Файл: за мерзімді жоспар блімі 3А шбрыштарды шешу Мектеп 5 мектеплицей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3А Үшбұрыштарды шешу

Мектеп: №5 мектеп-лицей

Күні: 23.02

Педагогтің аты-жөні: Аблизеева Айнур Маманбаевна

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштарды шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.3.9

шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

-шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын біледі;

- синустар мен косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде қолданады;

Бағалау критерийлері



-шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын тұжырымдайды;

- синустар мен косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде қолдананады;

Құндылықтарға баулу

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шеңбер, үшбұрыш, радиус, Пифагор теоремасы, бұрыш, косинус, синус, Герон формуласы, аудан.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

-үшбұрыштарды шешу деп…

-қандай үшбұрыш шеңберге іштей сызылған деп аталады?

-қандай үшбұрыш шеңберге сырттай сызылған деп аталады?

-шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштар ауданы неге тең?

- егер АВС үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусы R болса, онда…

-үшбұрыштың үш қабырғасы берілсе, онда …………… есептеуге болады.




Оқушыларды сыныптастарымен бірлесіп жауап беруге, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білуге, жеке өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы
Ұжымдық жұмыс.

3 мин.

Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
5 мин.



1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалаймын. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру және ширату үшін

«Қос шеңбердегі комплименттер» ойсергек әдісін қолданамын. «Санамақ» әдісі арқылы 3 топқа бөлемін.1-топ «Үшбұрыш», 2-топ «Шеңбер», 3-топ «Көпбұрыш» деп аталады. Әр топ топбасшы сайлайды.




Оқушылар оқулықтан жаңа сабақты оқып, топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп әр топ қорғайды:

Сұрактарга жауап береді

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

. «Өз өзіңді тексер» әдісі бойынша оқушылар тақтада дұрыс жауабымен тексеріп, өзін бағалайды.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.

(Әр дұрыс жауапқа топбасшы «+» таңбасымен бағалап отырады).
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


Түрлі түсті қима қағаздар



ДК экраны
Сұрақтар топтамасы.

геометрия

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2019






Сабақтың ортасы
14 мин.


Жеке жұмыс.

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі



Саралау: Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар таратылады.

Берілген тапсырма бойынша есепті орындайды
Саралау: Топтық жұмыста берілген тапсырманы орындау барысында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға қабілетті оқушылар көмек береді

Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.


Дескриптор:

-қажетті формуланы пайдаланады;

-қабырғаларын табады.

Дескриптор:

-қажетті формуланы пайдаланады;

-қабырғаларын табады.

-үшбұрыштың ауданын табады

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады



ДК экраны

9 сынып,

геометрия



Жеке жұмыс.

15 мин.




Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.


Берілген тапсырма бойынша есепті орындайды

Деңгейлік тапсырма:

№307

а) Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 6 және 8. Осы үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының қосындысын табыңыз. Жауабы: 7



Дескриптор:

-қажетті формуланы пайдаланады;

-бұрыштарын табады.

-ауданын табады
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады



геометрия

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2019



Сабақтың соңы.


Ой толғаныс.

Рефлексия

3-мин


1. Сабақты қорытындылау. Жеке жұмыс. «Өзіңді тексер» әдісі арқылы тест аламын.

Тест

1. Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген:

13, 14, 15. Осы үшбұрыштың үлкен бұрышының косинусын тап.

А. В. С. Д. Г.

2. Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген:

13, 14, 15. Осы үшбұрыштың кіші бұрышының косинусын тап.

А. В. С. Д. Г.

3. АВС үшбұрышында АВС . AC-ны тап.

А. 5 В.15 С.25 Д. Г. 30

Үйге тапсырма № 3.30

Мақсаты: Берілген сөздердің ережесі мен мысалын жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.


Оқушылар сабақ соңында келесі сөйлемдерді толықтырады

Бүгін сабақта мен.....үйрендім

Бүгін сабақта маған....ұнады

Бүгін сабақта мен.....қайталадым

Бүгін сабақта мен өзіме....деген баға қойдым

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді

Бағалау: «Ауызша мадақтау» әдісі арқылы бағалаймын

.

ДК экраны

9 сынып,

геометрия


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Қажеттілігіне қарай тапсырмалар беремін.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

10 баллдык жүйе бойынша бағалау

Оқушылардың дәрісханада дұрыс отыруы қадағаланады. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін еске түсіру, сызғыш, қалам, циркульді қолдану кезінде сақ болуды ескеру


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: