Файл: 20222023 оу жылыны жылды трбие жоспары сыныбы Сынып жетекшісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры м.у.а Директордың тәрбие
М.Есенин _________________ жұмысы жөніндегі орынбасары
31.08.2022ж Ж.А.Ширинбаев ____________
31.08.2022ж
2022-2023 оқу жылының жылдық тәрбие жоспары
________сыныбы
Сынып жетекшісі:_____________________________
ТҮСІНІК ХАТ
2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ – ның алдын алу» туралы Заңы Қазақстан Республикасының Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы,Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы қараша айында бекітілген «Қазақстан Республикасы Үздіксіз Білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері н басшылыққа алынып, құрылды.
Мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету. -
Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету. -
Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету. -
Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. -
Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету. -
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
-
Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. -
Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық
процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы
өтеді.
1. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие(Атамекен ұлттық тәрбие)
4. Отбасы тәрбиесі .Ата-аналармен жұмыс (Құқықтық тәрбие беру,Суицидтің алдын алу жұмыстары)
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Сыныпқа мінездеме
Сынып –
Ұлты –
Сынып оқушыларының ұстанымы :
Оқушы саны –
Ұл –
Қыз –
«_________________» орта мектебінің ___ « » сыныбында ____ оқушы бар, оның __-і ұл, ___ -і қыз бала. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі.Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста.Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға белсене қатысады. Сынып белсенділері – оқу секторы, мәдениет, тазалық, шаруашылық секторы және редколегия мүшелері де өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл балалар мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы. Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындықпен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды.Еш себепсіз сабақ қалдырмайды. Қосымша сабақтардың өздерінде қалдырмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Түсінбеген сұрақтарын біліп алуға тырысады. Бірінің білмегенін бірі айтып үнемі көмектеседі
Сынып жетекшісі: __________________________________
(Осы үлгіде сыныпқа мінездеме жазасыздар)
2022-2023 оқу жылына арналған жылдық тәрбие сағаттарының жоспары
Қыркүйек
р/с | Тәрбие үрдісі | Тақырыбы | Формасы | Мерзімі |
1 | Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу,құқықтық тәрбие | «Сәлемдесу әдебі» Мектептің ішкі тәртіп ережелері. Қауіпсіздік ережелері. | Білім сабағы Профилактикалық әңгіме | 5.09.22 |
Мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу | ||||
2 | Отбасылық тәрбиесі | «Отбасым – алтын бесігім» | Әңгіме сағаты | 12.09.22 |
3 | Ұлттық тәрбие | «Туған тілім-тірлігімнің айғағы»» | Тәрбие сағаты | 19.09.22 |
4 | Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты | «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ | Сыр-сұхбат | 26.09.22 |
Қазан
р/с | Тәрбие үрдісі | Тақырыбы | Формасы | Мерзімі |
1 | Рухани – адамгершілік тәрбие | «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» | Өзін-өзі басқару Мерекелік кеш | 3.10.22 |
2 | Рухани – адамгершілік тәрбие | «Қарияға құрмет – мұсылмандық асыл қасиет» | Тәрбие сағаты | 10.10.22 |
3 | Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі | «Әл-Фараби – өркениет философы» | Танымдық сабақ | 17.10.22 |
4 | Ұлттық тәрбие | «Ұлылардан қалған сөз» | Өнеге сабағы | 24.10.22 |
5 | Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие | «Табиғат біздің досымыз» | Әңгіме сағаты | 27.10.22 |
Қараша
р/с | Тәрбие үрдісі | Тақырыбы | Формасы | Мерзімі |
1 | Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу,құқықтық тәрбие | «Нашақорлық ғасыр дерті!» | Тәрбие сағаты | 7.11.22 |
2 | Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие | «Алуан – алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!» | Жоба қорғау | 14.11.22 |
3 | Мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу | «Жақсы мінез – жан сұлулығы» | Пікіралмасу | 21.11.22 |
4 | Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие | «Тиым сөздер, ырымдарды біліп жүрейік» | Пікір алмасу | 28.11.22 |
Желтоқсан
р/с | Тәрбие үрдісі | Тақырыбы | Формасы | Мерзімі |
1 | Дене тәрбиесі салауатты өмір салты | «Никотиннің зардабы» | Кездесу | 5.12.22 |
2 | Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу,құқықтық тәрбие | 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні. «Тәуелсіз елім-тірегім» | Мерекелік ашық тәрбие сағаты | 12.12.22 |
3 | Ұлттық тәрбие | «Қаз дауысты Қазыбек би» Қазыбек бидің туғанына 355 жыл | Тәрбие сағаты | 19.12.22 |
4 | Мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу | «Мінез-жанның айнасы» | Психологиялық тренинг | 26.12.22 |
Қаңтар
р/с | Тәрбие үрдісі | Тақырыбы | Формасы | Мерзімі |
1 | Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі | Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы | Білім сайысы | 9.01.22 |
2 | Мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу. | «Интернеттің пайдасы мен зияны» | Пікір алмасу | 16.01.22 |
3 | Рухани –адамгершілік тәрбиесі | «Адалдық пен әділдікті ту ет» | Тәрбие сағаты | 23.01.22 |
4 | Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу,құқықтық тәрбие | «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» | Тәрбие сағаты | 30.01.22 |