Файл: Блім 3в химиялы байланыс трлері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

8.3В Химиялық байланыс түрлері

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Коваленттік байланыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.4.1 -электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Химиялық байланыстардың мәнін анықтайды.

Ковалентті байланысты және оның түрлерін анықтайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

(Ұ). 1) Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

«Мені не үшін сыйлайсыз?» атты психологиялық ахуал жүргізеді.

Мұғаліммен амандасады.

Жұпта бірін бірі не үшін сыйлайтынын айтып, көңілдері көтеріледі.







5 мин

Үй тапсырмасын сұрау.

Жеке жұмыс

7-тапсырма

ЕББҚ бар оқушының жұпта «мұғалім» оқушының айтуы бойынша өткен тақырыпты есіне түсіріп, сыныптасынан қолдау көреді және қарым-қатынасқа түсуі артады. Ал өзі «мұғалім» оқушы ретінде өзіндік бағалауы жоғарылайды.

Элемент жұптарының ортасында ЭТ мәндеріне қарай белгілерін қояды

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.ЭТ мәні жоғары элементті табады-1балл

2. <, > белгісін қояды-1балл

3. Себебін түсіндіреді-1балл




Жаңа сабаққа кіріспе

3 мин


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Дағды: сабаққа мақсат қою дағдысы, бағалау критерийлерін шығару дағдысы қалыптасады.

1.Бейметалл дегеніміз не?
2.Қандай бейметалдарды білесің?



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

20 мин.


Бейнесабаққа назар аударып, тыңдап және бейнесабақтағы ақпаратттармен танысады.

Оқыту түрі: Жұптық жұмыс.

Әдісі: «Фонарик»

Берілген қосылыстарды атайды, байланыс түрін анықтайды

F2, NH3, O2, H2S, I2, PH3, HBr, CO, H2O, Cl2, CO2, N2, NO2, P2O5

ЕББҚ бар оқушы бұл тапсырмада жұбынан қолдау көмек алып, тапсырманы бірге орындайды.

Мақсатқа оралу: Ковалентті байланысты және оның түрлерін анықтайды

Талқылау сұрақтары.

Коваленттік байланыстың қандай түрін анықтадыңдар.?

Қандай қиындық туындады?

Берілген сілтеме арқылы бейнесабақты көреді.

Жұмыс дәптерге қажетті мәліметтерді жазады

Жұптық тапсырманы орындайды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Қосылысты атайды-1балл

2. Байланысты анықтайды-1балл

3. Оның түрін атайды-1балл


Оқулық, бейнежазба, слайд https://www.youtube.com/watch?v=ENt5ZDER-rw&t=106s

Қосылыс формулалары жасырылған кеспе қағаздар

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.


Үйге тапсырма 130-бет 6-тапсырма

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.