Файл: за мерзімді жоспарды тарауы а шебер. Геометриялы салулар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: : 7.4.А Шеңбер. Геометриялық салулар

Мектеп: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, «№1 Майқайың ЖОББМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Серікхан Жансая

Сынып : 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.31

нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;

7.1.1.28

шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;


Сабақтың мақсаты

 

  • нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;




  • шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын түсіну;



  • шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын қолдану;

Бағалау критерийі

  • Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктерін (центр, диаметр, радиус, доға, хорда) анықтамаларын біледі.

  • Циркулдің көмегімен шеңберді салады.

  • шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаттары: Шеңбер, дөңгелек, центр, диаметр, радиус, доға, хорда ұғымдарын қолданып тапсырманы орындай алу және математикалық тілмен жеткізе алады;

Пәндік лексика және терминология

Шеңбер, дөңгелек, центр, диаметр, радиус, доға, хорда

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы ...

Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын ...

Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен ...

Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден ...

Ынтымақтастықты дамыту.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.

Пәнаралық байланыс

Сызу

Алдыңғы білім

Кесінді, нүкте, сәуле, түзу, бұрыш, үшбұрыш

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


І.Ұйымдастыру.

  • Оқушылар мен амандасу, түгендеу;

  • Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару;

  • Ынтымақтастық атмесферасын орнату;

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бүгінгі тақырыпты ашу үшін «Шаттық шеңбері» әдісін қолдананып, психологиялық ахуал туғызу мақсатында оқушылар бір-біріне жақсы тілек айта отырып қолындағы жіпті келесі оқушыға береді. Соңында жіптің ұшын ұстап тұрған оқушыға келгенде, қолдарындағы ұстап тұрған жіп қандай геометриялық фигура екендігін айтады.

Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз шеңберге байланысты болады.

Түрлі-түсті геометриялық фиг уралар арқылы 4 топқа бөлу.




слайд 1



Сабақтың ортасы


Жеке жұмыс

1-тапсырма

Тапсырма әр оқушыға беріледі. «Миға шабуыл» әдісі

Кітаптан оқып, ойланып сәйкестендіреді.



Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп аталады



Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады



Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады



Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады



Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды.

Кері байланыс
Бір- бірін тексеру«+/-» әдісі бойынша.

5 дұрыс жауап




Тамаша!

3-4 дұрыс жауап




Саған кей бір анықтамаларды қайталау керек

1-2 дұрыс жауап




Саған анықтамаларды көбірек қайталау керек

Топпен жұмыс

2-тапсырма

«Джигсо» әдісін қолданып келесі тапсырмаларды орындайды.

а)

Қарбыз екі тең бөлікке бөлінді. Кесілген бөліктегі шеңбердің радиусы 15 см. Қарбыздың диаметрі қандай болып еді?.(1-сурет)



1-сурет

Дескрипторлары:

  • Есептің шартын жазады;

  • есеп шарты бойынша циркулдің көмегімен сызба жасайды;

  • Радиусы арқылы диаметрді табады;

  • Көбейтуді орындайды;

  • Жауадын жазады;

ә)

К иіз үй –көшпенділердің ежелден келе жатқан тұрғынүйі (18.6 б-сурет). Өлшемдері бойынша киіз үйлер әртүрлі болады. Егер диаметрі 5м болатын кйіз үй керегесінің радиусын табыңыз.

Дескрипторлары:

  • есептің шартын жазады;

  • есеп шарты бойынша циркулдің көмегімен сызба жасайды;

  • диаметрі арқылы радиусты табады;

  • бөлуді орындайды;

  • жауадын жазады;

б)

Егер киіз үй табанының радиусы 2,5м болса, диаметрі қандай?. (18.6 в-сурет)

Дескрипторлары:

  • Есептің шартын жазады

  • есеп шарты бойынша циркулдің көмегімен сызба жасайды

  • Радиусы арқылы диаметрді табады

  • Көбейтуді орындайды

  • Жауадын жазады


в)


Шеңбердің АО хордасы оның ОА радиусына тең

(18.11-сурет). АОВ бұрышы неге тең.




18.11-сурет


Дескрипторлары:

  • есептің шартын жазады

  • тең қабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін қолданады

  • жауабын жазады


3-тапсырма «Ойлан – Жұптас – Бөліс» әдісі
Центрі О нүктесі, радиусы 8 см болатын шеңберде AB диаметріне перпендикуляр СD хордасы жүргізілген. Егер ∠COA= 300 екені белгілі болса, CD хордасының ұзындығын табыңыз.

Дескрипторлары:

  • есеп шарты бойынша сызба жасайды;

  • бұрыш түрін анықтайды;

  • СD хорда ұзындығының жартысын анықтайды;

  • есеп шығаруда шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теореманы қолданады

  • хорданың ұзындығын табады

Кері байланыс

Есептерді әрбір оқушы жеке шығару арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

«Бағдаршам» әдісі

Жасыл-мақсатқа қол жеткізді, сенімді алға жүреді.

Сары -бішама алға жылжу бар, алайда сенімсіздік бар кеңес көмек сұрайды.

Қызыл- жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол тұралы мұғалімге мәлімдейді.

Таратпа

Слайд 2

Оқулықпен жұмыс

Алматы:

Мектеп,

2017.-144б

№18.5

№18.6

№18.8

№18.14

Слайд 3



Сабақтың соңы


Үй жұмысы



  1. Киіз үй –көшпенділердің ежелден келе жатқан тұрғынүйі (18.6 а, в -сурет). Өлшемдері бойынша киіз үйлер әртүрлі болады. Егер диаметрі 5м болатын ким болатын кйіз үй керегесінің радиусын табыңыз.

Дескрипторлары:

  • есептің шартын жазады;

  • есеп шарты бойынша циркулдің көмегімен сызба жасайды;

  • диаметрі арқылы радиусты табады;

  • бөлуді орындайды;

  • жауадын жазады;

  1. Егер киіз үй табанының радиусы 2,5м болса, диаметрі қандай?. (18.8 в-сурет)

Дескрипторлары:

  • Есептің шартын жазады

  • есеп шарты бойынша циркулдің көмегімен сызба жасайды

  • Радиусы арқылы диаметрді табады

  • Көбейтуді орындайды

  • Жауадын жазады


Рефлексия

Оқушы өз аты жөнін жазады, баспалдақта қай жерде тұрғанын белгілейді



Оқулықпен жұмыс

Алматы:

Мектеп,

2017.-144б

№18.6(а, в)
18.8(ә, б)



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Джигсо» әдісі қолданылады.

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бір- бірін тексеру«+/-» әдісі бойынша.

5 дұрыс жауап




Тамаша!

3-4 дұрыс жауап




Саған кей бір анықтамаларды қайталау керек

1-2 дұрыс жауап




Саған анықтамаларды көбірек қайталау керек


«Бағдаршам» әдісі

Жасыл-мақсатқа қол жеткізді, сенімді алға жүреді.

Сары -бішама алға жылжу бар, алайда сенімсіздік бар кеңес көмек сұрайды.

Қызыл- жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол тұралы мұғалімге мәлімдейді.




Сабақтың ортасында сергіту сәті өткізіледі.