Файл: 15 жалпы білім беретін мектепкмм ыса мерзімді (саба) жоспары Сабаты таырыбы Сызыты алгоритмдерді программалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жаңаөзен қаласы бойынша Білім бөлімінің
«№ 15 жалпы білім беретін мектеп»КММ

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау

Бөлім:

Python тілінде программалау

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Есполаева Гүлжазира Суеубердиевна

Күні:

29.07.2022ж

Сынып: 6

Қатысушылар саны:12

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

3.8.Сызықтық алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.3.2.1.Python тіліндегі сызықтық алгоритмді жазу

Сабақтың мақсаты

Python бағдарламалау тілінде сызықтық алгоритмдерді пайдаланып, бағдарлама құрайды

Бағалау критерийі

Сызықтық алгоритмде бағдарлама құру қадамдарын түсінеді.

Python бағдарламалау тілінде сызықтық алгоритмді қолданады.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін (есту қабілеті нашар оқушы үшін) 1-топ

Python бағдарламалау тілінде сызықтық алгоритмдерді пайдаланып, бағдарлама құрайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Әдіс-тәсілдер тапсырма

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы
Ұйымдас

тыру кезеңі

3 минут


Оқушылармен амандасып, түгендеу.

Сыныпқа жағымды ахуал тудыру үшін «Аффирмация» әдісін қолданамын әр оқушы мұғалім ұсынған қобдишадан қағаз суырады. Қағазда афирмация жазылған, оқушы алған қағаздағы сөзді дауыстап оқиды.

Мысалы, Мен жетістіктің адамымын, Мені сәттілік күтіп тұр,Мен үшін мақтаныш-бұл өзім т.с.с


Топқа біріктіру: оқушыларды онлайн генератор арқылы 2 топқа біріктіріледі


Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға жетон беру арқылы бағаланады. Сабақ соңында әр оқушының жетоны саналады

Интербелсенді тақта

қобдиша, қима

қағаздары




http://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

Алдыңғы сабақта өткен Санды енгізу және шығару тақырыбы бойынша Liveworksheets.com сайтында сәйкестендіру тапсырмасын орындайды

Дескриптор:

-Санды енгізу функциясын көрсетеді;

-Санды шығару функциясын көрсетеді;

-Жолды тізімге түрлендіру функциясын көрсетеді;

-Сандарды бүтін сандарға түрлендіру функциясын көрсетеді;

-Айнымалылардың арасын ажырату фунгкциясын көрсетеді


https://www.liveworksheets.com/he3132694eq

Жаңа сабақ
10 минут

«Миға шабуыл» әдісі

Daryn.online платформасынан тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіледі. Оқушылардың қаншалықты түсінгенін тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  1. Алгоритмнің қандай түрлері бар?

  2. Сызықтық алгоритм деген не?

  3. Сызықтық алгоритм құрудың қандай қадамдары бар?

  4. Сызықтық программаның құрылымы қандай?

Оқушылардың сұраққа жауабын тыңдай отырып, түсінбеген жеріне мұғалім мағлұмат береді



https://n.daryn.online/lesson/8376-syzyqtyq-algorytmderdi-programmalau


Сабақтың ортасы

5 минут


7 минут

Тапсырма_1_Топтық_жұмыс_«Орнын_тап!»'>Тапсырма 1

Топтық жұмыс «Орнын тап!»

Оқушыларға блок-сызба қиынды түрінде беріледі, әрбір блокқа тиісті командалар жазылады. Оқушылар блок-сызба қиындысын дұрыс ретпен орналастырып, программалау тілінде жазады

1-топ а және в нақты сандары берілген, осы сандардың қосындысы мен көбейтіндісін табыңыз

2-топ c және d нақты сандары берілген, осы сандардың айырмасы мен бөліндісін табыңыз



Дескриптор:


  • Сызықтық алгоритм

программасының құрылымын түсінеді;

  • Арифметикалық амалдарды

қолданып, сызықтық алгоритмде программа

жазады.



Интербелсенді тақта
2-слайд

Тапсырма 2

Жұптық жұмыс

Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма. Ерекше білімді қажет ететін оқушыны, дарынды оқушымен жұптастырамын.

Мәнмәтін

Арманның әкесі қала орталығынан 2 қабатты үй салады.Үйдің 2-қабатында Арманның бөлмесі орналасқан. Бөлме жарық, әрі кең. Арман бөлмеге жиһаз таңдау үшін, бөлменің көлемін білмейді

Тапсырма

Арманның бөлмесінің периметрі мен ауданын есептейтін сызықтық алгоритм программасын құрыңыз.




Дескриптор


  • Бөлменің периметр мен ауданын анықтайды;

  • Формуланы қолданады, программа құрайды






3-слайд


10минут

Тапсырма 3

Жеке жұмыс/Практикалық жұмыс

А деңгейі «Қатесін тап!»

Төмендегі программа кодының синтаксисіндегі қателерді анықтап, программаның дұрыс нұсқасын компьютерге енгізіп, нәтижені шығарыңыздар

a=int(input())

b= int(input())

c= int(input())

v:=a*bc

s=2(a*b+b*c+ac)

print(v,,s)
В деңгейі

Өрнектің мәнін табатын программа құрыңыз
Y= 2x+
Ерекше білімді қажет ететін оқушыға арналған тапсырма/есту қабілеті нашар оқушы/

Екі санның қосыныдысын есептейтін программа құрыңыз





Дескриптор:

  • Программадағы қатені анықтайды;

  • Компьютерге программаны енгізіп, нәтижесін табады.


Дескриптор:

-Математикалық өрнекті python тіліне аударады;

- Программа құрып, нәтижесін табады.

Дескриптор:

  • Сызықтық алгоритмде программа құрайды



Компьютер/

Ноутбук
4-слайд



Сабақтың соңы
3 минут

«Информатикалық диктант» Мұғалім төмендегі анықтамаларды оқиды , көп нүктенің орнына тиісті сөздерді оқушылар айтады
1. Алгоритм .............., ..............., .............болып бөлінеді.

2. Олардың ішіндегі ең қарапайымы ............................. алгоритм деп аталады.

3 ........................ алгоритм командаларын бір реттен тізбекпен орындай отырып, нәтиже аламыз.

  1. .............. атау беріледі.

  2. Құрастырған программаның нәтижесін алу үшін деректердің түрлі мәндерін енгізіп, программаны ...............




Дескриптор

  1. Алгоритм түрлерін

айтады;

  1. Қарапайым алгоритм түрін айтады;

  2. Сызықтық алгоритм анықтамасын айтады;

  3. Сызықтық құрылымдағы программа қадамдарын атайды.


Оқушылардың жинаған жетон санын анықтап, балл қойылады




Интербелсенді тақта

Үй тапсырма

сы

Оқулықтағы 3.8 Сызықтық алгоритмдерді программалау тақырыбы, «Үй тапсырмасы» тапсырмасы





Оқулық


Рефлексия
2 минут


«Сауалнама рефлексиясы»


Сұрақ

Сауалнама


Мен сабақта ... жұмыс жасадым

Белсенді /Селқос




Сабақтағы өзімнің жұмысыма...

Ризамын /Риза емеспін




Сабақ мен үшін ...... болып көрінді

Қысқа / ұзақ


Мен сабақта ...

Шаршадым / шаршамадым




Сабақ материалы мен үшін ....

Пайдалы / пайдасыз




Үй тапсырмасы мен үшін .....

Оңай / қиын







Интербелсенді тақта
Карточка
5-слайд



Қосымша

1 -слайд 2-слайд



3 -слайд 4-слайд

5-слайд