Файл: Момынай жалпы орта білім беретін мектебі ыса мерзімді жоспар Пні Математика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді:
Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді жоспар

 Пәні:    Математика

Бөлім:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Педагогтің аты-жөні

Алиева Г.А.

Күні:

23.01.2023ж

Сынып: 6 «А», 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

Сабақтың мақсаты

  • мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылардың назарын жинақтау;

  • оқушылармен бірлесіп оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын анықтау.

  • оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру

Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»



6 сынып оқулығы. 1-бөлім



Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру.

Мәтінді есептер, аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілетін есептер. Көптеген мәтінді есептің шарты өмірде кездесетін әртүрлі жағдаяттарға байланысты беріледі. Мәтінді есептерді мазмұнына қарай келесі түрлерге бөлуге болады:

  • қозғалысқа берілген есептер;

  • сандарға байланысты есептер;

  • концентрация және проценттік құрамына байланысты есептер;

  • жұмыс өнімділігіне берілген есептер;

  • геометриялық мағынадағы есептер;

  • аралас есептер.

Мәтінді есептерді арифметикалық (қосу, азайту, бөлу және көбейту) әдістер арқылы шығарумен қатар алгебралық әдісі де бар. Алгебралық әдісі, яғни теңдеулер арқылы мәтінді есептерді шығаруға болады. Теңдеу арқылы мәтінді есептерді жеңіл және тез шығаруға болады.

Теңдеулер арқылы мәтінді есептерді шығару кезіндегі іс-әрекеттер:

  1. Есептің берілгенін оқып мағынасын түсіну.

  2. Есептің қысқаша шартын жазу (схема, кесте).

  3. Есептің шартына байланысты теңдеу құрып, оны шығару.

  4. Есептің сұрағына жауап жазу.

Тапрсырмалар орындау. Жұптық жұмыс

1-тапсырма

Қандайда бір берілген санды 4-ке кемітіп, шыққан санның үштен бірі мен үш еселенген бастапқы санның жартысының айырмасы 5-ке тең болса, бастапқы санды табыңыз.

2-тапсырма

Автобус пен жеңіл машина арақашықтығы 604 км болатын екі қаладан бір мезетте қарама-қарсы шығып, 4 сағаттан соң кездесті. Егер жеңіл машинаның жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 17 км/сағ артық болса, автобустың жылдамдығын табыңыз.
Дескриптор:

- есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады;

- теңдеуді құрастырады;

- өзінің құрған теңдеуінің түбірін табады;

- есептің жауабын негіздейді.
Жеке жұмыс

1. Теңдеуді шешіңдер:

а) 5x – 3 = 4x + 7; b) -3x + 2,4 = 5x – 3.

2. Теңдеуді шешіңдер: 1 – (1 – 5x) = 14.

3. Теңдеуді шешіңдер: =

4. Тік төртбұрыштың AB қабырғасы BC қабырғасынан 12 см ұзын. Егер AB қабырғасын 13 см, ал BC қабырғасын 6 есе ұзартса, онда екі қабырғаның ұзындығы тең болады. AB қабырғасының ұзындығын табыңдар.

5. Теңдеуді шешіңдер: =

6. Теңдеуді шешіңдер: 1 – x – x2 = -(x – 1) - 167

7. Теңдеуді шешіңдер:


Жаңа сабақты түсінеді.

Мысалдарды жазады.

Оқушылар өз беттерінше отырып берілген тапсырмаларды орындайды.


Тез орындап болған оқушылар қосымша жеке жұмыс орындайды.


Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

1-10 баллдық жүйеде бағаланады.




Сабақтың соңы

Үй жұмысы:

есеп

Рефлексия: «Нысана»
Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет»

Үй жұмысын алады.

Рефлексияны ауызша орындайды.


Формативті бағаланады.