Файл: Жасанды интеллектіні олдану саласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

нейронды желіні бірқабатты нейронды желіге қарағанда көп  ұсынады. Ақпаратты өңдеу кезінде әрбір аралық қабат ақпаратты өңдеу мен тасымалдаудың аралық кезеңін ұсынады Синапстар бойынша бір нейроннан келесісіне ақпарат тасымалдау бағытына қарай нейронды желіні екі топқа бөлуге болады.

Тікелей тасымалдайтын немесе бірбағытты желілер. Бұл  құрылым бойынша сигнал тек қана кіріс қабаттан шығыс  қабатқа қарай қозғалады. Сигналдың қозғалысы кері бағытта  жүруі мүмкін емес. Мұндай нейронды желілер кең таралған  және қазіргі уақытта тану, болжам жасау секілді міндеттерді шешуде сәтті қолданысқа ие.

Кері байланысы бар немесе рекурентті желілер. Мұндай  құрылымдағы желілер сигналды тік, бір бағытта ғана емес,  сонымен қатар кері бағытта да қозғалуына мүмкіндік береді.  Бұл нені білдіреді? Рекурентті желілерде нәтиже кіріс қабатқа
нейронның шығысы кіріс салмақ пен сигнал арқылы анықталса, қайта оралып, кіріске қайта оралған алдыңғы шығыстармен толықтырылады. Бұл желілерге қысқа мерзімді жады қызметі тән, олар арқылы сигналдар қалыпқа келтіріліп, өңдеу  үрдісінде толықтырылады

Нейронды желіні құрайтын нейрондар типіне қарай біртекті және гибридті деп бөлінеді.Машиналық оқыту міндеттерін «мұғаліммен оқыту»  (teaching with a teacher) және «мұғалімсіз оқыту» (teaching  without a teacher) деп екі түрге бөліп көрсетуге болады.
Мұндағы «мұғалім» деп отырғаны ақпаратты өңдеуде  адамның сол үрдіске араласуы болып табылады. «Мұғаліммен  оқыту» кезінде бізде бір нәрсені болжай алатын, қандай да бір  шешім шығаруға көмектесетін мәлімет болады. Мысалы, түрлі  медициналық көрсеткіштер негізінде (жөтелу, жоғары температура, әлсіздік) пациентте қандай да бір нақты аурудың бар  екендігін анықтау (бұл тамақтың ауруы немесе тұмау).

«Мұғалімсіз оқыту» кезінде бізде тек мәлімет қана бар, сол  мәлімет бойынша белгілі бір қасиеттер анықталады. Мысалы, адамның бойы мен салмағы туралы мәліметтер киім мөлшеріне  байланысты топтарға бөлінеді.  Машиналық оқыту технологиясын жетік меңгеру үшін  математикалық талдау, сызықтық алгебра және тиімділеу әдістері сияқты пәндер облысында білімді толықтыруларың керек. Сонымен қатар R, Python немесе Matlab секілді программалау  тілдерін білуге міндеттісіңдер.




Пайдаланылған әдебиеттер

1. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /
Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова

Қорытынды

"Жасанды интеллект" сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Маккартиге сәйкес "жасанды интеллектіні" зерттеушілер нақты проблеманы шешу үшін адамдарда байқалмайтын интеллектіні зерттеуіне болады.

Өзінің анықтамасын түсіндіру барысында: "Әзірше біз бүтіндей қандай есептеуіш процедураларды интеллектуалды деп айта алатынмызды білмейміз. Сол себепті интеллект сөзін әлемде мақсатқа жету үшін қолдандылатын әдістердің есептеуіш бөлігін ғана түсініп жүрміз".

Сонымен қатар, интеллект тек қана биологиялық феномен деген де көзқарастар бар.

Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алан Тюринг есімді ағылшын математигі немістің құпия ақпаратын бұзып, оны шифрдан шығаратын машина құрастырады.

Алан Тюринг соғыс кезінде Германияның әскери-теңіз флотының хабарламаларына криптоанализ жасайтын ағылшын үкіметінің Hut 8 атауына ие тобына жетекшілік еткен. Ол немістердің Энигма аппаратының кодын бұзып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соғыстан кейін ағылшын ғалымы алгоритмдік анализ жасаумен айналысып, 1950 жылы компьютер интеллектінің деңгейін анықтайтын тест әдісін жасап шығарады. Тюринг тесті бүгінгі күнге дейін қолданылады.

Аннотация

Мақсат – жасанды интеллект жүйесінің негізгі сипаттамасы. Жасанды интеллект жүйесінің (интеллектуалды бағдарлама) дәстүрлі бағдарламадан айырмашылығы – мақсаттылық қасиетінде. Интеллектуалды бағдарламада алгоритмы жоқ, мақсаты ғана және осы мақсатқа жету ережелері бар. Жасанды интеллект бағдарламаны - «не істеу керек» бағдарламасы деп айтуға болады, ал дәстүрлі бағдарламама – «қалай істеу керек» бағдарлама. Дәстүрлі бағдарламада мақсатқа жету алгоритмы алдымен берілген және сӛзсіз орындалады, интеллектуалды бағдарламада мақсатқа жету кезінде ағымды жағдайды еске алып алгоритм құрылады.

Кезеңдер ,зерттеу процедурасы:

Дайындық : тақырыпты таңдау , мақсат пен міндеттерді қою,

Зерттеушілік : Интеллектуалды машиналардың басқа қолдану бағыты - білім беру саласы, мысалы компьютер көмегімен оқыту. Кейбір салада оқыту, арнайы жобаланған жағдайда, оқу ақпараттың өте көп қайталау циклдерін орындайды.



Тәжірибелік : алынған ақпаратты талдау жасанды интеллект жобасын талдау,оқиғаларды салыстыру.

Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары

"Әзірше біз бүтіндей қандай есептеуіш процедураларды интеллектуалды деп айта алатынмызды білмейміз. Сол себепті интеллект сөзін әлемде мақсатқа жету үшін қолдандылатын әдістердің есептеуіш бөлігін ғана түсініп жүрміз".

Жұмыстың практикалық қолдану саласы:

Жасанды интеллектің жаңа теориясында: логика, фреймдер, семантикалық желілер, нейрон желілер және т.б. сияқты бірнеше негізгі модель топтарын пайдалынады. Бүгін логикалық модель өзінің тәжірибелік нәтижесі және нақты техникалық құрылғыларға енгізу дәрежесі бойынша орталық орын алып отыр. Модель өзінен-өзі біртекті емес және әртүрлі оншақты теорияларды өзіне қосады

Аннотация

Цель-основная характеристика системы искусственного интеллекта. Отличие системы искусственного интеллекта (интеллектуальная программа) от традиционной – в свойстве целенаправленности. Интеллектуальная программа не имеет алгоритма, имеет только цель и правила достижения этой цели. Искусственный интеллект может сказать, что программа - это программа «Что делать«, а моя традиционная программа – это программа» как делать". В традиционной программе алгоритм достижения цели сначала задается и выполняется без отрыва, в интеллектуальной программе создается алгоритм, запоминающий текущую ситуацию при достижении цели.

Этапы, процедура исследования:

Подготовка: выбор темы, постановка цели и задач

Исследовательская: другое направление применения интеллектуальных машин-образовательная область, например, обучение с помощью компьютера. В некоторых областях обучение, в специально разработанных условиях, выполняет очень много циклов повторения учебной информации.

Практические : анализ полученной информации анализ проекта искусственного интеллекта, сравнение событий. Результаты и итоги работы "Пока мы не знаем, какие вычислительные процедуры можно назвать интеллектуальными. Поэтому мы понимаем слово интеллект только вычислительную часть методов, используемых в мире для достижения целей". Область практического применения работы: В новой теории искусственного интеллекта используется несколько основных групп моделей, таких как: логика, фреймворки, семантические сети, Нейронные сети и т. д. Сегодня логическая модель занимает центральное место по своим практическим результатам и степени внедрения в конкретные технические устройства. Модель сама по себе неоднородна и включает в себя десятки различных теорий.


Annotation

The goal is the main characteristic of an artificial intelligence system. The difference between an artificial intelligence system (intelligent program) and a traditional program is in the property of purposefulness. An intelligent program has no algorithm, only a goal, and there are rules for achieving this goal. You can say that an artificial intelligence program is a "what to do" Program, and my traditional program is a "how to do" Program. In a traditional program, the algorithm for achieving a goal is given first and is implemented without a word, in an intellectual Program, an algorithm is created based on the current situation when achieving a goal.

Stages, research procedure:

Preparation: choosing a topic , setting goals and objectives,

Research: another area of application of intelligent machines is the field of education, such as computer learning. In some areas of learning, in specially designed cases, learning performs a very large number of repetition cycles of information. Practical: analysis of the received information analysis of an artificial intelligence project, compare events

Experimental: analysis of the received information analysis of an artificial intelligence project,comparison of events. Results and results of the work "We do not yet know what computational procedures can be called Intelligent. Therefore, the word intelligence is understood only as a computational part of the methods used to achieve goals in the world." Scope of practical application of the work: The new theory of artificial intelligence uses several basic model groups: logic, frames, semantic networks, neural networks, and so on. Today, the logical model occupies a central place in terms of its experimental results and the degree of implementation in specific technical devices. The model is not homogeneous in itself and includes dozens of different theories

Мазмұны

І. Аннатоция-------------------------------------------------------

ІІ.Кіріспе-------------------------------------------------------------

ІІІ.Зерттеу бөлімі-------------------------------------------------

І тарау: Жасанды интеллектіні қолдану саласы-----------------------------
ІІ тарау : Өндіріс және ауылшаруашылығында. ----------------------------

ІІІ тарау: «Ақылды үй» жобасында. ---------------------------------

ІV тарау: Жа­сан­ды ин­тел­лек­ті­нің адам­зат­тан ай­ыр­ма­шы­лы­ғы:-----------

V тарау : Қорытынды----------------------------------------------------------------

VI тарау: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------------------

КІРІСПЕ

Адам мен машинаның бірлескен қызметі өте актуалды. Компьютер адамға кеңесші болу қажет, жағдайды тез талдап іс-әрекет варианттарын кісіге ұсыну керек. Ал адам келтірілген вариаттардан керегін таңдайды. Қазір жасанды интеллект - шешімді жасау мен қабылдау үшін адамның қызметін күшейтетін, өзін-өзі үйрететін құрал-сайман. Орын ауыстыру, билет сату (яғни тізбекті және дәлдікті орындауы мен дәл нәтижесін алуы қажетті есептер) есептерді шешу үшін формалданған орындаушының басқаруы алгоритмдық пайдаланушы үшін бағдарлама түрде орындалады. Осында пайдаланушының қолында нақты анықталған командалар жүйесі мен орта болады, олар шешілетін есептің және басқарудың сипатына әсер етеді. Бірақ, формалдауға жатпайтын есептерде бар. Осындай есептер типіне эвристикалық есептерді, тиімді басқару есептерді, бейнені айырып тануды, мәтінді машиналық аударуын және т.б-ды жатқызуға болады. Бұл есептер интеллектке жатады, осындай есептердің компьютерлік құралдар көмегімен шешу проблемасы кибернетика бағытының зерттеу ядросын құрастырады, оны жасанды интеллект деп атайды. Жасанды интеллект (ЖИ) – компьютерлік құралдар арқылы жеке ақыл-ой іс-әрекеттерін орындау. ЖИ жеке ғылыми бағыт ретінде XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды (бұл көбінесе, кибернетиканың дамуына тәуелді болатын). Басқару талдау, салыстыру, ақпаратты өңдеу, болжамды жасау, жорамалдың дұрыстығын дәлелдеу (яғни интеллектуалды қызметіне жататын операциялар) негізінде шешімді қабылдаумен байланысты болады. Жасанды интеллект жүйелері – арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке аспектісін ұдайы ӛндіретін техникалық жүйелер. Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары: - роботтехникасы; - сараптамалық жүйелер; - есептерді әмбебап шешушіні жасау; - бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау; - пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогын қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсты жасау. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында интеллектуалды жүйелер дамуының келесі маңызды бағдарлары анық көрінді:


4 1. Шығармашылық үдерістерді еліктейтін жүйелер. Музыкалық шығармаларды жасау, ойын есептерді (шахмат, дойбы, домино) шешу, автоматтандырылған аударма, теоремаларды дәлелдеу, бейнелерді айырып тану, ойлауды еліктеу және т.с.с.

2. Білімдерге негізделген (сараптау жүйесі) ақпараттық жүйелер, яғни жабдықтарды күйге келтіру, тәжірибелі емес пайдаланушыларға кеңес беру, оқыту және т.б.

3. Интеллектуалды ақпараттық жүйелер – заттық салада есептерді шешуге арналған математикалық және алгоритмдық модельдерге негізделген үлкен және ӛте үлкен бағдарламалар. Олардың мүмкіндігі: басқаруды оңайлату және адамның жұмыс кӛлемін азайту үшін пайдаланушымен мағыналы сұхбат жүргізу.

4. Роботтық техника. «Интеллектуалдығы» жағынан бірнеше робот буындарын ажыратады. Бірінші буын – алдын ала бекітілген және өзгермейтін бағдарлама бойынша істейтін робот-манипуляторлар (мысалы, станокқа дайындамаларды әперетін). Екінші буын – бейімделген роботтар. Осындай роботтар әртүрлі датчиктермен (бұрышӛлшеуіштер, тензометрлер, газ талдаушылар және т.б.) жабдықталған. Роботтардың алғашқы екі түрі - өнеркәсіптік роботтар, олар арнайы ортада (зауыт цехында) жұмыс істеуге арналған. Ұқсас проблемалар іздестіру роботтар да пайда болады, бұл ерекше бағдарламалар Ғаламторда құжаттарды индексациялауға арналған.

Ақтау жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Аманұлы Жантөренің

«Жасанды интеллект» тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына

Пікір:

Аманұлы Жантөренің алып отырған тақырыбы қазіргі кезде өзекті әрі қызықты, құпияға толы құбылыс болып табылады. Жалпы алғанда, робототехника жасанды интеллект бір-бірімен байланысты. Осы екі ғылымның интеграциясы, интеллектуалдық роботтарды жасау АИ-нің басқа бағыты деп санауға болады.

Ол бөлек сақталады машина жасау, адам шығармашылығының табиғаты интеллектің табиғатына қарағанда кем зерттелгеніне байланысты. Дегенмен, бұл сала бар, мұнда компьютерлік музыка, әдеби шығармалар (жиі – өлеңдер немесе ертегілер), көркем шығармашылық жазылады.

Аманұлы Жантөренің зерттеу жұмысын жазу барысында көптеген газет-журналдар, ғаламтордан іздеген.Жұмыс жоспар бойынша жазылып ,толық орындалған.Сомен қатар Аманұлы Жантөре көп ізденіп ,жұмысын өз жас ерекшелігіне сай орындай білген.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып ,жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.