбасымызбен кітап оқимыз» челленджі жалғасын табуда «Оқуға құштар мектеп» жоспары бойынша Жунусова Марал 9 “а” сынып оқушысы «Қандай кітап оқып жатырсын?» челленджді насихаттау барысында Даниэль Дефо «Робинзон Крузо» кітабын оқып өзгеге ұсынды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы мектебімізде өтіліп жатқан іс-шаралар БАҚ жарияланады ( Шамшырақ №47. 26 қараша 2022ж) (Мөлдір бұлақ №5-2022) ( Шамшырақ №48. 3желтоқсан 2022ж)