Файл: Жоспар I. Кіріспе 1 Психология терминіне тсініктеме беру. Ii. Негізгі блім 1 Психология адам міріндегі маызы андай 2 Психология ксіпте андай маызы бар ма Iii.орытынды Кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Жаратылыстану институты химия кафедрасы



СӨЖ

Тақырыбы:Психология менің өмірімде және кәсібімде

Тексерген:Тажибаев Талгат

Орындаған:<6B05301-химия>мамандығының 1-курс стуенті Исмадинова Арай

Алматы,2023ж

Жоспар:

I.Кіріспе

1.1 Психология терминіне түсініктеме беру.

II.Негізгі бөлім

2.1 Психология адам өміріндегі маңызы қандай?

2.2 Психология кәсіпте қандай маңызы бар ма?

III.Қорытынды

Кіріспе

1.1 Психология терминіне түсініктеме беру.

Психология,психика деген түсініктер гректің <псю-хэ>-жан деген сөзінен шығады.<Логос>-ілім.Психология-жан туралы ілім десекте болады. Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдықкәсіпкерлік кей жағдайда саясаттық және теологиялық.Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Психолог  — психологиялық кәсіби бiлiмі бар және психология төңірегінде зерттеулер жүргізетін немесе қызмет ететін маман.

Негізгі бөлім

2.1 Психология адам өміріне маңызы қандай?

Психология адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдылықтарын жете білуді,әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр-сипаттарын даралап іздестіруді қажет етеді.Әрбір адам өзінше бір дара дүние.Оның жан сарайына үңіліп,жүрек сырына терең бойлау,ондағы құпия жайттарды ұғыну пән дербестігінің бір қыры.


Адамдардың күнделікті өзара қарым-қатынас нәтижесінде бірін-бірі бақылап,бір-бірінің мінез құлқын,істеген ісін,қылығын,еңбек-әрекетін біледі,ішкі сырларын аңғарады

Психология негіздерін білу үлкен рөл атқарады, дегенмен біз бұл туралы ойламаймыз. Адамдар көп қобалжиды, қайғыға батады, біреумен жанжалдасады немесе ақпаратты қатты қабылдайды. Жалпы, адам өмірі зебра секілді, ақ пен қараға толы.Психология- бұл жан дүниесі. Мен үшін психологияның артықшылығы - ол біздің өміріміздің барлық салаларын қамтуға қабілетті. Мектепте, оқу орнында, жұмыста, отбасымен бірге, адамдармен қарым-қатынаста, жеке тәжірибелерде біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, қиындық тудырған жағдайларды жеңуге ұмтыламыз және мұндай сәтте психология бізге көмектесетіні анық. Дегенмен, бұл бір бөлшегі ғана. Анықтап көз жүгіртетін болсақ, психология- сан түрлі құбылыстарға, әдістерге, тарауларға бөлінетін өте қызық сала екенін байқаймыз. Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.

Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше және бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.

Мен психологиялық жазбалар мен кітаптар оқи бастап, бақыт деген дәл қазіргі сәт екеніне, бақыт деген сатып алатын нәрсе емес ол менің жай күйім екенін түсіне бастадым.Дегенменде кейде бір жағдайлар болады ішінде болып жатқан мәселелерді біреуге айтып ішінді босатқын келеді, бірақ ол заттарды ешкімге айта алмайсын.Мысалы,менде әлі күнге дейін сондай мәселе туындайды.Мен ол мәселерге қатты назар аудармас үшін бос уақытымда кітап оқимын кейде ұйықтаймын.Кейде ойлаймын ұйқы деген адамды сыртқы болып жатқан мәселелерден құтқаратын жалғыз жол сияқты көрінеді. Бірақта олай емес ішінде болып жатқан мәселелермен өз анаң мен немесе жан құрбына айту керек деп ойлаймын.Егер оларға айтып жүрегін жараламас үшін психолог мамандарына баруға болады,олар сені танымайды барлық мәселерлерінді айта аласын ол сенің сөзінді бөлией тындайды сосын өз ақылын, өз тәжірибесін айтады.


2.2 Психология кәсіпте маңызы бар ма?

Алдымен өз мамандығынды тандамас бұрын адам деген көп ойланады.Себебі, таңдаған мамандықпен өмір бойы жұмыс істейсің.Ол мамандық өз арманнын,өзіннің ішкі жан дүниендегі қалаған мамандық болмаса ары қарай жұмыс жасауға құлшынысын болмайды.Мен 11 сынып оқып жүрген кезде қандай мамандық иесі боларымды білмей жүрдім,ата-анамнын айтуымен медицина мамандығына дайындала бастадым.Бірақ бұл менің ішкі жан дүниемдегі қалаған мамандық болған жоқ.Мен бала кезімнен әскери адам қатарында болғым келді.Бұл менің үлкен арманымның бірі болды.Бірақ ол арманыма жете алмадым.Қазір Алматы қаласында химия кафедрасын оқымын. Қанша жерден ата-анамның қалауы орындалмасада олар мені мақтан тұтады,сол үшінде қуанамын.Дегенмен қазіргі оқып жатқан мамандығым өзі өте қатты ұнайды деп айта алмаймын.Бірақта химия саласы өте қызық мамандықтардындың бірі.Бірте-бірте ұнап жатыр.Әрбір мамандықтын өзіндік қиын тұстарыда бар.Бірақ мен сол қиындақтарға қарамастан химия мамандығын бітіріп шығамын деген өз алдыма мақсат қойдым.

Психология кез-келген мамандық иесіне өзінің қадір-қасиетін сақтауға және айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Психология адамдарға өздерінің ішкі жағдайларын түсінуге жәрдемдеседі.

Қорытынды

Қорытындылайтын болсам, әркімнің өмірі тек өз қолында.Әр адамның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді және де өзініз ішкі мәселелерінізді шеше алмайтын болсаныз психолог маманына жолығыныз.