Файл: Жамбыл ауылындаы 2 орта мектебі кмм атааналар жиналысыны хаттамасы 2.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі КММ
Ата-аналар жиналысының
хаттамасы № 2
Қатысқандар: 13
1.Сынып жетекшісі – Жүніс Думан Қайратұлы
2. 6 «А»сынып оқушыларының ата-аналары
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
-
І тоқсан қорытындысы -
Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Жүніс Думан Қайратұлы І тоқсан қорытындысына тоқталып өтті. Жалпы 6 «А» сыныбында 20 оқушының ішінде оқу озаттары 6(алты) оқушы, 7(жеті) оқу екпіндісі, 7(жеті) үлгерімі төмен оқушылар бар екендігін айтып өтті. Сынып бойынша білім сапасы- 65%. Бұл тоқсанда 2(екі) оқушы оқу екпінділер қатарына қосылды, сонымен қатар әліде оқу үлгерімін көтерілуге мүмкіншілігі бар оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалып, келесі тоқсанда оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды.
Екінші мәселе бойынша Жүніс Думан оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы тоқталып өтті. І тоқсанда сабақтан үнемі қалатын және тәртібіне көңіл бөлуді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалды, оқушылар тек науқастанған жағдайда ғана себеппен сабақтан қалдыруды, соның өзінде ата-аналар тарапынан оқушыларды күнделікті сабаққа уақтылы жіберіп, сабақтан қалмауын сұралды.
Қаулысы:
-
І тоқсан қорытындысы бойынша үлгерімі төмен оқушылардың сабақтары ата-аналардың және пән мұғалімдердің тарапынан қадағаланып, үнемі назарда болсын.
-
ІІ тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын.
Сынып жетекшісі: _________ Жүніс Д.Қ.
Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі КММ
Ата-аналар жиналысының
хаттамасы № 1
Қатысқандар: 12
1.Сынып жетекшісі – Жүніс Думан Қайратұлы
2. 6 «А»сынып оқушыларының ата-аналары
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
-
Баяндама . «Отбасы – тәрбие бастауы» -
Жаңа оқу жылының басталуы. Ата-аналар комитетін сайлау.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Жүніс Думан Қайратұлы өз сөзін «Отбасы – тәрбие бастауы»атты баяндама оқып бастады. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты
дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керектігін айтып өтті.
Ата-aналар комитеті етіп өз араларында Борибаева Аксананы сайлады.
Ағымдағы мәселелер бойынша сынып жетекшісі оқушылардың сабақтан себепсіз қалмау,қалған жағдайда анықтама әкелу, дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу, форма міндетті түрде киетіндіктерін, ақ бантик ,қара туфли , т.б., мектеп мүлкін бүлдірмеу, оқу - құралдарын таза ұстау, қауіпсіздік шарасы бойынша ата – ана тарапынан жауапкершіліктерімен таныстыру жүргізілді.
Қаулысы:
-
«Отбасы – тәрбие бастауы» атты баяндама тыңдалды. -
Ата-аналар комитеті болып Борибаева Аксана сайланды. -
Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ. Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша бірауыздан қабылданып ,барлығы тарапынан ризашылық білдірілді.
Сынып жетекшісі: _________Жүніс Д.Қ.