Файл: Р. А. адырлов, Н. К. Берістемова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 60

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Р.А. Қадырқұлов, Н.К. Берістемова


ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Əдістемелік нұсқау



Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып мұғалімдеріне арналған


Қазақстан РеспубликасыныңОқу-ағартуминистрлігіұсынған

АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ 2022


Қадырқұлов Р.А., Берістемова Н.К.

Цифрлық сауаттылық: Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып мұғалімдеріне арналған əдістемелік нұсқау. / Р.А. Қадырқұлов, Н.К. Берістемова. Алматы: АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ, 2022. 110 бет.

© Қадырқұлов Р.А., Берістемова Н.К., 2022

© «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2022

Алғы сөз



Бұл нұсқаулық 2-сыныптың «Цифрлық сауаттылық» пəнін оқытуда мұғалімдерге əдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Əдістемелік нұсқауда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған оқулықты үйлесімді пайдалану үшін, əрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту жəне қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған бағыт-бағдар берілген. Сонымен қатар «Цифрлық сауаттылық» пəнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері, əдіс-тəсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың əдістемелік ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақ- мерзімді жəне қысқамерзімді сабақ жоспарлары қамтылған.

Оқулықтың əрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тəжірибеге бағытталған ой қозғау, психологиялық жағымды көңіл күй туғызатын ширату тапсырмалары, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық «миға шабуыл» сұрақтары, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тəжірибелік дағдыны дамытуға арналған
практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу жұмыстары қарапайымнан күрделі əрекетке бейімделіп көрсетілген.

Оқытудағы саралап оқыту тəсілдері барлық сабақ жоспары бойынша əдістемелік нұсқауда нақты көрсетілген. Саралаудың тəсілдері оқушы мен мұғалімге жұмыс жасау барысында өз көмегін тигізеді. Атап айтар болсақ, қарқыны жылдам жəне қарқыны баяу оқушыларға арнайы жетелеуші, қолдаушы, түрткі сұрақтар қою арқылы оқушыға қолдау көрсетіледі. Диалог жəне қолдау көрсету тəсілінде оқушының өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызатын тапсырмалар құрастырылған. Оқулықта оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту мақсатында Блум таксономиясының деңгейлеріне сай тапсырмалар беріледі.

Қазіргі оқу-əдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын интернет-ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz) жүйелі ақпарат, тəжірибе алмасу алаңы болып саналады.

Бұл оқу-əдістемелік кешен авторлардың жинақтаған тəжірибесі негізінде дайындалды.

Бастауыш сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пəнін оқытудың мақсаты мен міндеттері


  1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 2-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пəнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармақшасына сəйкес дайындалған.

  2. «Цифрлық сауаттылық» пəнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудегі білік жəне дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.

  3. Негізгі міндеттері:


  1. білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар мен олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;

  2. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау мен программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау жəне тарату дағдыларын қалыптастыру;

  3. білім алушылардың əртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

  4. байланыс, ақпарат алмасу мен ынтымақтастық үшін цифрлық технологияларды пайдалануға ынталандыру;

  5. білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуге үйрету.

  1. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс жəне шет тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.

  2. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пəн бойынша білімі мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар білімді функционалдық жəне шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды, əртүрлі коммуникациялық əдістерді пайдалану, топта əрі жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу жəне шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.

  3. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет»,

«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы
білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез- құлқына, күнделікті іс-əрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
«Цифрлық сауаттылық» пəнінің мазмұнын ұйымдастыру

  1. «Цифрлық сауаттылық» пəні бойынша білім жүктемесінің көлемі:

2-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.

  1. «Цифрлық сауаттылық» пəнін оқытудағы негізгі талап компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пəнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:

  1. гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);

  2. мұғалімдер мен білім алушылардың құрылғыларының арасында дерек алмасуды қамтамасыз ететін кеңжолақты интернет;

  3. перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проек- тор/интерактивті тақта;

  4. роботтехникаға арналған жиынтықтар.




  1. Оқу пəнінің негізгі мазмұны 6 бөлімнен тұрады. І бөлім. Компьютерлер мен программалар

ІІ бөлім. Шығармашылық жəне компьютер

ІІІ бөлім. Сөзбе-сөз

ІV бөлім. Мультимедиа

V бөлім. Роботтехника: датчиктер

бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы.
І бөлім. «Компьютерлер мен программалар» бөлімі келесі сабақтарды қамтиды: 1-сабақ. Денсаулығымызды сақтаймыз

  1. сабақ. Ақпарат іздеу

  2. сабақ. Компьютердің енгізу-шығару құрылғылары

  3. сабақ. Файлдар мен бумалар

Бөлім бойынша тапсырмалар
орындап, алған білімін қорытындылайды.

Зерттеу жəне шығармашылық тапсырмалар

ІІ бөлім. «Шығармашылық жəне компьютер» бөлімі келесі сабақтарды қамтиды: 5-сабақ. Тармақталу алгоритмі

  1. сабақ. Программалар құруды жалғастыру

  2. сабақ. Алгоритмді орындау

  3. сабақ. Жеке кейіпкер жасау

Бөлім бойынша тапсырмалар орындап, алған білімін қорытындылайды.

Зерттеу жəне шығармашылық тапсырмалар
ІІІ бөлім. «Сөзбе-сөз» бөлімі келесі сабақтарды қамтиды: 9-сабақ. Пернетақтамен танысу

  1. сабақ. Пернетақтада жаттығу

  2. сабақ. Мəтін теруде пернетақтаны басқару 12-сабақ. Спрайтты пернетақтамен басқару 13-сабақ. Мəтінмен жұмыс істеу

14-15-сабақтар. Мультфильм жасау

16-сабақ. Зерттеу жəне шығармашылық тапсырмалар


  1. бөлім. «Мультимедиа» бөлімі келесі сабақтарды қамтиды: 17-сабақ. Айналамыздағы дыбыстар

  1. сабақ. Дыбыстық əсерлер

  2. сабақ. Дыбыс жазу

  3. сабақ. Дыбысты өңдеу

  4. сабақ. Практикалық жұмыс




  1. бөлім. «Роботтехника: датчиктер» бөлімі келесі сабақтарды қамтиды: 22-сабақ. Роботтың қозғалысы

  1. сабақ. Робот қозғалысын программалау

  2. сабақ. Роботқа арналған программаны іске қосу

  3. сабақ. Роботқа арналған дыбыс

  4. сабақ. Практикалық жұмыс


бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы.

  1. сабақ. Жоба дегеніміз не?

  2. сабақ. Жоба идеясының мəтінін теру жəне редакциялау

  3. сабақ. Программалар арасында мəлімет алмасу

  4. сабақ. Жоба жасау алгоритмімен танысу

  5. сабақ. «Билейтін робот» жасау

  6. сабақ. «Билейтін робот» программасы