Файл: Маыстау облысы араия ауданы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Жетібай ауылы

№8 орта мектебі

Меңдіқұлова Салтанат Амандыққызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ тілі

Уақыты:

Сыныбы:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Етістер. Өздік етіс.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, дәптермен жұмыс, рефлексия жасау

Жалпы мақсаттар

Өздік етіс туралы білімді қалыптастыру, оның анықтамасын жүйелі талдап, санаға сіңіру, нақты мысалдар арқылы оны еркін дәлелдеу. Орындалатын тапсырмалар нәтижесінде білік дағдыларын, мағынаны ажырата білу қабілеттілігін нығайту, шығармашылық жұмыс істеуге ұмтылдыру, анық мақсат қоюға мүмкіндік беру;

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар сыныптастары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылауды үйренеді. Топтық тапсырмаларды орындауда бір-бірінің жауаптарын тыңдайды, орындайды.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: іздендіру, сыни ойлау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, бірлескен оқу.

Көрнекілігі: сызбалар, сандықша,үлестірме қағаздар, тест.

Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен амандасу;

  • Сыныпты түгендеу;

  • Сабаққа назарларын аудару.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Жүрек лебізі» ойыны. Оқушылар жүректің суретін бір-біріне ұсыну арқылы бір ауыз сөзбен ізгі тілектерін білдіреді. 

Топқа бөлу

Сыныпты түрлі түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлу


Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту


«Қайталау - оқу айнасы». Өтілген тақырыпты, үй тапсырмасын «Даналық ағашы» атты ойынмен пысықтау. Әр ағаш бүршігін ашқанда, артында үй тапсырмасы бойынша сұрақтар шығады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап берулері керек. 

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Болымсыз етіс жұрнағы етіс  жұрнағына қалай жалғанады?   

  3. Сабақты етістік дегеніміз не? Мысал келтір

  4. Салт етістік дегеніміз не? Мысал келтір




Салт етістік

Ортақ қасиеті:

Сабақты етістік

 


 







Мағынаны тану


1.Жанар тарақпен таранды.

2.Айнұр өзі киінді.

 3.Кішкентай қыз ерте тұрып, жуынды.   Сурет бойынша жазған мысалдарын оқып, іс-әрекет қатысын түсіндіреді де, осыдан сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді, айды жазады.            

   «Ойлан, жұптас, талқыла».                                                      

Топтағы оқушылар өздік етіс бойынша ереже мәтінін оқиды, жұптасып отырған оқушылар бір-біріне түсіндіреді. Одан кейін топ ішінде бірлесіп, ортақ пікір қалыптастырып тірек сызбасын салады, қорғайды. 

Қосымша түсінік.  

Тұлғалас        формалар



2) -ын,-ін, - сөз тудырушы жұрнақтар. Мысалы: түй+ін, жи+ын.



1)-ын,-ін,­ - өздік етіс жұрнағы. Мысалы: Ақбаян өзі ки+ін+ді.



3)- ы+н,-і+н – жалғаулар.

-ы,- і –тәуелдік жалғауының  ІІІ жағы, -н- табыс септігінің жалғауы. Мысалы: Кітаб+ы+н оқыды.






 Білімді шыңдау.  Жаңа тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу.

187 -жаттығу. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс  жасаңдар.         

          Ора-н-оранды. Көр-ін-ді. Сез-ін-ді.  Қара- н-ды. Сыла-н-ды. Тазала-н-ды. Сүрт-ін-ді. Ки-ін-ді. Сал-ын-ды. Гүлде-н-ді. Бу-ын-ды. Байла-н-ды. Түй-ін-ді

    188-жаттығу. Көп нүктенің орнына өздік етіс жұрнақтарының тиістісін  қойып, көшіріп жазыңдар.

Омырауы жұпарлы, он саусағы қыналы анаң сүй...ді! Қабағы тастай түйілген, жеңсіз берен ки...ген, елінің тыныштығы үшін егеспен күн кешкен әкең сүй...ді! Қызыл-жасыл ки...іп, беліңді қынап бу...ып, қызыл балықтай асыр салдың. Жиын-тойда ақ балтырың түр...іп, өзіңнен жарты мүшел үлкен жігітпен балуанға түстің. Ағайын-туғаның сүй...ді!                  

  190-жаттығу. Өлеңді оқып, өздік етістерді мәтіннен теріп жазыңдар. 

Көрінді, бүлінді, түйіндік, тарандық, қарандық, киініп, сиынып, безінбей, ұрынбай, тағынбай, жастанбай, бастанбай.           

Сергіту сәті

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған  жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

Ой толғаныс

«Қатені ұста!» мұғалім бір неше бекітуі кате ережелер мен дәйексөздер береді. Қатені тауып, қателігін дәлелдеуі қажет.

  1. Етіс – етістіктің бір түрі.

  2. Етістің 5 түрі бар.

  3. Өздік етістің жұрнақтар –ын, -ін, -н.

  4. Етістіктің сұрақтары Кім? Не?

  5. Етістік құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді.

  6. Сабақты етістік табыс септігін қажет етеді.

  7. Болымсыз етістіктің жұрнақтары болмайды.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманы орындау. «Менің сүйікті спортшым» тақырыбына эссе жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу




Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағазға жазып ағаштың суреті бар плакатка іледі.



Кері байланыс



Бағалау


Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.