Файл: Пн азатілі Блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пән: Қазақтілі

Бөлім: Заң – қоғамның тірегі.

Күні : 25.11.2022

Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқаны: 8 Қатыспағаны: 0

Сабақтың тақырыбы:Аты аңызға айналған билер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

9.1.5.1  мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау
9.2.5.1 сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы үшін: Тыңдалған мәтіндегі  ақпаратты анықтау, өмірмен байланыстырып әңгімелеу

Оқушылардың көпшілігі үшін: Мәтіндегі ақпаратты анықтап, өмірдегі мәселелермен байланыстырып түсірдіру

Кейбір оқушылар үшін: Ақпаратты  өмірлік мәселелермен байланыстырып, өз көзқарасы тұрғысынан түсіндіру

Пәнаралық байланыс

тарих

Бағалау критерилері

-мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтайды;

- автордың негізге ойына тұжырымдама жасап, ақпараттың шынайылығын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Әділ,шешен,аңыз ,жұрт ,дана.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «СЕНІМ АРАЛЫ»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.

АЙТЫЛЫМ.

Үй жұмысын тексеру

«СЫЗҒЫШ» ӘДІСІ

Бұл кімнің сөзі? Сабақтың бөлімінде әр қатарға үш сөзден оқылады. Кімнің сөзі екенін табу керек.(билердің айтып кеткен қанатты сөздерін айту)
СЫНЫПТЫ ЕКІ ТОПҚА БӨЛУ.

Сыныптың әр – бір жеріне шашылып тасталған қыран мен сұңқардың суреттерін білім алушылар өз беттерінше іздеп табады.Сол суреттер арқылы білім алушылар екі топқа бөлінеді.




Қолпаштау

Бір сызық бойымен тұрып қанатты сөздерді айтады, тыңдаған оқушы сөз иесін табады.

Қыран мен Сұңқар тобы болып екіге бөлінеді.





Сабақтың ортасы

(6-37 минут)


1.Оқылым.Айтылым

Жаңа сабақ «Төле би»

«ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ»



  • Әйтеке би

  • Қазбек би

  • Төле би

Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырамын.Төле би туралы қысқаша ақпарат беремі.Төле бидің ата-бабасы туралы айта кетемін.

Төле би.

Төле би Әлібекұлы 1663-1756 жылдары қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсан ауылында дүниеге келген. Төле бидің жеті атасы:



Тақырыпқа сай бейнебаян.
ЖАҢА СӨЗДЕР

Билік –власть

Әділ – справедливый

Шешеноратор

Аңыз – легенда

Жұрт – народ.

Дана – мудрый

Білім алушылардың сөздік қорын байыту, жаңа сөздерді үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС

  1. «Араласып оқу» әдісі арқылы мәтінді оқытады.

  2. Мәтінге ат қояды.

  3. Түртіп алу әдісі арқылы жаңа сөздермен жұмыс.


15 жасынан билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылған Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен де танымал. Ол туралы аңыз да бар.

Аңызға сүйенсек, Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған.

Төле би ел арасында "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен. Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып,  ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан.

Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұраспастан, бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандарын шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?"

Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен.

2-тапсырма

Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.

  1. Төле би халық арасында қандай атпен танымал болған?

  2. Төле би неше жасында билікке араласқан?

  3. Төле би қандай адам болған?

  4. Неліктен Қарлығаш би аталып кеткен?

«Шындық - жалған» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау.
АҚПАРАТТАР.

Төле би 15 жасынан билікке араласып, әділдігімен,шешендігімен елге танылған.

(шындық)

Төле би халық арасында «Көгершін әулие», «Көгершін би» деген атпен де танымал.

(жалған)

Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұрасып, дастарқан басына отырады.

(Жалған)

Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, б алапандарын шырылдатқым келмеді.

(шындық)

СЕРГІТУ СӘТІ

«Таңғажайып дорба»

Білім алушыларға дорбаны ашып сергіту жаттығуларын жасатады.
«ОҚИҒА КАРТАСЫ»

Мақсаты: Оқушылар мәтін мазмұнымен танысып болған соң, сюжеттік желіге сәйкес негізгі оқиғалардың суретін қарап отырып айтып береді.

1.Оқиға картасы мәтін желісі бойынша кетеді.

3.Жазылым

Дәптермен жұмыс.

Мақсаты. Тірек сөздер арқылы Төле би туралы сөйлем құрау, тақтаға жазу

Тірек сөздер:

  1. Қарлығаш

  2. Орта бойлы

  3. Шаңырақ

  4. Ұя

  5. Ақын


Сөйлемдер: Қарлыған біздің үйге ұя салды.

Жұптық жұмыс.

КЛАСТЕР ӘДІСІ

Рефлексия.

"Бұл мен"
Мұғалім білім алушыларға тақтада жабысып тұрған екі сұлбаны ұсынады.

Білім алушылар өздерінің көңіл-күйіне сәйкес келетін үлгіні таңдау ұсынылады.


Оқылым.Айтылым .

Оқушылар тақтадан үш бидің суретін

көреді,әдіс бойынша суреттегі билерді атап көрсетеді.
Білім алушылар «Тұлғаны таниды» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Ақпаратпен танысады.
Бейнебаянды тамашалайды.(Бейнебаян кім туралы екенін айтады)
Дескриптор:

Тақырыпты ашып, балалардың қызығушылығын арттыру үшін бейнебаян тамашалайды.

Жаңа сөздермен танысады. Аудармасын айтады. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрайды.

Құраған сөз тіркестерін тақтаға жазғызады.

Дескриптор:

  1. Мәтінді тізбектеп оқиды.


«ЖАПОНДЫҚ ТАЯҚШАЛАР» әдісі.

Бұл үшін оқушылардың қолында таяқша болады оқушы таяқшаны кезекпен бір-біріне беріп отырады.Таяқша кімнің қолында сол оқуды жалғастырады.

Оқылған мәтін бойынша мәтінге ат қояды.(бірнеше түрі айтылады)
Түртіп алу әдісі арқылы мәтіннен жаңа сөздерді табады.

Дескрипторы:

  1. Тыңдалым мазмұны бойынша ақпараттарды түсінеді

  2. Жалған ақпарат пен шын ақпаратты ажыратады


Мәтін бойынша ақпараттың шынайылығын анықтайды.(тапсырма ауызша орындалады)

Дескрипор:. Дорбаның ішінен түрлі жаттығу жұмыстары бар суреттер шығады. Білім алушылар оны алып жаттығуды жасайды.Қалған оқушылар қайталайды.
Дескриптор: Суретпен танысады, сурет бойынша мәтінді мазмұндайды.

Дескриптор: Тірек сөздерді қолданады, сөйлемдерді құрайды, дәптерге жазады.


Дескриптор:білім алушылар жұптаса отырып би туралы кластерді құрастырады.


Білім алушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін өздерінің көңіл күйлері арқылы білдіреді.



«ҚОЛМЕН БЕЛГІ БЕР» әдісі.

Мен түсініп отырмын (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

Мен әлі түсінбей отырмын (қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

Мен түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау)

Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ»

Жұптар бір-бағалайды



Таратпа материалдар

Мәтін

Жаңа сөздер

Үш бидің портреті.

Схема.

Слайд

Оқулық

37 бет

Мәтінге сай суреттер.

Мәтін.
Мәтін бойынша жаңа сөздер.

Ватман

Түрлі-түсті қарындаштар.
Таратпа материалдар.
Ұл бала мен қыз баланың сұлбасы.

Көңіл күй бетперделері.

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы: Мәтінді мазмұндау.Жаңа сөздерді жаттау.

Бағалау

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру

Деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тапсырмалары

«Жастарға тілек» тақырыбында эссе жазуда қолдауды көп қажет ететін оқушыға тірек сөздер,суреттер,өлең шумақтарын беру арқылы көмек көрсетемін.

Орташа қолдауды қажет ететін білім алушыларға тақырыпты ашуға көмектесетін мақал-мәтелдер тізбегін ұсынамын.

Қабілеті жоғары қолдауды қажет етпейтін оқушыға эссе жазуда бағыт-бағдар беремін.

Сабақ бағалау парақшасы, жұбын тексеру және мұғалім қолпаштауы арқылы бағаланады.


Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады.


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,
қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттарын шынайы, қолжетімді етіп құрастырдым.

Барлық оқушылар өздерінің дәрежесінде оқу мақсатына қол жеткізе алды. Жалпы осы сынып оқушыларының ішінде үлгермеушілер жоқ, сондықтан діттеген мақсатыма қол жеткіздім. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді, кейбір оқушылар ғана дескрипторға жауап бере алды.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалана аламын,оқушыларым да үйренген.Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады, барлығы жоспар бойынша өтті.

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Оқиға картасы.

2.Кластер әдісі.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Қалыптастырушы бағалауға көп мән беру керек.

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеуін дамытатын жаттығулар көптеп жүргізу керек.