Файл: нертабыс жне жаашылды. азіргі заман нертабыстары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өнертабыс және жаңашылдық. Қазіргі заман

өнертабыстары.

Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді; микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді; теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді; от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с. Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады. 

     Біз көптеген дүниелер үшін бұрыңғы өнертапқыштарға міндеттіміз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз. Дизельдік қозғауышты неміс инженері Рудольф Дизель жасаған; пастеризациялау процесін француз химигі Луи Пастер; Фаренгейт шкаласын - Пруссия физигі Габриель Фаренгейт; қуатты өлшеу бірлігі вольтты – итальяндық өнертапқыш  Алессандро Вольта; сэндвичтерді – Граф Сэндвич; джинсіні – Леви Штраус  ойлап тапқан және т.с.

     Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрыңғылардан кем емес.    Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар.  Бірақ қазіргі замаңғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық.   

    Отандық өнертапқыштарымыз да өнертабыстардың әлемдік жинағына өздерінің үлестерін енгізуде. 

    Мұнай-газ секторында, химия саласында, медицинада, ветеринарияда ғылымды көп қажет ететін өнертабыстармен бірге қарапайым және әлеуметтік маңыздылығы бар өнертабыстар да бар.   

    Мысалы, өнертапқыш Нұрлан Төреханов жаяу жүрушілерді жолдан өту кезінде қауіптен сақтауды ойлаған, ол жарық беретін сәулелену таяғын ойлап шығарған. 

           Экспресс-бесбармақты тез дайындалатын кеспеге бәсекелес ретінде Астана қаласының тұрғыны ойлап тапқан.  

     Таразда ғалымдар инновациялық конфеттерді ойлап шығарған, олар жай конфеттік массаға тарының талқанын қосуды ойлап тапқан.   Қарағанды кондитер фабрикасы тіпті ұлттық дәмі бар конфеттің алғашқы партиясын дайындап оны «Таразские» деп атаған.  

      Қазіргі замаңғы қазақстандық жасөспірімдерге келсек, 2012 жылы аталған «Шапағат» конкурсының «Жас дарын» номинациясында «Венераны зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу кешенінің моделі» өнертабысының авторы 16 жасар Павлодарлық  Назифа Бақтыбаева жеңімпаз атанды. Өзінің жобасының арқасында ол Хьюстонда (АҚШ) «Эйр Смит» халықаралық олимпиадасының жүлдесін алып, Техас университетінің стипендиаты болды. Дарынды қыздың жобаларына шетелдік мамандар қызығушылық білдірді. Назифа өзінің келешегін космонавтикаға арнауды шешті.  


     Мысалы, «Шапағат» конкурсының «Жас дарын» номинациясында 2010 жылы жеңімпаз аталған Саянов Маркен Солтүстік Қазақстан облыстық А. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 11 жастағы оқушысы пультпен басқарылатын «Қолқанат» құыршағын жасаған.

Ұрылардан қорғайтын лазер

Ең бірінші болып сонау Жаңаөзеннен өз жобаларын арқалап келген жас өрендермен таныстық. Қазақ-түрік лицейінің түлектері екен. Шерхан Серік пен Қадіржан Ақбердиев үйді ұрылардан қорғайтын лазердің авторы. Шерхан өздерінің өнертабыстары мен арман-мақсаттары туралы былай дейді:

– Біз екі адам болып жұмыс істедік. Серіктесім əрі сыныптасым Қадіржан Ақбердиев екеуміз лазер ойлап таптық. Бұл лазер үйді ұры түскеннен қорғауға арналған. Егер осы лазерге адамның қолы тисе, резисторға сəуле түспей қалады, сол кезде вибратор өз жұмысын бастайды. Біз осындай құрылғыны адамдарға көмектесу  үшін ойлап таптық. Қазір бұл құрылғы сəл басқашалау болып тұр, леголармен тұрғызып қойғанбыз. Ал негізінде, ол көлемді жəне қабырғада ілініп тұруы керек.  Əзірше бұл  «EXPO – 2017» көрмесіне жасаған алғашқы жұмысымыз. Басында мен робототехника үйірмесіне қатыса бастадым, қызығушылығым содан басталған шығар. Бір күні «EXPO жарысы болады, жақсы жобаларды алып кетеміз» дегенді естідік. Жалғыз жұмыс істеген қиын болғандықтан, Қадіржан екеуміз бірігуге бел будық. Екеу болып жұмыс істеу, расында, жеңілірек болды.  Жұмысты бөлісіп алдық. Болашақта программист болсам деймін. Қадіржан математик болғысы келеді. Адамзат игілігіне қолданатын жаңалық ойлап табуды армандаймыз. Бірақ, мен ешкімге еліктемеймін, сүйікті ғалымым жоқ.  Өзімізге тəжірибе жинау үшін Learn.survey.kz сайтына кіріп, тапсырмаларды орындаймыз.

Телефонмен басқарылатын «Ақылды үй»

«Ақылды үйдің» иесі – Алматы автомеханикалық колледжінің  студенті Сергей Ли.

– «Ақылды үй» біздің алғашқы жобамыз. Бірнеше бала бірігіп, колледжіміздің намысын қорғаймыз. Бүкіл үйді ойлап табуға бір ай, ал макетті толығымен жасап шығуға бір жарым аптадай  уақыт кетті. «Ақылды үйді» жасаушылардың алғашқысы да, соңғысы да емеспіз. Бірақ, біз үйді толықтай керек заттармен қамтамасыз еткіміз келеді. Мысалы, сіз үй алғанда  ішінде барлығы дайын болады. Ол сіздің бұйрығыңызды  орындайды, керемет емес пе? Негізінен, біздің үй жалғызбасты қарияларға, мүгедек жандарға арналған. Біз бұл үйді төрт бала болып жасадық. Ол – адамдарға көмектесу. «Ақылды үйіміздің» ерекшелігі – оны адамдар ұялы телефонмен басқара алады. Қазір бəрінде телефон бар. Мысалы, газды сөндіруді ұмытып кетсек, үйдің датчигінен телефонымызға ол туралы хабарлама келеді. Бұндай үйлер бір емес, жүздеген адамдардың өмірін құтқарады.


Ауаның тазалығын, қысымын бақылайтын құрылғы



ҚБТУ-дың 3-курс студенттері Надира Камидоллаева мен Айнұр Батырғожинованың жұмысымен де танысып көрдік.   

Бұл жоба Қазақстанның жүйесін дамытуға арналған. Біздің өнертабысымыз – радиозонт. Ол аэрологиялық өлшеулерге арналған. Аэрологиялық өлшеу дегеніміз – шамамен 30 метр биіктіктегі ауа қысымын өлшейді. Оны өлшеу үшін біз сутегімен толтырылған шарды аламыз да, оған мынадай блок, яғни радиозонт байлаймыз. Сөйтіп, көлденең, тік температурасын, қысымын, ауаның ылғалдылығын, желдің жылдамдығын өлшеуге болады. Осының барлығына 100 доллар кетеді. Қазақстанда  стандартты түрде күніне екі рет өлшеп тұрамыз.  Яғни, күн сайын жоғарыда айтылған төрт параметрді өлшеу үшін біздің 200 долларымыз кетеді. Өлшем тиімді әрі ауқымды бола түсуі үшін біз СО2 датчигін ұсынамыз. Ол,  сонымен қатар, ауаның сапасын, газдың шығу қарқынын өлшейді. Екіншіден, біз қаржыны азайтамыз. Жəне де біз сутегіні гелийге ауыстырамыз. Барлығымыз білетіндей, сутегі – өте қауіпті жарылғыш зат. Сондықтан, біз оны гелиймен алмастырғымыз келеді. Өзіміздің зерттеу жұмыстарымыз кезінде  біз, тіпті, Алматы станциясына 2 мəрте барып қайттық. Олардың навигаторлық спутниктерін, қалай, нені қолданатындарын, барлығын біліп қайттық.

Бекзат Бақбергенұлы мен Артем Шалян солардың қатарында. Олар Алматыдағы №48 лицейдің  7-сынып оқушылары. Агенттер «шпион робот»  құрастырып шығарған. 

– Біздің роботтың ерекшелігі, ол күн батареясымен жұмыс істейді. Көріп тұрғанымыздай, оның үстіне камера орналасқан жəне ол бейнені тікелей компьютерден көрсетіп тұр. Бейне Wi-Fi  арқылы онлайн көрсетіліп тұрады. Пультпен немесе автономды түрде басқарылады. Бұл құрылғыны  неше түрлі мақсатта қолдануға болады. Əскери салада, тыңшылық мақсатта таптырмас құрылғы. Бұл жобамызбен біз өткен жылы «Ғылыми инженер» атты конкурста 3-орынды иелендік, – дейді жігіттер.

 

Көмекші роботтар – «Барбот», «Шолпан»…



Халықаралық IT университетінің 1-курс студенті Əмір Ибраев та робототехника клубының мүшесі:


– Өзім оқитын  университеттегі  робототехника  зертханасында жұмыс істеймін. Ол жерде біз «Барбот», «Шолпан» сияқты роботтарды жасаумен  айналысамыз. Мысалы, мына «Барбот» роботы сусын тасумен айналысады. Ол пішіні бойынша домалақ. Домалақ қылған себебіміз, сым, сусын, тағы басқа нəрселерді орналастыру жеңіл болады деп ойладық.

Роботты жасайтын материалдарды тапсырыс бойынша алдырттық. Ал қалған жұмыстың барлығын өзіміз істедік. Яғни, бөлшектедік, кестік, жапсырдық. Бұл роботтың əкелу, апару сияқты жұмыстарды істеткізетін арнайы кодтары бар. Ал екінші роботымыз «Шолпан» – адамдарға жол көрсетуге арналған. Ондай роботтарды робот-гид деп атайды. Біз қазір Шолпанды одан ары дамыту жұмыстарын жасап жатырмыз. Ол үш тілде жауап беретін болады. Яғни, сіз қазақша сұрақ қойсаңыз қазақша, ағылшынша сұрақ қойсаңыз ағылшынша жауап беретін болады.

Осы жылы сайысқа қатысушылардың саны арта түскен. 2014 жылы 19 топ қатысса, 2015 жылы 72 өнертапқыш бағын сынаған. Ал, бұл жолы олардың саны 200-ге жеткен. Біздіңше, ұлтқа, елге қызмет ету деген əлеумет-тік желіде қызылкеңірдік болып, болмайтын дауды қуу емес, білім іздеп, жаңашылдыққа ұмтылу. «Ұланды» оқыған əрбір бала сөздің емес, осындай істің адамы болса екен деп тіледік. Айтпақшы, робот жасаушы өрендердің жарысында қазақтілді журналистердің бой көрсетпеуі қынжылтты. «Шоу-бизнес өкілдерінің ішкен-жегені емес, халыққа осындай ақпараттар керек қой», –  деп күрсіндік…