ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Заттар интернеті | |||
Педагогтың аты-жөні | Сахиева А | |||
Күні | 24.01.2023 ж. | |||
Сынып 11 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Мобильді қосымша жасау | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 11.5.2.1 1- конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру 11.5.2.2 - кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау 11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады. | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Мобильді қосымшаны әзірлейді. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 8 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын тексеру.
Сәйкестендіру | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | Бағалау Мұғалім оқушылар-ды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интербелсенді тақта, слайд, кітап, дәптер |
Сабақтың ортасы 28 мин | Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады: конструктордағы мобильді қосымшада достық интерфейсін қалай жасау; шарттары мен циклдері бар код блоктарын қолдана отырып, мобильді қосымшаны қалай әзірлеу; әзірленген мобильді қосымшаны қалай орнату керектігін білетін боласыңдар. – MIT App Inventor ортасы – визуалды программалау ортасы, сондықтан мобильді қосымшаны құру бірнеше кезеңнен тұрады. (Оқулықтағы оқу материалымен жұмыс жүргізіледі). Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп оқиды. Оқушылар өз түсінгендерін әңгімелейді. Педагог оқушылардың айтқандарын толықтырып түсіндіреді. Жұптық жұмыс: №1 тапсырма: Мәтіндегі бос орындарды толтыр. Мобильді қосымшаларды құруды бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде мобильді қосымшаның ___________баптау мен ____________ кодты құру жүргізіледі. Бұл кезеңге қосымшаның құрамдас бөліктерінің қасиеттерін ____________ және олардың әрқайсысың программалық ____________жазу кіреді. Екінші кезеңде _____________ мен мобильді қосымшаларды _______________ жүргізіледі. Үшінші кезеңде қажет болған жағдайда компьютерге ______________ эмулятор орнатады. Төртінші кезеңде мобильді қосымша ________________ орналастырылады. Түйін сөздер: оңдау программалық кодын интерфейсін баптау смартфонға тестілеу Android «Миға шабуыл» әдісі 1. Компьютерге арналған орындалатын файл кеңейтілімі қандай және смартфонға арналған орындалатын қосымша кеңейтілімі қандай? 2. Егер мобильді қосымшаны USB кабелі көмегімен орнатсаңыз, алдын ал қандай қадамдар жасалады? 3. Компьютерден мобильді құрылғыға орындалатын файлды жүктеудің тағы қандай тәсілін ұсына аласың? | Мұғалімді тыңдайды 1-тапсырманы орындайды | Бағалау Мұғалім оқушылар-ды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интербелсенді тақта, слайд, кітап, дәптер Оқулық Дербес компьютер |
Сабақтың соңы 7 мин | 1. Сабақты бекіту тест тапсырма . Тізімнен мобильді қосымшаның орындалатын файлына ие кеңейтілімді таңда.
2 Программада айнымалыларды құру үшін, қандай блок қолданылады?
Бұл орта алгоритм түрлерін қолдана отырып, түрлі қосымша құруға мүмкіндік береді.
4 Мобильді құрылғыға MIT App Inventor қосымшасын орнату қай кезеңде жүзеге асады?
2.Кері байланыс: Кері байланыс Мұғалімге “SMS” хабарлама | Оқушылар сұрақтарға жауап береді Өзін-өзі бағалау. | Бағалау Мұғалім оқушылар-ды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интербелсенді тақта, слайд |
Үй тапсырмасы 2 мин | Мобильді қосымшаңда, қолданушыға қажетті әрекеттер мен енгізілген деректерге байланысты шектеулер туралы хабарламалар дайында. | Тапсырманы жазып алады | | Интербелсенді тақта, слайд, |
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Заттар интернеті | |||
Педагогтың аты-жөні | Сахиева А. | |||
Күні | 24.01.2023 ж. | |||
Сынып 11 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Мобильді қосымшаны орнату | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 11.5.2.1 1 - конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру 11.5.2.2 - кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау 11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Мобильді қосымшаны орнатады. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 8 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Тізімнен мобильді қосымшаның орындалатын файлына ие кеңейтілімді таңда. • .AIA • .EXE • .COM • .APK • .DOCX • .AEK 2 Программада айнымалыларды құру үшін, қандай блок қолданылады? 1 Айнымалылар 2 Меншіктеу 3 Басқару 4 Логикалық Бұл орта алгоритм түрлерін қолдана отырып, түрлі қосымша құруға мүмкіндік береді. • Меншіктеу ортасы • Басқару ортасы • MIT APP INVENTOR ортасы • Айнымалылар ортасы 4 Мобильді құрылғыға MIT App Inventor қосымшасын орнату қай кезеңде жүзеге асады? • 3- ші кезең Қосымшаны тестілеу мен ретке келтіру • 2-ші кезең Программалық кодты құру • 4-ші кезең Шартты цикл • 1-ші кезең Интерфейс қосымшасын құру | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | Бағалау Мұғалім оқушылар-ды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интербелсенді тақта, слайд, кітап, дәптер |
Сабақтың ортасы 28 мин | Сабақ мақсатымен таныстыру. – MIT App Inventor ортасы – визуалды программалау ортасы, сондықтан мобильді қосымшаны құру бірнеше кезеңнен тұрады. (Оқулықтағы оқу материалымен жұмыс жүргізіледі). 1 тапсырма: 2 тапсырма: Мәзірдегі қандай команда қондырғы файл жүктеуге арналған QR код құруға мүмкіндік береді? Дұрыс жауап: ________________________ 3 тапсырма | Мұғалімді тыңдайды 1-тапсырманы орындайды 2- тапсырманы орындайды 3- тапсырманы орындайды | Бағалау Мұғалім оқушылар-ды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Презентация |
Сабақтың соңы 7 мин | 1. «Миға шабуыл» әдісі. 1. Компьютерге арналған орындалатын файл кеңейтілімі қандай және смартфонға арналған орындалатын қосымша кеңейтілімі қандай? 2. Егер мобильді қосымшаны USB кабелі көмегімен орнатсаңыз, алдын ал қандай қадамдар жасалады? 3. Компьютерден мобильді құрылғыға орындалатын файлды жүктеудің тағы қандай тәсілін ұсына аласың? 2.Кері байланыс: Кері байланыс Мұғалімге “SMS” хабарлама | Оқушылар сұрақтарға жауап береді Өзін-өзі бағалау. | Бағалау Мұғалім оқушылар-ды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интербелсенді тақта, слайд |
Үй тапсырмасы 2 мин | Оқулықта берілген кестені толтырыңдар. | Тапсырманы жазып алады | | Интербелсенді тақта, слайд, |